Салықтар мемлекетпен бірге пайда болады және оның өмір сүруінің негізі болып табылады. Мемлекетті ұстау үшін оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың формалары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады. Олардың қызмет ауқымы кеңейіп,әлеуметтік – экономикалық процестердегі рөлі де өзгеріп отырады. Тауар — ақша қатынастары неғұрлым дамыған жүйелерде салықтар да жақсы жамып, оларға мүмкіндігіше әсер етеді.
Мемлекетке түсетін салық түсімдеріне тән ерікшелік – олар сан алуан қоғам қажеттеріне таратылып пайдаланады. Салықтардың мемлекет, басқа өкімет органдары белгілейтін сан алуан мақсатқа арналған жарналардан, аударымдардан, төлемдерден айырмашылығы осында. Бұған әлеуметтік сақтандыруға төленетін қатаң нысаналы аударымдар, жарналар, арнайы қорларға аударылатын жарналар мен аударымдар жатады. Нақты қатынастары түзілуі жағдайындағы салық саясатының негігі бағыты –халықтың нақты табыстарының едәуір бөлігін орталықтандырылған қоғамдық тұтыну қорлары арқылы қалыптастыру, приниптерінен бас тарту. Бұл халықтың еңбекке қабілетті бөлігінің табыстарын еңбек белсенділігін арттыруға экономикалық мүдделігін арттыру арқылы көбейтуге мүмкіндік береді. Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелерін әлеуметтік қорғау қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік салық саясатын – салықтар саласындағы іс- шаралары жүйесін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес қоғам дамуының нақты кезеңдегі әлеуметтік –экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай жүргізеді.
Салық салу обьектісін бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақты және жеке болып бөлінеді.Нақты салықтар – мүліктердің сыртқы белгісіне қарай, нақтылы табыстың түсуі есептелместен (жер салығы , мүлікке салынатын салық, құнды қағаздарға лынатын салық) салынады.
Жеке салықтар жеке адамдар мен зеңды мекемелердің қаражат жағдайына байланысты (пайдаға салынатын салық, табыс салығы, мұра немесе сыйға тартуға ауысқан мүліктерге салынатын салық) салынады.
Салық салу обьектілерінің есепке алу және бағалату тәсілдеріне қарай кадастырлық төлеушінің жарияланым бойынша салық алу сияқты 3 тәсілі бар.
Бірінші жағдайда салық алынатын обьектілердің тізімге негізінде, олардың табыс нормаларын көрсете отырып есептеу және салу(жер салығы, мүлік салығы нақтылы табыс есептелмей іске асырылады).
Екінші әдіс бойынша жарияланымында төлеуші табыстың мөлшерін, қажетті жеңілдіктерді және салық сомасын көрсетеді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін заңды мекеменің бухгалтериясында есептеліп, сол жерде төленеді.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдар мен баж салықтарының үш тобын, салық қатынастарын реттеп отыратын құқықтық нормалар мен салық қызметі органдарын (Бас салық инспекциясы мен оның жергілікті органдарын) қамтиды.
Салық – шаруашылық жүргізуші субьектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салықтың мынадай негізгі қызметтері бар: фискалдық, реттеушілік, қайта бөлу.
Ең негізгі қызметі фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады.
Ретеушілік қызметі — салықтың маңызды қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни реттеуі жүзеге асырылады.
Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субьектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс — әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды.
Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін пайдалана
отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизімінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды. Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың құрметін пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды.
Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатын негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды.
«Салық» термині құқықтық актілер тола әдебиетте болып жиі кездеседі. Оның мәні мен мағынасы жөніндегі талас пікірлер көп. Салықтың мәнінен тереңдеп түсіну үшін салық салу теориясының классигі Адам Смиттің еңбектерінің жалпы бұқаралық үлкен маңызы бар. Оның салықтар жөніндегі көзқарасы дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінің салық жүйесін қалыптастыруға негіз болған. Салық салу принцптеріне анықтауға Адам Смиттің салықтарға қойылатын төмендегідей талаптарды ерекшелейді.
