Резина өндірісінің жалпы процестері туралы қазақша реферат
Резина өндірісінің жалпы процестеріне:
- резина қоспасы мен жартылай фабрикаттарды дайындау
- матаны резеңкілеу
- шприцование
- резина өнімдерін жинау
- вулканизация
Резиналық қоспа- көп компонентті жүйе, оның құрамына каучуктен басқа белгілі бір рет бойынша қосылатын әр түрлі ингредиенттер кіреді.
Қазіргі заводтарда резиналық қоспаны автоматты-ағынды түрде жасалынады.
Жасалу технологиясына байланысты былай жасалуы мүмкін:
1) бірсатылы резиналық қоспаны дайындау (РСВД-250-20, РСВД-250-30, РСВД-250-ПМ)
2) бір ғана резина араластырғышты қолдану арқылы екісатылы дайындау (РСВД-250-30, ДРС-250)
3) әр түрлі резина араластырғышты қолдану арқылы екісатылы дайындау (РСВД-250-40, РСВД-250-30)
4) бір сатысында периодты түрде резина араластырғышты, ал екінші сатысында червякты араластырғышты (Трансфермикс) қолдану арқылы екісатылы дайындау
5) ұнтақ тәрізді каучукты қолдану арқылы қоспаны үздіксіз дайындау процесі