Бұл болаттар көбінесе химиялық құрамына қарай қолданылады, өйткені олар термиялық әдіспен өңделеді. Бұл болаттар мартен және электр пештерінде қорытылады да екі топқа бөлінеді: 1-ші топқа құрамындағы марганец мөлшері әдеттегідей болаттар;
2-ші топқа құрамындағы марганец мөлшері әдеттегіден жоғары болаттар жатады. Сапалы конструкциялық болаттар құрамындағы көміртегінің орташа мөлшері пайыздың оннан бір бөлігімен болат маркасы алдында тұрған екі санмен көрсетіледі. Марка соңында берілген Г әрпі болат құрамында орташа шама мөлшеріне артық марганец барын көрсетеді. 1- ші топтағы болаттарды келесі маркалармен белгілейді: 08кп, 08,10,15,20,25,30,40,45,50,55,60 (аталуы: болат 10, болат 45 т.б.). 2-топтағы болаттар: 15Г,20Г,25Г,30Г6,35Г,40Г,45Г,50Г,60Г мұнда әрқайсысының құрамында 0,7…1,0%марганец болады. Бұл маркалы болаттардан басқа көміртегі болаттарына А12,А20,А30,А40Г маркалы автоматты деп аталатын болаттар жатады. Бұл болаттан машина жасау автоматты цехтарында бұрандалар, болаттар, гайкалар және т.б жасалады. Бұл болаттардың өңделуін жақсарту үшін фосфор мөлшерін 0,08-ден 0,5%-ға дейін, ал күкірт мөлшерін 0,08-ден 0,3%-ға дейін арттырады. Сонымен бірге өңделуін жақсарту үшін күкіртке химиялық жағынан ұқсас селен мен теллур қосылады, шамалы қорғасын(0,1…0,2%Р) қосса да , болат өңделгіштігі жақсара түседі. Мысалы, А40Г маркалы болатта көміртегі 0,37…0,45%, марганец 1,20…1,55% , кремний 0,15…0,35%, күкірт 0,18…0,3%, фосфор 0,5%-дан артық. Жай сапалы болаттармен салыстырғанда, сапалы конструкциялық болаттардың біртектілігі жоғары, ал күкірт пен фосфордың шамасы азырақ болады. Аз көміртекті болаттар (болат 25 дейін) жақсы пісіріліп, суық штамптаумен өңделеді. Бұл болаттардан жоғары беріктікті талап етпейтін бөлшектер жасалады. Қайнаған болаттардың (мысалы, 08КП) пластикалық қасиеттері жоғары болғандықтан, оларды беттік болатқа прокаттап, суық штамплау арқылы машиналардың қаңылтыр бөлшектерін жасауда қолданады. Орташа көміртекті болаттардан(болат 30…60) машиналардың жауапты бөлшектерін жасайды. 60Г,65Г маркалы жауапты болаттардан серіппе, рессорлар жасалады.