Салықтардың ашық түрде болуы Адам Смиттің атауы бойынша салық мемлекеттің құқық түрінде көлемі мен төлеу мерзімі белгіленген жүктемесі. Жалпы қоғамның мүддесі үшін мемлекеттің өмір сүруі үшін мемлекеттің салық жинау құқы туындайды, яғни салықтар — заңмен негізделген, ашық түрдегі мемлекеттік алым.
Салықтардың бір мөлшерлігі немесе тең үлестілігі, яғни барлық тұлғалар өз табиғатының шамасына қарай мемлекетке қолдау көрсету керек. Өйткені олар мемлекеттің қамқорлығының, қорғауының арқасында сол табысқа ие болып отыр.
Салықтардың ашық түрде болуы, салық төлеушілерге төленетін төлемдердің уақыты, орны, көлемі және төлем әдістемелерінің белгілі бөлігін талап етеді.
Салық жинаудың арзандығы мемлекет қазынасына түсетін салықтарды жинау үшін шығатын шығындардың мүмкін болғанша аз мөлшерде болғанын көздейді.
Салықтар жинаудың көп ғасырларының тарихы болғанымен салықтардың толық экономикалық және анықтамасын беруде пікір — таластар әлі күнге таластаған емес.
Солардың қайсыбірін қарастырып кетейік. С.Д.Цыпкин салықтарды материалдық табыс көзі бар жағдайда алдын – ала көзделген ставкалар бойынша есептелген және нақты мерзімде бюджетке төленетін, мемлекет белгілеген міндетті жеке нысандары және қайтарымсыз төлемдер деп қарастыруда.
Бұл салықтардың жан – жақты кең ашылған анықтамасы екенін айтуымыз керек. Бірақ салықтың баламасыздың белгісі бұл анықтамаға енбей қалған.
Воронованың берген анықтамасы бойынша салықтар түсінігі мынадай:
Салықтар белгілі бір мөлшерлер мен мерзімдерде жайып мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттің уәкілетті органдары актілерінің негізінде заңды және жеке тұлғалардың бюджетке өткізетін өтемсіз төлемдері.
Бұл кезінде заң салымның негізі категорияларының алтын қырына енген қысқа тұжырымды анықтама болғанымен, онда салықтың міндеттілік, қайтарымсыздылық және баламасыздың белгілері орын таппай қалған.
Бұл тұрғыдан қарасақ, салық құқығы теориясының мықты мамандарының бірі деп танылып жүрген С. Г. Пепеляевтің берген анықтамасы ерекше қызықтырарлықтай. Оның айтуынша «салықтар — үкімет субъектілерінің төлем қабілеттілігін қамтамасыз ететін, контрубуция немесе жазалау түріндегі емес мемлекеттік мәжбүрлерімен қамтамасыз етілген, міндеттілік, жекеленген сетемсіздің, қайтарымсыздылық бастамасымен заңды және жеке тұлғалардың меншігін заңды нысанда иемдену.
Қалай дегенмен бұл анықтама да, тізіп айта берудің қажеті жоқ, басқа да маман қаржыгерлердің берген бағалары да салық белгілерінің толық, жан – жақты тұжырым деп баса алмай отыр. Сондықтан болар бүтінде көптеген авторлар салық анықтамасының мазмұның салыққа сипаттама бере келіп, негізгі белгілерін жеке – жеке айта отырып береді. Мысалы, салық кодексінде белгіленген « жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін » деген алым бар. Ол алымды төлегені үшін мемлекет жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға рұқсат береді, яғни алымның бұл арада қарама бар — салық төлеушіге нақты түрде не үшін алым төлегені түсінікті, айқын.
Ал төлеген салық оны төлеген салық төлеушіге нақты түрде келешекте қызмет ете ме жоқ па, бұл белгісіз. Міне, салық пен ғылымның айырмашылығы бар.
8 пункте көрсетілген төлемнің баламасыздығын да осы тұрғыдан түсіндіруге болады. Салық төлегені үшін салық төлеуші сол төлемге пара – пар келетін ешқандай балама міндетті мемлекет мойнына алмайды.
