Спарта мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаты туралы қазақша реферат
Спартаның сыртқы саясаты да қатар жүрді. Өзіне көрші Коринф, Сикион, Мегары деген полистарды бағындырып алды. Бірақ Спартаның нарық пен мәдениеті басқа мемлекеттерден қала бастады. Өйткені, сыртқы елдер оған қырғи-қабақпен қарап, сенімсіздік білдіріп отырды. Осындай саясат салдарынан Спарта саяси реакцияның ошағына айналды. Спартаның табы-«спартандар» тең адам қауымы дегенді құрды. Бұл рулық қоғамнан таптық қоғамға өтетін кезеңге тән өскери демократияның қалдығы еді.
Спартандар әскери іспен шұғылданды. Тек осы ғана спартандарға лайықты іс деп саналатын. Күшті де мықты жауынгерлер тәрбиелеу үшін Спартада арнаулы тәрбие жүйесі болатын. Әрбір жаңа туған баланы Спартаның жоғарғы мекемесі-герусияға, яғни, ақсақалдар кеңесіне апаратын. Мұнда арнаулы комиссия нәрестені өмір сүруге қалдыру керек пе, не оны өлтіру керек пе деген мәселені шешетін.
Илоттар. Спарта мемлекетінің ішкі саясаты илоттарды бағындыруға бағытталды. Илоттардың құқығы болған жоқ. Спартандық илотты өлтіре алатын. Жылына бір рет Спартада «криптия» күні өткізілетін. Жас спартандықтар түнде жиналып, ешкім танымас үшін маска және ұзын жамылғыштар киіп, илоттардың селоларына аттанатын. Кездескен илотты жабылып өлтіретін. Спартандықтар ең жас және күшті илоттарды өлтіруге тырысатын. Өлтіруді үйрену үшін жас спартандықтар илоттарға су қосылмағаи арақ беретін еді. Олар мас болып, бұзық өлең айтып, жаман би билеп, бұзықтық көрсететін. Спартандықтар илоттардан жиіркену сезімінде тәрбиеленді, олар илоттарды қатты жек көретін еді. Илоттар ең қиын да ауыр жұмыстарды істейтін. Олар Спартаның басқа тұрғындарынан ерекшелену үшін айрықша киініп, иттің терісінен тігілген құлақшын киетін.
Әскерде илоттар қосымша жұмыстар атқаратын (өлген кісілерді жерлейтін, тосқауылға тұратын, илоттар ешқандай қылмыс істемесе де, олар өздерінің құл екенін ұмытпасын деп спартандықтар оларды таяқпен ұратын).
Адамгершілікке сыймайтын мұндай қатынастарға илоттар көтерілістермен жауап беріп отырды.
Пэриэктер. Спартаның жер учаскелерінің көбі пэриэктерге бөлініп берілді. Пэриэктер қолөнермен және саудамен айналысты. Олар тастан және құмнан ыдыс істеді, жүннен киім тікті және ежелгі Грекиядағы ең жақсы болатты қорытты.
Спарта қауымының артта қалуы периэктерге сауда мен қолөнерін дамытуға мүмкіндік бермеді. Периэктер көбіне ең қажетті нөрселерді ғана жасады. Үйлер балта мен аранын көмегімен ғана салынды. Құрал-саймандар ұстауға рұқсат етілмейтін, оның үстіне тіпті Спарта мемлекеті бұтан өзі тыйым салған. Сонымен бірнеше ғасырлар бойы спарталықтар қолөнер өркендеудің төмен дәрежесінде болды.
Спарта мемлекеті қандай да болсын сыртқы саудаға тыйым салған еді. Бірде-бір шетел көпесі Спартаға келе алмайтын. Басқа елдерден ешқандай тауар әкелінбейтін. Сауда тек ел ішінде жөне жергілікті базарда жүргізілетін. Бұл уақытта Грекияда күміс ақша жүретін, бірақ Спартада оны қолдануға рұқсат етілмейтін. Мұнда сауданы қиындату үшін үлкен темір ақшаны әдейі ұстайтын. Спартаның ақшасы үлкен темірден істелген өте ауыр болатын. Оны арнаулы қоймаларда сақтайтын.