Резиналық қоспаны бірсатылы дайындау туралы қазақша реферат
Бір сатылы дайындауда дөңгелек жасау заводтарындағы каркасты қоспалар және құрамында қатты емес каучугі мен жартылай және орташа активті толықтырғыштары бар резиналық өнімдер алуға болады. Резина араластырғыштардағы бір сатылы араластыру ұзақтығы, яғни ротордың айналу толқыны 30 айн/мин, және ол 6-9 минут аралықта; резиналық қоспаға күкіртті қосқанда резина араласытырғыштың температурасы 1200-тан аспау керек, бірақ одан асуы мүмкін, егер күкірт пен жылдамдатқышты вальц арқылы еңгізше.
Түйіршіктелген каучук шығын бункерінен (44) шығып, автоматты таразыдан (46) өтіп, тиілген көлік (48) арқылы резина арластырғышқа (5) өтеді. Түйіршіктелген каучукті қолданғанда резина араластырғыштар автоматты жекелеген мөлшерлеуші жүйемен қамтылады. Ал резина араластырғышқа түйіршіктелмеген каучукті қолданғанда жартылай автоматтанған таразыны (51) қолданады, ол үшін каучукті алдын-ала қолмен кіші бөлшектерге кесіп салады.
Түйіршіктелген техникалық көміртек бункер қоймасынан үздіксіз көлік жүйесі бойынша шығын бункеріне (1) барады, одан қоректендіргіштер (2) арқылы автоматты таразыға (3), ары қарай тиегіш ыдыстан (4) резина араластырғышқа (5) өтеді.
Сұйық жұмсаттатқыштар қоймадан құбыр арқылы аралық ыдыстарға, одан шығып циркуляциялық жүйемен (6) резина аралстырғышқа түседі. Циркуляциялық жүйеден электрқадағалаушы клапан мен автоматты таразы (7) және аспада жұмсақтатқыштар үрлегіш бакте (9) жиналып, және одан тегергіш насос (10) көмегімен клапан (11) арқылы резина араластырғыш камерасына барады. Ал тез балқитын материалдар қоймадан электртиегіш көліктер арқылы қыздырғыш ыдыста балқытылып, автоматты таразыда өлшеніп, үрлегіш бак арқылы резина араластырғышқа өтеді. Борпылдақ ингредиенттер контейнермен (21) жартылай тельферно-монорельсті жолы (50) арқылы шығын бункерлеріне (12,16,24,26-28,33,34,38,39) апарылады. Шығын бункерлерінен (12,16,24,26-28,33,34,38,39) борпылдақ ингредиенттер қоректендіргішпен бірге (13,29,30,31,40) автоматты таразыға (25,32,37,41) құйылады да ленталы көлік (47,48) көмегімен оларды резина араластырғыштарға төгеді. Магний оксидін резина араластырғышқа шығын бункерінен (16) шығарылған қоректендіргішпен (17) жекеленген тиегіш ыдыс арқылы әкелінеді. Мөлшерлей автоматты таразыла (18) өтеді. Жылдамдатқыштар қоректендіргішпен бірге тиегіш ыдыстан (23) араластыруға барады.
Резина араластырғышқа күкірт араластыруға 20-30 сек қалғанда шығын бункері (12), автоматты таразы (14) және тиегіш ыдыс (15) немесе вальц (49) арқылы кіреді. Резина араластырғыштан шыққан агрегатты вальц (49) арқылы қоспаны суыту үшін тіке ағынмен цехке жібереді.
Егер күкіртті резина араластырғышқа қолданса, онда жұмысты аяқтау үшін табақты-червякты машина қолдануға болады. Алынған өнім суытылғаннан кейін, арнайы камерадакесіледі де, қоймаға дайын резина болып барады.