Салықтың тұрақты міндетті туындататынын төмендегідей мысалмен түсідіруге болады. Егер жеке тұлға жеңіл машина көлігінің иегері болса онда ол сол көліктің меншік иесі болған күннен бастап, сол меншікті құқы біткенше « көлік құралдары салығын » төлейтін салық төлеуші болып табылады және жыл сайын тұрақты түрде аталған салықты төлеп отыруға міндетті. Сол сияқты егер жеке тұлға үй не пәтер сатып алса онда ол меншік иесі болған күннен бастап, «мүлік салығы» мен «жер салығы» төлеу міндетті тұрақты түрде туындайды.
Салық пен заңдастырылған мысалда болды, оның табиғатының, өміршендігінің заң мен негізделуі деген мағына береді. Яғни белгілі бір объектіге салынатын салықтың заңдастырылған құқықтық – негізі өмір сүруге құқы болуы керек. Айталық мысалы, « ауамен дем алғаны үшін » деген салық енгізу ойға алынды делік. Осындай салық түрін енгізген уәкіметті ортаның құқы бар ма, жоқ па? Қалай мұндай салық түрін заңдастыруға болады? Адам жаратысынан ауамен дем алғаны үшін салық төлеген жағдайда, қандай шара қолданылмақ ?
Міне, осындай негізсіз түрде түрлі – түрлі салықтар түрі туындану үшін, оларға өмір сүруге болатын заңдастырылған нысан берілуі керек.
Ал, салықтардың заңмен белгіленетіні төлем болатыны, қай мемлекет болмасын өз салық жүзінде енгізілетін салықтар түрін тек қана заңмен қабылдау арқылы белгілейді. Мысалы, 2001 жылғы 12-ші маусымда қабылданған « салық және бюджетке төлейтін басқа да міндетті төлемдер туралы »
Салық кодексі бойынша Қазақстан Республикасы салық жүйесінде 9 салық, 13 алым және 9 төлем түрлері қарастырылған заңда аталған салықтар мен төлемдерден басқа да төлемдер түрлерін жасауды ешбір органының салық төлеушіден тасып кетуге құқы жоқ. Себебі ол салық туралы заңды белгіленбеген, көрсетілмеген.
Сондықтан мемлекет өз қазынасының кіріс бөлігіне түсетін төлемдерді заң түрінде белгілейді және тек белгіленген төлемдерді, өз міндеттері туындағанда төлеп отыруды салық төлеушілерге міндеттейді.Жоғарыда айтылған салық белгілерін мемлекеттік төлемдердің (салық, алым, төлем т. б.)табиғатын дұрыс ашу үшін қолдана білу – азаматтардың құқықтарын сақтай отырып, әрбір төлемді тиімді түрде ұйымдастыру және мемлекеттік кіріс жүйесін ғылыми негізде нысандауға кепілдік берер еді.
Салық элементтері. Салық өз табиғатында белгілі бір элементтерден тұратын күрделі құрылым. Салықтар элементтері болып мыналар табылады:
- Салықтың құқықтық негізі. Бұл салықты төлеу міндеттемесінің некеге байланысты туындайтынын айқындайды.
- Салық субъектісі – салықты кім төлегенін айқындайды.
- Салық объектісі – салықты не үшін және не заттан төлейтінін айқындайды.
- Салық шамасы(нормасы) – салықты қандай мөлшерде төлейді, салық салу ставкасын қалай қолданатынын айқындайды.
- Салық бойынша жеңілдіктер – не себептен салық төлеуші салық төлеуден босатылады немесе аз мөлшерде салық төлеуге құқы бар екенін айқындайды.
Әрбір салықтың табиғатында, құрылымында аталған элементтер тобы кешенді түрде қатысты болу керек. Аталған элементтердің біреуі салықтың бойынан табылмаса, онда ол салық белгіленбеген болып табылады. Тек қана салық бойынша жеңілдіктер кейбір салықтарға қатысты болмауы мүмкін. Ал қалған элементтердің қатысты болуы – міндетті талап.
