Тәжірибелерді демонстрациялау техникасы курстық жұмыс

Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ. 1. Тәжірибелерді демонстрациялау техникасы
ІІ. 2. Заттар мен процестерді демонстрациялау әдістері
ІІ. 3. Сөзді тәжірибе көрсетумен үйлестірудің негізгі түрлері
ІІ. 4. Оқушылар білімі сапасының тәжірибелерді демонстрациялау әдісіне тәуелділігі
ІІ. 5. Тәжірибелер демонстрациялаудың әртүрлі әдістерінің тиімді болу шарттары
ІІ. 6. Заттар бейнесін демонстрациялау
ІІ. 7. Приборлар, аппараттар суреті салынған таблицаларды пайдалану
ІІ.8. Химия сабақтарында интерактивті тақта, электронды оқулықтарды және слайдтарды пайдалану
ІІ. 9. Модельдер мен макеттерді демонстрациялау
ІІ. 10. Үлестірме материалдарды пайдалану
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қосымша
V. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Көрнекілік құралдары туралы. Педагогикалық әдебиетте «көрнекілік құралдары» термині турліше түсіндіріледі. Біреулер көрнекілік құралдарына көру арқылы қабылданатынды ғана жатқызады, иллюстративті көрнекі құралдарды ғана қалдырып, заттар мен процестерді көрнекі құралдар қатарынан шығарып тастайды. Екіншілері, керісінше, бұл ұғымның мазмұнын кеңейткісі келеді, бейнелі сөзді таңдаудан тұратын елестерді, көркем әдебиет оқуды осыған жатқызады. Бұл елестер ұқсас болғанымен түзілу жолдарыәр түрлі. Біреулері жоғары дәрежелі нерв қызметінің бірінші және екінші сигнал системаларының өзара әрекеттесуі негізінде қалыптасады, басқалары – тек екіншінің әрекеті.

Химияны оқытуда оқушылар заттар қасиеттерін және құбылыстарды көру ғана емес, басқа анализаторлардың жәрдемімен де танып біледі. Бірінші және екінші сигнал системаларының әрекеттесуі арқылы қабылданатындардың бәрі көрнекілік құралдарына жатады. Заттарды қабылдау процесі оның бейнесін қабылдау процесінен басқаша болғанымен, суреттерді қабылдауда бірінші сигнал системасының едәуір ролі бар. Сондықтан иллюстративті көрнекі оқу құралдары да көрнекілік құралдарына жатады.

Химияны оқытуда мынадай көрнекілік құралдар қолданылады:

1)      заттар үлгілері, жабдық заттары, физикалық және химиялық процестер (зат көрнекілігі);

2)      бейнелеу көрнекі құралдары – суреттер, диапозитивтер, оқу фильмдері, макеттер және басқа көлемдік көрнекі құралдар;

3)      шартты (символикалық) көрнекілік құралдары – диаграммалар, схемалар, графиктер және т. б.

Оқушылар мектептегі сабақтарда, мектептен тыс экскурсияларда және еңбекке үйренгенде оқу мақсаттары бойынша заттарды және процестерді бақылайды.

Мектепте оқушылар мұғалім демонстрациялайтын заттар үлгілерін, приборларды және процестерді бақылайды, немесе үлестірме материалдарды қарастырады.

 Курстық жұмыс / 32 бет