Сұрау есімдігі туралы қазақша реферат
Сілтеу есімдіктеріне тілімізде сұрау мағынасындағы негізгі сөздер болып табылады: кім? не? неше? Қай? қайсы? т.б. Сұрау есімдіктерінің грамматикалық ерекшеліктері әр алуан болып келеді. Мысалы: нешеу? нешінші? сұрау есімдіктері сан есім жасайтын жұрнақтар арқылы жасалған; қайсы? есімдігі қазіргі уақытта бөлінбегенімен, негізінен – ы тәуелдік жалғаудың үшінші жағының көнеленуі нәтижесінде жасалған, қайдан? шығыс, қайда? жатыс септіктерінің көнеленетін жалғауынан туған есімдіктер. Ал, қандай? Қанша? Қайсы? қалай? қайдағы? Қашан? қашаннан? Қашанғы? Т.б. сұрау есімдіктерінің түбірі қа, қан, қай секілді төркіндес болып келеді де, қалған сөз бөлшектері түрлі қосымшалардың көнеленіп барып қосылуынан жасалынған сұрау есімдіктері болып есептелінеді.
Сол секілді морфологиялық түрлену жағынан сұрау есімдіктері ішінде кім? не? қайсы? нешеу? Септеледі, тәуелденеді, жіктеледі әрі көптелсе, басқалары тәуелденбейді. Сұрау есімдіктері ішінде кім? не? неше? Сөздері ғана көптеледі. Ал, кім? не? қандай? қанша? қалай? есімдіктері жіктік формада қолдана береді.
Кейде нәрсені нақты анықтауда сұрау есімдіктері қосарланып та қолданыла береді: Бұл жерге кім-кім келді? Сұрау есімдіктері әлде, әр, еш сөздерімен біріксе: ешқандай, ешкім, әрқалай, әлдеқашан, әрқалай, әрқашан онда басқа категорияға ауысады.
Ал, кейбір кезде стильдік қолданысына орай сұрау есімдіктері сұрау мағынасынан айырылып, тек эмоциялық мағынада жұмсалуы мүмкін: кімді сөз етсең, сол келеді (мәтел).
Синтаксистік қызметі жағынан сұрау есімдіктері септеліп, көптеліп, тәуелденіп, жіктелетіндіктен барлық сөйлем мүшесі бола алады, дегенмен де негізінен көпшілігінен сұрау есімдіктері баяндауышқа қатысты болып келеді.