Салықтар белгілері туралы жоғарыда айтқанымыздай салықтар тек заңдастырылған құқықтық нысанда ғана өмір сүре алады.
Салықтар элементтерінің кешкенді тобы толық қатысты болған жағдайда ғана салық заңды түрде белгіленген, қалыптасқан болып табылады. Заң тұрғысынан қарағанда бұл құқықтық акт нормативтік акт қатарына жатқызылады.
Ал нормативтік актіні жариялау нақты салық төлеуші мен мемлекет арасында салық міндеттемесін туындатады. Мөлшері, төлеу тәртібі мен мерзімі салықты белгілеген құқықтық актімен анықталған ақша сомасын мемлекетке берудің салық төлеушіге жүктелген міндеттемесі – салық міндеттемесі деп аталады. Салық салу объектісінің болуы – салық міндеттемесінің туындауының кепілі.
Мысалы, тауарлар өткізу, қызмет көрсету арқылы жеке немесе заңды міндетті түрде салық төлеуші болып табылады, яғни құқықтық нормативтік актілерге сәйкес олардың мемлекет алдында салық міндеттемесі тоқтатылады.
Жоғарыда айтылғандай салық міндеттемесі салық төлеуші мен мемлекет аралығындағы қарым – қатынасты білдіреді.
Қазақстан Республикасында қазіргі кезеңде салықтардың құқықтық негізі болып «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» заң – Салық кодексі болып табылады.
Салық міндеттемесінде көрсетілген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде салықты төлеу заңдылық міндеттемесі жүктелген тұлға – салық субъектісі деп аталады. Салық субъектілері зады және жеке тұлға болып бөлінеді. Олардың салық төлеу режимдері әртүрлі, ал кей жағдайларда тек өздеріне ғана тиісті төлейтін салық түрлері де әртүрлі.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құқықтық меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе басқаруында оқшауланған мүлкі бар және сол мүлкімен алған міндеттемелері бойынша жауап бере алатын, сот алдында талапкер ие жауапкер бола алатын ұйым – заңды тұлға болып табылады.
Заңды тұлғаның жеке өзіндік бухгалтерлік есестік тепе – теңдікті немесе сметасы болуы керек. Сонымен қатар өз аты жазылған мөрі болуы шарт.
Заңды тұлғаның статусы үшін оның ұйымдастыру – құқықтық шамасының (акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектелген серіктестік, өңдірістік кооператив т. т.) еш маңызы жоқ.
Бірақ кейбір салықтар түрік төлеу үшін (мысалы, коорпорациялық табыс қосылған құнға салық) заңды тұлғаның коммерциялық, не коммерциялық емес екенінің белгілі маңызы бар.
Өз қызметінің негізгі мақсаты тек пайда табу болып табылатын ұйымдар – коммерциялық ұйымдар болып табылады. Бұлар негізінен мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктері, өңдірістік кооперативте пайда табуды алға міндет етіп қоймаға ұйымдар – коммерциялық емес ұйымдар.
Олар көбінесе қоғамдық бірлестіктер, тұтынушылар одағы, діни бірлестіктер нысанында болып келеді. Бірақ оларға кәсіпкерлікпен айналысуға шектеу қойылмаған.
Атап кеткендей салық субъектісінің тағы бір категориясы – жеке тұлғалар.
Салық заңдарына сәйкес салық төлеуші жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының азаматтары, шет мемлекеттері азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар жатады.
Қазақстан Республикасы азаматтарына азаматтығы бар фактісінің өзі салық міндеттемесіне заң бойынша орындауын жүктейді.
Ал шет ел азаматтарына келер болсақ, салық заңына сәйкес, олар кез келген 12 айлық кезең ішінде 183 күннен артық Қазақстанда болса резидент, болмаса резидент емес тұлға болып бөлінеді.
