Ресторанда қызмет көрсету және дайындық бойынша барлық жұмыстардың негізгі жарлықшысы және ұйымдастырушысы болып метрдотель немесе ресторан менеджері табылады. Таңертең метрдотель жұмысқа келгенде сауда бөлмелерінің жағдайларын тексереді: тазалау жұмысының сапасы, жиһаздың, жабдықтардың, жарықтың дұрыстығы және бар болуы, табылған кемшіліктерді жою үшін шаралар қолданады.
Адамзат цивилизациясының тарихи түрлі себептермен жиналу дәстүрі болмаса, әлде қайда кедейірек болар еді. Бұрында оларды той (пир) деп атаса, қазірде оны банкет деп атайды. Алайда мәні бір – иесі қонақтарға құрмет көрсетіп шақырады, ал қонақтар шақыруды қабыл етеді. Бүгінгі күндері тамақ және ішімдікдермен жаппай мейрамдарды түрлі себептер бойынша ұйымдастырылып түрлі деңгейде өткізіледі.
Банкет менеджері қонақтардан өзіне құрметті шақыру керек және сол уақытта өзінің қол астындағы персоналдарға жақсы ұйымдастырушы және басқарушы болу керек. Осылайша, банкетті менеджер ресторан бойынша қызмет көрсетуден ең ірі маманы болады екен. Ол барлық банкеттер типтерін және дәмтатымдарды, тамақты және сусындарды қалай ұсыну керектігін білу қажет.
Банкет-қабылдаулар қызмет көрсету формасына байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: үстелде даяшылармен толық қызмет көрсету банкеті, үстелде даяшылармен жартылай қызмет көрсету банкеті, фуршет, банкет-коктейль, банкет-шай, аралас қызмет көрсетуімен банкет-қабылдау. Осылардың бастапқы екеуі өз кезегінде таңғы ас, түстік немесе кешкі ас болуы мүмкін.