Әуе көлігі

Әуе көлігі туралы қазақша реферат

Қарағанды облысының аумағында 3 аэропорт орналасқан: Қарағанды қаласында «Сарыарқа» аэропорты, Жезқазған қаласында – «Жезқазған-Эйр» Авиакомпаниясы» АҚ, Балқаш қаласында  «Жезқазған -Эйр»  Авиакомпаниясы»  АҚ филиалы Балқаш аэропорты.

Инвестиция тарту және аэропорт пен аэропорт шаруашылығын әрі қарай дамыту үшін 2005 жылдың 15 қарашасында  «Сарыарқа» Аэропорты» АҚ  акциясын 100 пайыз мемлекеттік пакетпен сату бойынша инвестициялық тендер болды. Тендер қорытындысы бойынша акция пакетері «Sky Servis» берілді.

Қарағанды қаласының  «Сарыарқа» аэрофорты қызметінің негізгі саласы Қазақстан Республикасы арқылы транзитті жүк тасымалдауды атқаратын әуе судаларының техникалық жағдайын қамтамасыз ету, сонымен қатар жолаушылар тасымалдау  болып табылады.

Жезқазған мен Балқаш қаласының аэрофорттары «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сенім басқармасына берілген.

2005 жылы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС инвестициялық жоспарларына сәйкес Жезқазған қаласында жасанды ұшу-қону жолағына және халықаралық авиарейстерге қызмет көрсету үшін аэровокзалды қайта жөндеуге жалпы сомасы 313 млн. теңге 660 мың теңгеге күрделі жөндеу  жүргізілген.

2009-2010 жылдарға арналған республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне Балқаш қаласының ұшу-қону жолағы мен аэровокзал кешенін қайта жөндеуді енгізу жоспарлануда.

Телекоммуникация мен байланысты дамыту

Облыстағы телекоммуникация жүйесінің ағымдағы жағдайын келесі маңызды сандармен сипаттауға болады:

—         телефон станцияларының саны 293 АТС құрайды, оның ішінде сандықтары;

—         станцияның жалпы монтирорлау сыйымдылығы 315 943 номерді құрайды, оның ішінде сандығы 240 426 номерлер немесе 76 пайыз;

—         станцияның  әрекет ететін жалпы сыйымдылығы 302 869 номерді құрайды, оның ішінде сандық 228 938 номер немесе  жалпы АТС  жөндеу жасалған сыйымдылығы  95,8 пайыз  және сандық бойынша АТС 95,2 пайыз;

—          негізгі телефон аппараттарының саны  301 621 құрайды, оның ішінде ГТС – 275 468, СТС – 26 153;

—         қойылған негізгі телефон аппаратарының саны  23 141 құрайды, оның ішінде ГТС – 20 172, СТС – 2969;

—         негізгі телефон аппараттарының таза өсімі 18 496 құрайды, оның ішінде ГТС – 16 261, СТС – 2 235;

—         облыс бойынша телефон тығыздығы  100 тұрғынға 21,7 телефонды құрайды, оның ішінде ГТС – 24,2, СТС – 10,4.

2005,2006 жылдары телекоммуникация жүйесін дамыту мен модернизациялауға акцент қойылған. АТС модернизациялау Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Шахтинск  қалаларында  жүргізілді.

NGN мультисервисті қол жетуді пайдаланумен жаңа түрдегі жүйе құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Монтаж бойынша жұмыстар жүргізілді және   IP/MPLS мәліметтерін беру жүйесінің жабдықтарына тестілік байқау жүргізілуде.  ADSL порттарына монтаж жүргізілді: Қарағанды қаласында – 6048, Балқаш қаласында – 864, Жезқазған қаласында – 576, Теміртау қаласында – 1104.

Осакаров ауданындағы Молодежный кентінде, Нұра ауданындағы Киевка кентінде, Шет ауданындағы Ағадыр кентінде, Бұқар жырау ауданындағы Ғ.Мұстафин кентінде АТС сатып алу және жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бұқар жырау ауданындағы Доскей ауылы, Сарлық, Кеңгір ауылдары, Ұлытау ауданының Талап ауылы  бағытында  аудан, село  орталықтары учаскелерінде қосу линиялары сандықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Апатты жағдайдағы  ғимараттардан кету мақсатында 12 селода селолық телефон станциялары контейлерін орналастыру мен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.