Мысалы шет ел азаматы Қазақстанға 2001 жылдың 1 – ші қарашасында 2 жылға контрактімен жұмыс істеуге келді. 2002 жылдың 1 – ші қарашасында, яғни оның Қазақстанда болу кезеңіне 12 ай толғанда шет ел азаматының резиденттік статусы анықталады. Сонымен 2001 жылдың 1 – қарашасынан 2 – ші жылға дейін (қараша 30 күн + желтоқсан 31 күн + қаңтар 31 күн + ақпан 28 күн + наурыз 31 күн + көкек 30 күн + мамыр 2 күн = 183 күн) аталым азаматқа резидент еместерге белгіленген тәртіппен салық салынады. 3 – ші мамырдан бастап ол резидент болып ессптеледі және соған сәйкес заңда белгіленген барлық салықтар түрі төлейді.
Салық субъектісі салықты алып жүруші ретіенде де танылады. Салықты алып жүруші – салық салудың нақты ақырғы қорытындындысында барлық ауыртпалықты көтеруші тұлға. Әсіресе, бұл құбылысты жанама салықтармен (қосымша құн салығы, акциздер) байланыстыруға болады. Яғни салық субъектісі болып табылатын дүкен сатушысы салықты төлеуге тиісті. Бірақ салық сомасы тауар құнын қосылған нәтижесінде тауар тұтынушы тауар құнын да, салықты да төлейді, ал сатушы төленген салық сомасын тауар тұтынушыдан қайтарып алады. Қорыта айтқанда тауар сатып алушы тұтынушы салық субъектісі болмаса да, шын мәнісінде сол салықты төлеуші болып табылады. Бұл жағдайда жай ғана жеке тұлға, айтылған салыққа төлеуші ретінде еш қатысы болмаса да, сол салықтың ауыртпалығын көтеріп, салықты алып жүруші болып отыр.
Салық объектісі – субъект, яғни салық төлеуші салықты не заттан төлейтінін корпарациялық табыс салығы үшін заңды тұлғаның табысы, жер салығы үшін жердің аудан көлемі, мүлік салығы үшін мүліктің құны т. б. болып табылады.
Субъектіде табыстың, жердің немесе мүліктің меншігінде болуы – мемлекеттің солардың негізінде салықты белгілеуіне негіз бола алу және сол салықты төлеу міндеттемесін туындалуы.
Мұндай салықты белгілеуге табыстың, мүліктің т.б. салық салу объектілерінің болуы негіз болып табылады» делінген. Дегенмен кейбір жағдайда салық салу объектісі бар болғанымен, ол салық алуға негіз бола алмайды. Мысалы, тұрғын үй бар, ал салық төлеуші – субъект жоқ. Бұл жағдайда салық есептеудің мәні жоқ. Өйткені төлейтін салық субъектісі жоқ.
Салық төлеушінің мөлшерін анықтайтын заңмен белгіленген салық салу шамасы салық нормасы деп аталады. Көп жағдайда ол салық салу ставкасы мен салық салу бірлігінің өзара қимыл байланысының нәтижесі болып табылады.
Салық салу бірлігі дегеніміз салық салу базасын анықтайтын салық объектісінің бірлігі. Мысалы, жер салығында салық салу бірлігі болып жер учаскінің 1 га аумағы табылады. Мүлік салығын алайық. Салық объектісінің, яғни мүліктің құнының, салық салу бірлігі 1 теңге болып табылады. т. с. с.
Салық салу бірлігіне сәйкес мөлшері – салық салу ставкасы деп аталады.
Салық базасының өсуі немесе кемуіне байланысты салық ставкасының өзгеру тәртібі – салық салу әдістемесі деп аталады.
Салық салу әдістеменің төрт негізгі түрін бөліп атауға болады: теңдік, пропорционалдық, прогрессивтік ( үдемелі) және регрессивтік (кемімелі)
Салық мөлшері барлық салық төлеушілер үшін нақты белгіленетін сома мөлшеріне тең болып ( тепе–тең салық салу ) не салық салу ставкасын қолдану арқылы анықталуы мүмкін.
Тепе – тең салық салуда барлық салық төлеушілерден бірдей мөлшерде салық ұсталады. Мысалы, патент арқылы жұмыс істейтін, кәсіпкерлік қызметтерінің сипаттамасы бірдей, жеке тұлғалардан есептеліп, ұсталатын салық сомасы барлығы үшін бірдей.
