Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық және әдіснамалық. Педагогикалық зерттеу типтерінің ерекшеліктері.
Педагогикалық зерттеу тиянақты және ұзақ дайындықты қажет етеді, оның барысында мыналар жүзеге асырылады:
- Тақырыпты бөліп алу, зерттеу мәселесін алдын ала анықтау.
- Әдебиетті таңдау мен талдау.
- Мәселелерді, болжам мен зерттеу міндеттерін анықтауды нақтылау.
- Зерттеу әдістерін іріктеу, әзірлеу және сынау.
- Ұйымдастыру кестесін таңдау және эксперимент өткізу.
- Алынған мөліметтерді өңдеу және талдау.
- Эксперимент дайындау мен өткізу.
- Алынған мәліметтер қорытындысы мен төжірибелік ұсыныстар негізінде құрастыру.
Аталған зерттеулер кезеңдері кез келген жекеленген тәуелсіз зерттеу ретінде жүргізіліне алады. Осыған байланысты педагогикалық зерттеудің мына типтерін айыруға болады:
1) талдау шолу;
2) сындық шолу;
3) теориялық;
4) эмпириялық суреттемелі;
5) эмпириялық түсіндірмелі;
6) әдістемелік.
Талдау шолу
Зерттеу тақырып бойынша қажетті әдебиетті сұрыптап оқуды, одан әрі бұл материалдарды жүйелі түрде мазмұнын ашып, талдайды. Бұл алынған тақырыпқа арналған зерттеулерді толық көлемде беріп, сыни түрде бағалауға жол ашады. Мұндағы негізгі міндет — қолданылатын әдебиет арқылы істің жалпы ахуалын білу, жауаптары дайын сұрақтарды бөліп алу, жауап күттіретін сұрақтарды да ерекше көңілге алу керек.
Әдебиетті оқу нәтижесінде, жинақталған ақпарат, ғылыми реферат ретінде ұсынылып, өткізілген зерттеулер мен оның нәтижелерінің қысқаша мазмұнына шолумен қатар бар дережелердің тыңғылықты талдауы да беріледі.
Реферат қорытындысында қойылған мәселенің іс жағдайына жататын қорытынды шығарылады: таңдалған тақырыпқа байланысты атқарылған шаралар, алда орындалатын істер айқындалады.