Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ескетүсіру аркылы заттың суретін салужолдарын үйрету. Заттың пропорциялық өлшемдер қатынасын табу жолдарын түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Сәбізді бейнелеу жолдары көрсетілген таблица. Суретші Т.Тоғысбаевтің «Қызыл натюрморт», И.Левитанның «Алтын күз» шығармаларының репродукцияларын әртүрлі овощтар, иллюстрациясы мол балаларға арналған кітаптар. Акварель жәнө гуашь бояулары.
Сабақтың барысы. Сабақтағы кіріспе әңгімеде, оқушыларға күзгі өнім жинау мен көкөністер туралы жұмбақтар айтылып, оның шешуі бойынша суреттер салу қажет екені ескертіледі. Бұл суреттер: сәбіз, пияз, қияр, помидор болуымүмкін. Бұл көкөністерді мұғалім балаларға көрсетіп, көрнекі жерге орналастырады. Көкөністер бейнеленген түрлі-түсті суретбар кітапшалар көрсетіледі. Мұнан соң мұғалім сәбіздің суретін салу жолдарын түсіңдіреді.
Заттың бейнесі дайын болған соң оның жиегін өрнектермен көмкеру жолдары көрсетіледі.
Сәбіздің түсі акварель, ал жиегіндегі өрнек гуашпен боялады. Сабақтың қорытындысында оқушылардың салған суреттерінің шағын көрмесі өткізіліп, жақсы орындалған жұмыстар көрсетіледі.