Резина өндірісінің жалпы процестері курстық жұмыс

Жоспар

1. Кіріспе……………….3

2. Негізгі бөлім………6
2.1.Резина қоспасын дайындаудың жаңа технологиялары……..9
2.2. Резина өндірісінің жалпы процестер…….11
2.3. Резина бұйымдарын дайындау………….12
2.4.Резинаны өндірісте алу технологиялары……………18
2.5.Қолданылуы, утилизациялануы……….28
2.6. Резинаны өңдеуде жиі қолданылатын негізгі процестер …..29

3. Қорытынды…………..31
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі….32

Кіріспе

Резинаны алудың негізгі шикізаты шикі каучук болып табылады. Өз бетінен каучук ештеңеге қолданылмайды. Каучук жоғары молекулалық қосылыстарға жатады. Сыртқы күштің әсерінен оңай деформацияланып одан кейін бұрынғы қалпына тез келеді. Бүл жағдайды былай түсіндіруге болады: каучуктьщ макромолекуласы бүктелген күйде болады да, түскен күшті алғаннан кейін қайтадан бүктеледі. Резинаны дайындау үшін табиғи және синтетикалық каучуктерді қолданады. Табиғи каучук Бразилияда өсетін «Гевея» деп аталатын өсімдіктің сүтті шырынынан алады. Анализ арқылы каучуктьщ көміртек пен сутектен тұратыңдығын, яғни көмірсутегі класына жататынын көрсетеді.

Каучуктың макромалекуласы изопреннің элементарлық звеноларынан түрады. Каучук молекулалары қүрылысы сызықтық болады, бірақ олар түзу, созылмай, түйіншек тәрізді оралып, бірнеше рет иіліп жатады. Табиғи каучук бензинде, бензолда, күкіртті көміртекте және т.б. ериді. Табиғи каучук негізінен резина алуға қолданылады және де оның ең көп мөлшері автомовил шинін дайындауға жұмсалады да тек 1%-ғана аяқ киім өндірісі мен желім жасауға қолданылады. Синтетикалыц каучук (СК). Қолдануына байланысты СК жалпылай міңдет атқаратын және арнайы міндет атқаратын болып бөлінеді. Жалпылай міндет атқаратындар: бутадиен (СКБ), бутадиен-стирол каучугі (СКС); арнайы міндет атқаратын каучуктер — бутадиен-нитриль (СКН), хлопренді (найрит) , бутилкаучук, тиоколовый, сиоиконовый (СКТ) және т.б.

Синтетикалық    бутадиен-стирол    каучуктарын    (СКС) бутадиенмен стиролды сополимерлеу арқылы алады.

Курстық жұмыс / 32 бет