Синтетикалық жолмен жасалған есімдіктер

Синтетикалық жолмен жасалған есімдіктер туралы қазақша реферат

Есімдіктердің бұл жасалу жолында бірқатар жұрнақтар қатысады. Олар есімдіктердің өзіне жалғанып,  белгілі бір мағынаны онан сайын айқындап нақтылай түседі. Сан жағынан алғанда, ондай жұрнақтар онша көп те есем.

Құранды –а+у жұрнағы. Бұл жұрнақ, негізінен алғанда сілтеу есімдікті сөздерге жалғанып, сілтеу мағынасын одан сайын айқындайтын болады: ан+ау, мын+ау, сон+ау. Тарихи тұрғыдан алғанда бұл есімдіктердің  түбірі ол, бұл, сол есімдіктері болса керек.  Есімдіктерді зерттеген А. Ибатов анау, мынау есімдіктерін бірігу жолынан пайдаболған деп түсіндіреді