Шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі курстық жұмыс

Мазмұны

Кіріспе……3

1.Бөлім.Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі……5-19
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі…..5-7
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі …7-11
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі…..11-19

2.Бөлім. ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары …..20-30
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы…..20-25
2.2. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің шетелдік тәжірибесі………25-30

3.Бөлім. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары…..27-32

Қорытынды….33-37
Қолданылған әдебиеттер….38

К і р і с п е

 Курстық жұмыс тақырыбының  өзектілігі.  Соңғы  жылдары   шағын  және  орта  бизнес  Қазақстан  Республикасының  экономикасындағы  ролі  артып  келе  жатыр. 2008 жылы Қазақстандағы шағын  және  орта бизнес  секторымен  өндірілген  жиынтық  өнімдердің  ЖІӨ — ге қатынасы  17%  — ды құрады, ал 2009 жылы осы  сектор   субъектілерінің  бұл  макроэкономикалық   индикаторындағы   үлесі  20% — дан астам  шамаға  жетті. Осы статистикалық  мәліметтер  көрсетіп  отырғандай  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  секторының қазақстан  экономикасындағы  маңыздылығы  барған  сайын салмақты  болып  келеді.  2010 жылғы  осы  сектордың ЖІӨ — ге қатынасының  болжамды  көсеткіш  деңгейі 30% (бұл  көрсеткіш  бағдар  ретінде ҚР – ның  президентімен  өткен  жылы халыққа  жолдауында  қарастырылып, бекітілген).

Бәрімізге мәлім  кәсіпкерлік  секторы  экономиканың  диверсификациялауға, тұрақты  қарқындармен  дамытуға  мүмкіндік  береді. Осы  тенденция біздің  елімізде  қалыптаса  қойған  жоқ.  Сондай – ақ жоғарыдағы  үлестік  көрсеткіштер дамыған  мемлекеттердің  экономикасымен салыстырғанда   мардымсыз  болып  табылады. Мұндай  жағдайдың  қалыптасуы  мемлекеттік  реттеу  мен қолдауға  және  шағын  бизнес  пен  орта  кәсіпкерліктің  ішкі  және  сыртқы  орталарына  қатысты  әралуан  аспектілі   қиындықтары  мен  проблемаларына  байланысты.

Сондықтан   осы  ғылыми  жұмыстың  өзектілігі  жоғарыда  аталған  әртүрлі  аспектідегі проблемаларды  және  оларды  шешу  жолдарын  зерттеумен  анықталады.

Сонымен  қатар  шағын  және орта  бизнес  секторының  бүкіл  әлемдік  сауда  ұйымына (БСҰ) кіруіне  байланысты проблемаларды  зерттеу  осы  бітіру  жұмысының  өзектілігін  анықтайды.

Халықаралық  сыртқы  ортаға  қатысты  бүкіл  потенциялды қиындық  қазіргі  кезде  өте  белсенді  талқылануының  себебі, шағын  және  орта  бизнестің  тек  қана ішкі  рынокқа  бағдарлануына   байланысты  бәсекелік  қабілеттің  төмендігінде.  Сондықтан егер  біздің  еліміз БСҰ – ына кірсе, онда  осы  сектордың  елімізде  экономикамызды  әртараптандыруға  мүмкіндігі  болмай  қалады. Осыған орай осы әлемдік  ұйымға  кірер  алдында  осы сектордың  бәсекелік  қабілеттерін  жоғарлатуға  бағытталған. Дамыту  жолдарын зерттеу жоғарыда  аталғандай,  осы  зерттеу  жұмысының  тақырыбының  өзектілігін  баянды  етеді.

Курстық  жұмысының  мақсаты. Шағын  және   орта  кәсіпкерліктің  дамуында  кедергі  болып  тұрған  проблемаларды  қарастырып, оларды шешу  жолдары  арқылы  осы  секторды  дамыту  жолдан  зерттеу  болып  табылады. Сонымен қатар шағын және орта бизнестің инфроқұрылымын қолдаудың әлемдік тәжірибесін ашып көрсету.

Зерттеу  жұмысының  мәні.  Бұл ғылыми  жұмыстың  зерттеу  пәні шетелдердегі шағын және орта бизнестің инфроқұрылымын қолдау шаралары мен тәжірибелері. ҚР – дағы шағын  және  орта  бизнес  секторының  субъектілері мен  олардың  қызметтерінің  жағдайын (яғни кәсіпкерліктің  объектісін) зерттеу, сондай – ақ осы сектордың  дамуындағы  проблемалар

Курстық  жұмысының  міндеттері:

  1. Шағын  және орта  бизнестің  экономикалық  жүйедегі  дамытудың  варианттарын  зерттеу  арқылы рөлін  қарастыру;
  2. Шетелдердегі шағын және орта бизнесті қолдау тәжірибесін қарастыру;
  3. Шағын және  орта  бизнес  субъектілерінің  түрлі  аспектідегі  қиындықтары  мен  проблемаларын  терең  талдау  мен  сипаттамаларын  бітіріп  кету;
  4. Терең  талдау  негізіндегі  проблемаларды  шешу  жолдарын  зертеу  арқылы  ҚР –дағы  шағын  және  орта  бизнес субъектілерін  дамыту  жолдарын  әзірлеу.

Курстық жұмысының маңыздылығы. Бұл  ғылыми  жұмыстың  теориялық  маңыздылығы  қазіргі  жағдайда  өте  жоғары.  Сондай – ақ бұл  бітіру  жұмысныда  тәжірибелік  маңыздылығы  да  бар. Оның  тәжірибелік  маңыздылығы  қазіргі  таңдағы шағын  және  орта  бизнестің  қамтуындағы  проблемалармен  қиындықтарды  шешу  жолдарының шынайы  өмірге,  жүзеге  асырулары  бойынша  рекомендацияларды  ұсынумен   анықталады.

 Курстық жұмыс / 38 бет