Спарта мемлекетінің құрылысы

Спарта мемлекетінің құрылысы туралы қазақша реферат

Илоттарды бағынышта ұстау қиын болды, өйткені олар спарталықтардан бірнеше есе көп еді. Спарта мемлекеті әскери күштің қуатымен ғана өмір сүруге мәжбүр болды.

Спарта мемлекетінің аристократтық түрі оның қоғамдағы нарықтық қатынасына байланысты болды. Натуралдық шаруашылықтың үстемдігі, қолөнер мен сауданың нашар дамуы, Спарта қоғамынан тыс қалған периэктердің колында шоғырлануы бұл елдің өзіндік ерекшелігі болды.

Әскери басқару органдарының күшейіп, әскери емес жай халықты басқаратын органдардың аздығы мемлекеттің құрылымына елеулі әсер етті.

Спартада қос патшалық болды (Архагет). Дорийлық және ахет қауымының Спартаға қосылғанын дәлелдейтін фактордың бірі осы. Бұл Спартаның екі әулетінен: Агиадтар және Эврипонтидтерден шыққан билеушілер.

Патша билігі мұрагерлікпен жалғасатын. Патшалар әскерді басқарды және абыздың функциясын жүзеге асырды. Патшаны 9 жылда бір рет дін басылары сайлайтын.

Патша қызметінің ең мықты саласы — әскери басқару. Соғыс уақытында патша қандай болса да шешім шығаруға құқылы еді. Соғыс біткеннен кейін патшаның барлық үкімі күшінде болатын. Патшаның кейбір сот істеріне оралуға да құқығы болды: ол үл бала асырап алу, мұра алу, мұра қалдыру істерін түгелімен қарайтын.

Патшаның өлімі Спарта үшін үлкен оқиға қатарынан саналды. Онда базар 10 күнге жабылатын, сауда тоқтайтын. Патшаиың денесін балға салып сақтайтын, халықтың бәрі онымен қоштасуы тиіс. Илоттар патша өліміне бетін тырнап жылауға мәжбүр болған.

Спартаның патшалары бай адам, ірі жер қожасы болатын. Олар апелла мен герусияға бағынатын, оларды эфорлардың комиссиясы да қатты бақылайтын. Патшаның қасында гомейлер — тандап алған спартандар, флейтистер, дәрігерлер, пифийлер сияқты көмекшілері болды. Ол тойларға өзінің 2 пифий көмекшілермен келетін. Тойларда патшаны төрге отырғызып, ең құрметті тамақты беретін. Оларға белгілі бір күндері семіз мал, арақ және сұлыдан істелген үн беретін. 8 жылда бір рет жұлдыз бойынша бақылап, халық патшаны соттауға да құқылы болды.

Патшаның толық нөкері: гомей, адьютант, дәрігер, сыбызғышы, пифи, балгер сияқты 300 адамнан тұратын.

Патшаның өзін 300 адам қорғайтын, олар 3 командирге-гиппагретке бағынатын.

Әскери қызмет. Наварх-флот басқарушы. Бұл төтенше қызмет орны. Соғыс кезінде бұның билігі патшадан да күшті болды. Навархтың құқығы патшаның құқығына жақын, олардың нөкерлері болатын. Олар патшамен бірге тасаттық беретін.

Халық жиналысы (Апелла). Жасы 30-ға жеткен спарталық ер адамдар халық жиналысына қатысатын. Бұл жиналыс соғыс және бейбітшілік сияқты ірі мәселелерді шешетін. Бірақ рөлі кемігеннен кейін ол герусияның жанындағы ақыл беретін кеңесшіорганы болып қалды. Халық жиналысында дауысқа салу болған жок, барлығы ұсыну арқылы шешілетін. Бірнеше кісінікішкентай бір үйге жауып қойып, қай сұраққа жұрттың айқайы қатты болды деп сұрайтын еді. Бұл жағдайда дауыстың көптігі анықталмаса, халықты екі жаққа бөлетін. Халық жиналысы қызмет адамдарын, әскери басшыны және туған балалары болмаған жағдайда патшаны сайлайтын еді. Илоттарды босату жағдайында қарайтын. Спартадағы халық жиналысының басқа да көп ерекшеліктері болатын.

Мысалы, ол заңдарды тек кеңесмүшелерінің ұсынысы бойынша қарайтын, оның жиналатын белгілі бір уақыты да болмайтын. Жиналыстың құзыреті де шектелген еді, мысалы ол қаржы мәселелерді қараған жоқ, магистрлерді бақыламайтын және сот функциясын да атқармайтын.

Эфорлар алқасы. VIIғасырдың екінші жартысында жаңа қызмет органы пайда болды. Бұл эфорлар алқасы. Ол алқа 5 эфордан тұратын. Оларды жыл сайын Спартаның қауымы айқаймен сайлайтын. Алдымен эфорлар патшалардың функциясын шектеу үшін пайда болған. Соңынан эфорлардың маңызды функциясының бірі-конституцияның орындалуын, по-лицияның қадағалауы үшін, яғни азаматтықсот герусиядан эфор алқасына берілді. Соғыс уақытында эфор алқасының екі мүшесі патшамен бірге соғысқабаратын. Айына бір рет патшадан заңды дұрыс орындаймын деген ант алатын. Эфорлар периэктер мен илоттарды бақылайтын. Спарта азаматын эфор етіп сайлағанда ол криптия еткізуге тырысатын. Тек содан кейін өзінің қызметіне кірісетін.

Эфорлар мен геронттар былай сайланатын: геронт қайтыс болып, оның орны босаған соң, эфор боламын деген 60-қа келген азаматтар герусияға баяндама беретін. Содан кейін оларды аппеллаға шақырып алып, сайлайтын. Олар аппеллада отырған азаматтардың алдынан бір-бірден өтетін де, кішкентай бір үйде жауып қойған адамдар қай кісінің өткенін білмей, көрмей, қайсысына халықтың қатты айқалайғанын айтатын. Қайсысынакісілер қатты айқайлайды, сол эфор немесе геронт болып сайланады.

Эфорлар патшаны герусия сотына да тартуға құқылы болған. Олар басқа мемлекеттің елшілермен келіссөз өткізетін, оған апелланың мәжілісінде төрағалық жүктелетін. Эфорлар бүкіл спартандықтардың тәрбиесін қадағалайтын. Эфорлар комиссиясы көп мәселелерді геронттармен бірігіп шешті. Олар Спартаның ақсүйек органдарының бір түрі. Спартаның тарихында героштар мен эфорлардың пара алғаны аз емес. Аристотель Спарханың эфорларын тирандар деп атады.

Герусия-қариялар кеңесі. Герусияға 2 патша және 60 жасқа толған 28 геронт кіреді. Геронттар халық жиналысында өмірлік сайланатын. Оларды да айқаймен сайлайтын. Герусия мемлекеттің жоғарғы кеңесі, жоғарғы соты және спартаның әдет құқығының сақтаушы органы болатын. Герусияның соты тек қана мемлекетке қарсы қылмысты және басқа қылмыстарды қарайтын болды. Азаматтың істерін герусия эфорлардың алқасына беріліп отырды.

Спартаның герусиясы-өте шағын әлеуметтік топтың органы. Ұзақ уақытқа сайланатын бұл ұжым басқа бірде-бір органға бағынбауына, бірде-бір орган оның жұмысын бақыламайтын органға айналды. Герусияның қабылдаған шешімдері халық жиналысында формальды түрде қаралатын. Герусияның мәжілісі күн сайын өтетін. Ол әскери, қаржы, сот істерін қарап, өзінің қызмет бабын үнемі көрсетіп отырған.