Жазбаша сөйлеу — баланың тіл мәдениетінің дамуына ерекше ықпал жасайтын қуатты фактор. Жазбаша сөйлеу меңгеруге бала мектеп есігін аттағаннан бастап белсенді кіріседі. Баланы жазу сөзіне үйрету – бастауыш мектептегі оқуды пайызға шаққанда жартысына жуығы ашылады. Жазбаша сөйлеудің дамуы хат танудан басталады. Бала мектепке келген кезден бастап оқу дағдысымен қатар жазу дағдысын да меңгере бастайды. Жазу дағдыларына машықтану да өте күрделі процесс. Мұның 3 кезеңі бар:
- Әріптің элементтерін үйрену кезеңін деп аталады.
- Бала әріптің жеке элементтерін жаза білу қаблетіне ие болады. Баланың зейіні енді біртіндеп әріп таңбаларына ауа бастайды, оынң әріп жазуға қатысын қимыл – қозғалыстары автоматталына түседі. Осы кезеңде бала жеке әріптерді толық жаза білуге үйренеді. Жазуға үйренудің екінші кезеңін психологияда әріптік кезең деп аталады.
- Жазба сөйлеудің қалыптасу дәрежесін көрсететін негізгі кезең. Мұнда оқушы өз бетімен жеке сөздерді жаза алатын халге жетеді. Баланың зейін енді жеке сөздері емес, солардан құралатын сөзге ауады. Бала, сондай – ақ, сөздегі әріптің орналасу да қатты көңіл бөледі.