Резина бұйымдарын дайындау туралы қазақша реферат
Қолдануына байланысты резиналар мынадай топқа бөлінеді.
1. -50+150°С температурада қолданылатын, жалпы міндет атқаратын резианалар, (шиналар, аяқ-киім, ремендер, амортизатор және т.б.)
2. 150°С жоғары температурада қолданылатын температураға тұрақты резиналар (машина, самолет деталдары, электродвигательдер, және т.б.)
3. Аязға тұрақты резиналар.
4. Озон, оттегі, қышқыл, сілті тұздар және т.б. химиялық реагентгерге тұрақты резиналар.
5. Бензин, керосин, мұнай, майға тұрақты резиналар.
6. Жылу изоляциялық материалдарға қолданатын газ толықтырғыш резиналар.
7. Рентген аппараттарының деталдарын дайындауға қолданатын радиацияға тұрақты резиналар.
8. Кабелдерді изоляциялауға және т.б. қолданылатын диэлектрикалық резиналар.
Резина бұйымдарын өндіру үш негізгі сатыдан тұрады: шикі резинаны дайындау, формалау, вулкандау.
Шикі резинаның қоспасын дайындауға мынандай операциялар кіреді:
1) каучук пен ингредиент дайындау. Ингредиент резина қоспасының құрамына кіретін әртүрлі органикалық және минералдық заттар.
2) Компоненттерді өзара араластыру.
3) Алынған қоспаларды дайындау және формалау. Резина бұйымдарын әрі қарай қолдану жағдайына
байланысты әртүрлі мөлшерде резина қоспасының құрамына бірнеше ингредиент компоненттері кіреді. Мысалы, солтүстікте, оңтүстікте және тропикте жұмыс істеуге арналған мөлшері де конструкциясы да бірдей шиндер әртүрлі рецепті қоспалардандайындайды. Сондықтан әртүрлі резина бұйымдарын алу үшін қоспаның кұрамы әртүрлі болады. Кестеде кейбір резина қоспаларының шамамен алынған құрамы көрсетілген.
Резина қоспасының шамамен алынған мөлшері
Резина | Каучук түрі | 100 салмақ бөлікке каучукқа келетін қоспа құрамы | ||||
|
|
Вулка низат ор | Жылда м
датқыш |
Үдеткіш | Ескіруге қарсы | Пласти фикатор |
Жұмсақ | НК | 2,75 | 1,5 | 55 | 1,0 | 4,0 |
Жұмсақ | СКБ | 1,56 | 1,8 | 65 | 1,0 | 2,5 |
Жұмсақ | скс-30 | 2,0 | 0,6 | 55 | 0,45 | 7,0 |
Жүмсак | СКН-40 | 1,5 | 0,8 | 50 | — | 1,5 |
Эбонит 1-ші сорт | Кез-келген | 25-35 | 0,5 | — | — | — |
Эбонит 2-ші сорт | Кез-келген | 25-35 | 0,2 | — | — |
Резина бұйымдарын дайындаудың ең соңғы сатысы вулкандау болып табылады. Вулкандау кезінде бұйымның формасы бекиді.
Вулкандау процесі кезінде каучуктың сызықтық құрылымды макромолекуласы, вулкандаушы қоспаның (күкірт және органикалық асқын тотығы) катысуымен, өзара көлденең байланыстармен байланысып кеңістіктік құрылым түзеді.
Вулканизатордың мөлшеріне байланысты жұмсақ және қатты эбонит резина алуға болады. Вулкандағаннан кейін шикіжойып, иілгіш солқылдақ, мықты және химиялық реагенттерге тұрақты болады.
Вулкандау процесі 125-180°С температурада арнаулы аппаратта (қыздыратын қазан, пресс, автоклав пресс) 0,3-0,5 МПа қысымда, қаныққан бу атмосферасында, ыстық ауада және т.б. жағдайда жүреді.