Шағын бизнестің дамуының теориялық негіздері курстық жұмыс

ЖОСПАР

Кіріспе……. 3

I Бөлім. Шағын бизнестің дамуының теориялық негіздері
1.1 Бизнес түсінігі және оның түрлері……… 5
1.2 Шағын бизнестің дамуындағы негізгі бағыттар……. 6

II Бөлім. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің шаруашылық қызмет және оның даму салаларын талдау
2.1 Қазақстандағы шағын бизнестің даму салалары……. 10
2.2 Шағын бизнесті дамытудың шетелдік тәжірибесі… 14

III Бөлім. ҚР-да шағын бизнесті дамытудың бағыттары және олардың қызметін мемлекеттік реттеу
3.1 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті мелекеттік реттеу және оны жетілдіру шаралары……17

Қорытынды…………..24
Қолданылған әдебиет көздерінің тізімі………25
Қосымшалар …………… 27

Кіріспе

Курстық жұмыс тақырыбының  өзектілігі.  Соңғы  жылдары   шағын  және  орта  бизнес  Қазақстан  Республикасының  экономикасындағы  ролі  артып  келе  жатыр. 2008 жылы Қазақстандағы шағын  және  орта бизнес  секторымен  өндірілген  жиынтық  өнімдердің  ЖІӨ — ге қатынасы  17%  — ды құрады, ал 2009 жылы осы  сектор   субъектілерінің  бұл  макроэкономикалық   индикаторындағы   үлесі  30% — дан астам  шамаға  жетті. Осы статистикалық  мәліметтер  көрсетіп  отырғандай  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  секторының қазақстан  экономикасындағы  маңыздылығы  барған  сайын салмақты  болып  келеді.

Бәрімізге мәлім  кәсіпкерлік  секторы  экономиканың  диверсификациялауға, тұрақты  қарқындармен  дамытуға  мүмкіндік  береді. Осы  тенденция біздің  елімізде  қалыптаса  қойған  жоқ.  Сондай – ақ жоғарыдағы  үлестік  көрсеткіштер дамыған  мемлекеттердің  экономикасымен салыстырғанда   мардымсыз  болып  табылады. Мұндай  жағдайдың  қалыптасуы  мемлекеттік  реттеу  мен қолдауға  және  шағын  бизнес  пен  орта  кәсіпкерліктің  ішкі  және  сыртқы  орталарына  қатысты  әралуан  аспектілі   қиындықтары  мен  проблемаларына  байланысты.

Сондықтан   осы  ғылыми  жұмыстың  өзектілігі  жоғарыда  аталған  әртүрлі  аспектідегі проблемаларды  және  оларды  шешу  жолдарын  зерттеумен  анықталады.

Сонымен  қатар  шағын  жәнеи орта  бизнес  секторының  бүкіл  әлемдік  сауда  ұйымына (БСҰ) кіруіне  байланысты проблемаларды  зерттеу  осы  бітіру  жұмысының  өзектілігін  анықтайды.

Халықаралық  сыртқы  ортаға  қатысты  бүкіл  потенциялды қиындық  қазіргі  кезде  өте  белсенді  талқылануының  себебі, шағын  және  орта  бизнестің  тек  қана ішкі  рынокқа  бағдарлануына   байланысты  бәсекелік  қабілеттің  төмендігінде.  Сондықтан егер  біздің  еліміз БСҰ – ына кірсе, онда  осы  сектордың  елімізде  экономикамызды  әртараптандыруға  мүмкіндігі  болмай  қалады. Осыған орай осы әлемдік  ұйымға  кірер  алдында  осы сектордың  бәсекелік  қабілеттерін  жоғарлатуға  бағытталған. Дамыту  жолдарын зерттеу жоғарыда  аталғандай,  осы  зерттеу  жұмысының  тақырыбының  өзектілігін  баянды  етеді.

Кәсіпкер өзінің табысын жоғарылату арқылы қоғамға қажетті тауарлар өндіреді және қызметтер ұсынады. Сонымен қатар кәсіпкер басқа кәсіпорындардың өзіне қажетті тауарлары мен қызметтерін пайдаланып, олардың да дамуына мүмкіндік жасайды және де басқа кәсіпкерлер салық төлеу арқылы бөджетке өз үлестерін қосады. Жұмыс орындарының осы салада көбеюі салық салу объектілерінің көбеюімен тығыз байланысты.

Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні меншік иелері мен ондағы жалдамалы жұмысшылар саны субъектісі болғандықтан елдің құрылымдық қалыптасуының белгілі бір құралы болып табылады. Оның ірі өндірістен айырмашылығы тұтынуышылырдың сұранысына сай тауарлар өндірісінің тез өзгеріп отыруында.

Курстық жұмыс мақсаты: Шағын және орта бизнестің Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру үшін тигізетін әсерінің денгейін талдау және оны реттеудегі мемлекеттің рөлін  зерттеу болып табылады.

Курстық жұмысының міндеті:

  • Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің даму бағыттарын,  жүзеге асырылу тәртібін, мақсатын және маңыздылығын зерттеу;
  • Шағын және орта бизнесті дамыту барысында мемлекетпен қолданылатын реттеушілік шаралардың қолданылу тәртібін зерттеп білу;

Курстық жұмыс өзінің алдына қойған мақсатына қарай: кіріспеден, үш тараудан, сегіз параграфтан және қорытындыдан, сол сияқты пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 Курстық жұмыс / 28 бет