Полиорганосиландар

Полиорганосиландар төмен химиялық және термототықтырғыш тұрақтылығымен ерекшеленеді, себебі Si – Si байланысы сілтінің немесе тотықтырғыштардың әсерінен силанольды топтасу Si – OH түзіп ыдырайды. Сол себепті полиорганосиландардың тәжірибелік қолданысы біршама қиындау болып табылады. Негізгі органикалық макромолекулалық тізбегі бар полиорганосиландар, мысалы полиорганосилоксандарға қарағанда, оларға жоғарғы жылуға тұрақтылық қасиеті тән болмағандықтан, практикалық маңызы төмен болып келеді.