Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев (1847-1920)

Ақын-жазушы ретіндегі шығармашылығының қалыптасу жолы. Лирикалық өлеңдеріндегі көңіл-күй философиясы («Өмірдің өтуі», «Жалғаншы жарық дүние», «Таудағы тас ұядан», «Ол күндерді тапсырдым», «Бұл күнде жас көңілім судай тастың», «Сұңқардай шалықтаған тас ұяның», «Аллаяр жаздым, аға, Көлборсыдан», т.б.), махаббат («Қатшекейге», «Жігіттің болса жақсы алған жары»), табиғат («Қайран жерім», «Көлторғай», «Нарын туралы», т.б.), оқу, білім, ғылым («Ғылым», «Эдисон»).

«Сардар Сегіз» тарихи дастаны. Дастанның композициялық құрылысы. Сегіз Сері бейнесін сомдаудағы тарихи шындық пен көркемдік жинақтау мәселелері.

Шәңгерей шығармашылығының әлемдік әдеби дамуға байланысты жақтары (романтизм, символизм мәселелері). Ақын шығармашылығының тілі, бейнелілігі.

XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының мазмұнына байланысты жалпы қорытындылар.