Ғылыми аппараттың компоненттері

Ғылыми аппарат бірнеше компоненттерден тұрады.

Кіріспе зерттеудін маңыздылығын, мақсатын, міндеттерін, көлемін көрсетеді.

Зерттеудің маңыздылығы бірнеше факторлармен анықталады:

—      зерттелетін мәселеге байланысты теориялық ұғымдарды толықтыру үшін керектігі;

—      сол мәселе жайында жаңалықтардың керектігі;

—      зерттеудегі жаңа әдістемелер керектігі;

—   зерттелетін мәселенің іс жүзінде керектігі.
Зерттеу объектісі — мәселелік жағдай туғызатын белгілі бір процесс немесе құбылыс.

Зерттеу пәні зерттелетін объектінің шекарасына кіреді. Ол объектінің қасиеті.

Зерттеудің мақсаты— зерттеу кезінде пайда болуға тиіс нәтиже.

Кейбір жиі қойылатын мақсаттар:

—      кейбір тексерілмеген, әрі белгісіз аның зерттелмеген құбылыстарды анықтап сипаттама беру;

—      құбылыстардың арасындағы байланысты анықтау;

—      құбылыстың жаңа табиғатын ашу;

—      жалпы заңдылықты қорытындылап анықтау;

—      құбылыстардың жүйесін құру;

—      әдістемені белгілеу;

—      әдістемені адаптациялау.

Гипотеза (болжам айту) — құбылыстың байланысы немесе себептері негізінде қорытынды жасалынады, бірақ бұл қорытындыларды толық дәлелді деп есептеуге келмейді. Гипотезаның формуласы — «егер, онда».

Зерттеудіңміндеті— болжанған гипотезаға байланысты мақсатқа жету үшін керекті жолдармен, іс-әрекеттерді таңдап, белгілеу. Зерттеудін мақсатына және^пін оны бірнеше мақсаттарға бөліп жұмысты соны орындауға бейімдеу.

Зерттеудің негізгі әдістемесі — қандай әдістемелерді қолдану арқылы зерттеуді жүргізуге болатындығын көрсету.

Зерттеудің кезеңдері — зерттеушінің жұмыс жүргізу кезеңдері белгіленеді.

Зерттеудің құрылымы — зерттеуші қолданылған материалдарды, бөлімдерін, кестелерін, қосымша мағлұматтарды оның санын көрсетеді.

Ғылыми жаңалықбасқалармен ашылмаған қандай іс істелгенін және одан қандай нәтиже алынғанын көрсету.

Іс жүзіндегі маңызы — алынған ұсыныстардың қандай пайдасы бар екендігі және оны оқу-тәрбие жұмысында қолдануға болатындығы.