Салық салу ставкасы бойынша салық бірлігінен нақты ақшалай сома арқылы салығы ұстау әдісі. Мысалы, жер салығы бойынша Қарағанды қаласы үшін 1 м2 жерге 0,2 теңге. Ставка қолданылады. Екіншіден проценттік ставка қолдану арқылы салық ұстау. Мысалмен айтатын болсақ, корпарациялық табыс салығының ставкасы 30% . Ол барлық заңды тұлғалар үшін ( оған тек негіз құралдары жер болып келетін заңды тұлғалар жатпайды) бірдей. Тек салық салу базасы, яғни салық салынатын табыстары, әр түрлі болуы мүмкін. Соған байланысты төлейтін салық сомалары да әр түрлі. Проценттік ставкамен салық ұстау ставкасы пропорционалдық ставка деп аталады.
Мысалы, заңды тұлғалар А мен Б – ның тиімді салық салынатын табыстары 1 млн. және 2млн. теңге. А 300 мың теңге ( 1млн. х 30% ), ал Б 600 млн. теңге ( 2млн. х 30% ) салық төлеулері керек. Сол сомалары әр түрлі болғанымен, ставка екеуі үшін де бірдей, өзгеріссіз. Көріп отырғандай салық базасы өскен сайын салық сомасы да пропорционалды түрде өсіп отыр.
Прогрессивті ставка салық салу базасының көлемі өскен сайын, өзгермелі түрде өсіп отырады.
Яғни салық төлеушінің табысы ұлғайған сайын, одан ұсталатын салық ауыртпалығы да салық ставкасының үдемелеп өзгеріп өсуігне байланысты көбейе береді. Мысалы, жеке табыс салығын алайық. 15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке ( Ж Е К) дейінгі табыс сомасынан 5% ставкамен салық ұстама, 15 ЖЕК мен 40 ЖЕК аралығындағы табыс сомасынан 10% ставкамен салық ұсталады. Бұл салық бойынша ең жоғары ставка 30% екенін ескерсек, табыс ұлғайған сайын, ұсталатын салық сомасы да ұлғайа беретіні түсінікті.
Регрессивтік ставканың прогрессивтік ставкаға кереғар ставка екені әсте түсіпті. Бұл ставка біздің Қазақстан салық жүйесінде әзірше қолданылмайды. Дегенмен, АҚШ салық жүйесінің мысалымен түсіндіре кетейік. Әуелде бұл ставка прогрессивтік ставка тәрізді салық салу базасының белгілі бір дейгейіне дейін өсіп отырады да содан кейін кері төмендей бастайды.
АҚШ – та 11986 жылғы қабылданған реформа бойынша ерлі – зайыпты адамдардың жылдық табыстары 149250 долларға жеткенше 33% ставкамен салық ұсталса, табыс сомасы әрі қарай өскен жағдайда салық салу ставкасы 28% төмендейді.
Салық ставкасының қандай деңгейі жанама салық дамуы үшін оптимальді болып келу қажет? Бұл экономистерді әрдайым толғантып жүрген сұрақ. Салық ставкасының жобасыз өсуі экономиканың дамуына керағар әсер етері сөзсіз.
Осы орайда салық ставкасын белгілеуде «азаматтардың төлеу мүмкіндігіне» сай келуі факторы еске слына отырып жасалған шаралар, Лоренц сияқты экономистердің атақты кесте – сызбаларын еске алуға болады. Бұлардың барлығына ортақ 3 ескертуге тиісті жағдайлар бар:
- Салық субъектісінің тұрғысынан алғанда, салық барлық азаматтарды қамту керек.
- Салық объектісінің тұрғысынан алғанда, салық салу объектісі барлық азаматтардың «төлем жасау мүмкіндігіне » байланысты анықталу қажет.
- Салық ставкасы тұрғысынана алғанда, салық ставкасы анықталғанда салық төлеушінің мүмкіндік жағдайына әсер ететін барлық факторлар ескерілуге тиісті: салық төлеушінің жеке басының жағдайы, салық салу объектісінің мөлшері және сипаты.