Бухгалтерлік баланс — қаржылық талдаудың ақпараттық негізі ретінде

Бухгалтерлік баланс қаржылық талдаудың ақпараттық негізі ретінде туралы қазақша реферат

       Зерттеу жүргізілетін кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.

ҚР  “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы” заңына сәйкес  қаржылық есеп берунысандарына мыналар жатады:

  1.  бухгалтерлік баланс;
  2.  табыстар мен шығыстар жөніндегі есептілік;
  3.  ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептілік;
  4.  меншікті капиталдағы өзгерістер жөніндегі есептілік.

       Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс

Субъектілерге қаржылық есептілікті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген үш шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:

1)         зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айып пұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу үшін жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;

2)         қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;

3)         активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.

«Қаржылық есептің мақсаты – бугалтерлік есепті» №30 «Қаржылық есептілікті дайындап тапсыру» деген стандартында көрсетілгендей, бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз етуі болып табылады [12].

Қаржылық есептілік негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есептілікті қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына  ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есептілік шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналады.

Кәсіпорынның қаржылық есептілігін талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

Баланс есепті жылдыңбасындағы және соңындағыкәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.

Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдайды; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрлымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрлымын,сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.

1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келеді. Активтер, баланс кәсіпорынның есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық  қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлкі құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке  элементтер мен қортындыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.

Баланстың актив бөлімінің құрлымына сай ерекшелік – бұл яғни баланс бөлімдері мен баптрының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы – яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып табылады, олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.

Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімнің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылады: төлем мерзімінің жеделділігі аз бағыттарынан жеделділігі көп бағыттаға дейін.

Жоғары оқу орындарына экономикалық мамандық алатын студенттерге, бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының «Бугалтерлік талдау» оқулығында келесідей анықтама берілген: «Баланс – бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады. Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді (немесе активтер – бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі) пассивтер – бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс [13].

Ағылшын ғалымдары шығарған «Бухгалтерлік іске кіріспе» деген оқу құралында былай жазылған: Баланс – бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие болады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс (14).

Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды:

«Активтер – бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.

Пассив – бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорынресурстарының шығынына (сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.

Капитал – бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты».

Баланс бухгалтерлік есептің «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» №30 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады. Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауға және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдаудға қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:

1)         қысқа мерзімді активтер;

2)         ұзақ мерзімді активтер;

3)         қысқа мерзімді акитивтер;

4)         ұзақ мерзімді актив;

5)         меншікті капитал.

Бугалтерлік Есептің Халықаралық Стандартына (БЕХС) көшуіне байлнысты Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы №427 бұйрығымен бекіткен. Мұндағы жылдық баланс өзгеріске ұшыраған.

                                                                                                                                                      Кесте 2.1.

Активтер

Жол коды Есептік кезең үшін Өткен кезең үшін
                              1    2       3        4
 І. Қысқа мерзімді активтер      
Ақша қаражаты және оның эквиваленттері  010 150321,98 10654293,4
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар  011    
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек  012 7569543,4 63584739,5
Қорлар  013 6965439,3 21277952,5
Ағымдағы салықтық активтер  014    
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер  015    
Өзге де қысқа мерзімді активтер  016    
Қысқа мерзімді активтердің жиыны  100 14685304 95516985,6
ІІ. Ұзақ мерзімді активтер      
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар  020    
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек  021    
Үлес қосу әдісімен есептелінетін инвестициялар  

022

   
Инвестициялық жылжымайтын мүлік  023    
Негізгі құралдар  024      —— 1322604,5
Биологиялық активтер  025    
Барлау және бағалау активтері  026    
Материалдық емес активтер  027 55344,2 41381,9
Кейінге қалдырылған салықтық активтер  028    
Өзге де ұзақ мерзімді активтер  029    
Ұзақ мерзімді активтердің жиыны  200 55344,2 1363986,4
                                                                                              Кесте 2.1. жалғасы
                                   1   2        3       4
Теңгерім (100-жол+200-жол)   14740648 96880972,7
                    Пассивтер      
ІІІ. Қысқа мерзімді міндеттемелер  030    
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер  031    
Салықтар бойынша міндеттемелер  032 23707 158508,74
Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер  033  

 

 
Қысқа мерзімді кредиторлық берешек  034 640875,26 71491099,16
Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері  035    
Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер  036 4104660,7 1401406
Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиыны  300 4769248,9 73051013,9
ІV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер      
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер  040 9930000 23404436
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек  041    
Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері  042    
Кейінге қалтырылған салықтық міндеттемелер  043    
Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер  044    
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің жиыны  400 9930000 23404436
V. Каптал      
Шығарылған капитал  050 97100 97100
Эмиссиялық кіріс  051    
Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар  052    
Резервтер  053    
Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян)  054 -55700,02 996742,88
Аздық үлесі  055    
Капитал жиыны  500 41399,98 433842,88
Баланс (300-жол + 400-жол + 500-жол)   14740648 96880972,7

 Баланс активтің өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі жоғары активтерден өтімділігі төмен активтере қарай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімнің жеделділігі тез арада құтылуынан басталады.

Зерттеу жүргізілген «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестікте баланс активі мен пассивін құру принциптері бұрынғы қалпында отыр.  №1 форма 1-ші тіркемеде көрсетілген. Яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі төмен активтерден өтімділігі жоғары активтерге қарай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдігі азынан көбіне қарай орналасқан.