Сыртқы экономикалық қызмет туралы қазақша реферат
2006 жылғы облыстың сыртқы сауда айналымы 5452,2 млн. АҚШ дол. құрады, оның ішінде экспорт – 4223,8 млн. АҚШ долл. импорт – 1228, 3 млн. АҚШ дол., оңтайлы сальдо – 2995, 5 млн. АҚШ долл.
млн.АҚШ дол.
2005 жылға есеп беру |
өткен жылға % |
2006 жылға есеп беру |
өткен жылға % |
2007 жылға бағалау |
өткен жылға % |
|
Сыртқы сауда айналымы |
4176,4 |
110,0 |
5452,2 |
130,5 |
6400,0 |
117,3 |
Экспорт |
2975,7 |
108,0 |
4223,8 |
141,9 |
5350,0 |
126,6 |
Импорт |
1200,0 |
115,2 |
1228,3 |
102,3 |
1050,0 |
85,4 |
2006 жылы облыстың сыртқы сауда айналымы 2005 жылмен салыстырғанда , 30,5 пайызға, экспорт – 41,9 пайызға, импорт – 2,3 пайызға артты.
2006 жылы Қарағанды облысының шаруашылық субъектілері 143 әлем мемлекеттерімен сыртқы сауда байланыстары жөнге қойылды және кеңейтілді, оның ішінде ТМД – 23, Европамен – 37, Азиямен -28, Америкамен -29, Африкамен -19, Австарлиямен -7. Біздің облыстың өнімдері әлемнің 97 еліне қажетті, 116 ел өз өнімдерін біздің аймаққа жеткізуді іске асырды.
Экспорттың негізгі тұтынушылары болып Қытай, Италия, Ресей, Иран, Өзбекстан, Ұлыбритания, Корея Республикасы, Түркия табылады.
Облыстың ірі экспортқа бағытталған кәсіпорындары болып және олардың негізгі тауарлары — «Миттал Стил Теміртау» АҚ қара металл прокаты; «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС – тазартылған мысы табылады.
Экспорт көлемінің өсуі негізінен, мыс көлемін экспортқа – 69,6 пайызға арттыру табылады, осылайша, 2006 жылы қара металл прокаты – 2,9 млн. тонна 1,1 млрд. АҚШ дол. экспортқа шығарылды, бұл облыстың экспорт шығару көлемінің 22,0 пайызын құрайды. Бұл жағдайда орташа баға тоннасына 370,0 АҚШ долл. құрайды. Қара металды жеткізуші болып «Миттал Стил Теміртау» АҚ табылады.
Шет елге тазартылған мыс жеткізу 2,4 млрд. АҚШ долл. 338,7 мың тоннаны құрады, бұл облыстың экспортқа шығару көлемінің 48,7 пайызын құрайды. бұл жағдайда орташа баға тоннасына 6939,4 АҚШ долл. құрады.Облыстағы тазартылған мыс жеткізуші болып «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС табылады.
2007 жылғы бағалау бойынша сыртқы сауда айналымы 6,4 млрд. АҚШ долл. құрады (2006 жылға 105,9 пайыз), оның ішінде экспорт – 5,4 млрд. АҚШ (2006 жылға 110,9 пайыз), импорт – 1,1 млр. АҚШ долл. (2006 жылға 86,2 пайыз).
Экспорт көрсеткіштерінің өсуі қара металл, көмір, мыс, цинк, өңделмеген немесе жартылай өңделген күміс пен алтын, ферросплавтардың артуы есеібінен болады.
Экспорт бойынша болжамданған мәліметтер талдауы 2007 жылдан бастап 2009 жылдар бойынша экспортқа шығатын тауарлардың негізгі түрлері болып мыналар қалатынына қорытынды жасауға ықпал етеді:
— «Миттал Стил Теміртау» АҚ – қара металл прокатын экспортқа 2007 жылы — 1,8 млрд. АҚШ долл. арттыратын болады.
— Тазартылған мыс пен ерітінді – жыл сайынғы экспортқа көлемі 1,9 млрд. АҚШ долл. құрайды, бұл түрлі түсті металдың нарық әлемінде өсуімен; «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Лондонның қаржылық биржасында тіркелуімен түсіндіріледі. Бұл корпорацияның өз өнімдерін өздерінің ешкімнің көмегінсіз жоғары құнмен сатуына ықпал етеді.
— тас көмір мен лигнит – 2007 жылы экспортқа 102,0 млн. АҚШ долл. құрайды. Негізгі экспортер-кәсіпорындар болып «Миттал Стил Теміртау» ААҚ КД , «Шұбар көл» ААҚ, «МУГОТЕКС» ЖАҚ табылады.
— «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС — өңделмеген немесе жартылай өңделген күміс, алтын шығаруды жоспарлауда, бұл күмісті экспортқа шығу көлемі жылына 81,3 млн. АҚШ долл. және алтын жылына 56,2 млн. АҚШ долл. құрайды деген сөз.
— металды цинк – тауары 2003 жылға дейін шығарылмады десе де болады. Цинк зауытын іске қосуға байланысты металды цинк 2007 жылы — 197,6 млн. АҚШ долл. құрайды