Полиорганосилазандар

Сызықты полимерлер – органикалық еріткіштерде жақсы еритін, балқу температурасы 150 ден 320оС дейіңгі аралықта болатын, полициклды құрылымды полимерлер – қатты түссіз нәзік зат, тұтқырлы өнімдер болып табылады. Полиорганосилазандар бейтарап және әлсіз сілті ортасында судың әсеріне тұрақты, бірақ қышқыл ортада ыдырап кетеді, спиртпен қыздырғанда алкоголизге ұшырайды. Төмеңгі молярлы полимерді алкилхлорсиландардың аммиакпен немесе біріншілік аминдермен аммонолиздеу арқылы алады, мысалы:

n (CH3)2 SiCl2+(2n-1) NH3

H2N-Si (CH3)2 [-NH-Si (CH3)2 -] n-1NH2+2NH4Cl

Бұл реакция циклды қосылыстардың түзілуімен жүзеге асады. Мольдік валы 5000 дейіңгі полимерлерді органоциклосилазандардың иондық полимеризациясы арқылы алады. Полиорганосилазандар гидрофобизаторлар секілді әр түрлі құрылыс материалдары және жабындар ретінде, сонымен қатар кремнийорганикалық полимерлерді, эпоксидті смолаларды және полимерлі компаундтарды қатырғыш ретінде тәжірибелік қолданысқа ие болды.