Табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есеп

Табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есеп туралы қазақша реферат

       “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қаржылық есептілігіне талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойындағы барлық табыс сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал қозғалысы, есепті кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе зиян әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді. Батыс тәжірибесінде, балансты есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп қарастыратын біздің елге қарағанда, табыс және зиян туралы есепке біршама басымдылық берілуі кездейсоқ емес. Атап айтқанда, дәл осы үлгі американдық, ұлыбритандық және жаңазеландиялық фирмалардың жылдық есебінде бірінші болып келтіріледі. Мұның түп тамырын психологиялық тұрғысынан іздеген жөн, табыс батыс фирмалары қызметіндегі маңызды көрсеткіш болып табылады, олар сондықтан да оны ең алдымен сыртқы пайдаланушыларға әйгілеп көрсетуге тырысады.

Табыстар дегеніміз – акционерлік капитал қатысушыларының салымымен байланысты емес меншікті капиталдың көбеюімен көрсетілетін, активтердің қосылуы (кірісі) немесе көбеюі не болмаса міндеттемелердің азаюы нысанында пайда болатын экономикалық пайданың өсуі туындайтын болса, онда қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есепте табыстар есепке алынады.

Шығыстар дегеніміз – акционерлік капиталдың қатысушылары арасында бөліп таратумен байланысты емес меншікті капиталдың азаюына апарушы активтердің шығып кетуі не болмаса таусылуы немесе міндеттемелердің көбеюі нысанында пайда болатын экономикалық пайданың есепті кезең ішіндегі азаюы. Егер сенімді түрде өлшенуі мүмкін активтердің азаюымен немесе міндеттемелердің көбеюімен байланысты болашақ экономикалық пайдада азаю пайда болса, онда қаржы- шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есепте шығыстар ретінде есепке алынады.

“Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті дайындап тапсыру” №30 стандарттың ішіне “Табыстар мен шығындар жөніндегі қорытынды есеп” кіреді. Онда заңды тұлғаларды рет-ретімен құру және ұсыну мақсатында қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі есептің баптарын жіктеу және есепке алудың тәртібі көрсетіледі, бұл өз кезегінде заңды тұлғаның әр мезгілдегі есептік кезеңдердегі қаржылық есебі мен түрлі заңды тұлғалардың қаржы есептерін салыстыруға мүмкіндік береді.

БЕХС-қа (IAS) көшу үшін ҚР-сының Қаржы Министірінің 2005 жылғы 22 желтоқсанда  №427 бұйрығымен бекітілген.

БЕХС (IAS) сәйкес табыстар мен шығыстар жөніндегі есеп төмендегі 2.2. кестеде келтірілген.

Кесте 2.2

Табыстар мен шығыстар женіндегі қорытынды есеп

Көрсеткіштердің атауы Жол коды Есептік кезең үшін Өткен кезең үшін
Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуден түскен табыс  

010

 

168741520

 

11922485,2

Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны  

020

 

136639886

 

11083726,5

Жалпы пайда (010-020) 030 32101634,6 838758,77
Қаржыландырудан түскен табыстар 040      ——      ——
Өзге де кірістер 050 1260,19      ——
Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуге арналған шығыстар 060      ——      ——
Әкімшілік шығыстар 070 29296676,9 894458,79
Қаржыландыруға арналған шығыстар 080 2413775     ——
Өзге де шығыстар 090     ——     ——
Үлес қосу әдісімен есептелетін ұйымдардың пайдасының /залалының үлесі 100

 

——

 

——

Жалғасатын қызмет кезіндегі пайда (залал) (030+040+050-060-070-080-090+/-100) 110  

 

392442,9

 

 

-55700,02

Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал) 120

——

 

——

Салық салынғанға дейінгі пайда 110+/-120 130 392442,9 -55700,02
Корпарациялық табыс салығы бойынша шығыстар 140  

117732,87

 

——

Аздық үлесті шегергенге дейінгі кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (130-140) 150  

274710,03

 

-55700,02

Аздық үлес 160      ——      ——
Кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (150-160) 170  

392442,9

 

-55700,02

Акцияға арналған пайда 180      ——      ——

Табыстар активтердің көбеюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар – активтердің азаюын немесе есепті кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді.