Педагогикалық зерттеу типтеріне қойылатын талаптар

Талдау-шолу зерттеулері, сын түрінде де ерекшеленіп, сыни шолу деп аталады. Бұл жағдайда міндетті шолу талданбалы бөлігінен басқа осы мәселе бойынша нелер орындалғаны жөнінде егжей-тегжейлі және дәлелді сын да, осыған сәйкес қорытындылар да ұсынылуы тиіс. Сындың талдауда реферат авторының дербес ойлары, сонымен қатар алға қойылған мәселені шешу мүмкіндігіне қатысты идеялары көрініс табуы тиіс.

Теориялық зерттеуге әдебиетке шолу мен сындың талдау жасаумен қатар, қойылған мәселені шешуге бағытталған автордың теориялың ұсыныстары жатады. Бұл автордың шешілуге тиіс мәселе  теориясына қосқан үлес салмағы, оның жаңа қырлары, ерекше көзқарасы.

Эмпириялың немесе тәжірибелі зерттеулер негізін әдеби деректер, ұғымдар емес, нақты, соны фактілер құрайды. Эмпириялық зерттеулер қажетті деректерді анықтау мен жинау үшін жасалынады, экспериментті жағдайларды тудыруды алға қоймайды. Мұндай типтегі зерттеуде ғалым немесе тәжірибеші олардың тікелей қатысуынсыз өмірде болатын жайттарды қадағалайды, бекітеді, суреттейді, талдайды және қорытынды шығарады. Эмпириялық зерттеулер суреттемелі және түсіндірмелі болады.

Бірінші типтегі зерттеуде жазылған нысандар мен құбылыстарға қатысты кейбір жаңа фактілер тәжірибелі түрде табылып, суреттеледі.

Түсіндірмелі эмпириялық зерттеу — жинақтау мен талдау ғана емес, алынған деректерге түсініктеме берумен ерекшеленеді. Мұндай түсініктемелер деректер арасында себептер мен себеп салдарын құрайды.

Ерекше топқа әдістемелік зерттеулерді жатқызуға болады. Бұлардың негізгі мақсаты — кейбір жаңа әдістемелерді тәжірибеде дайындау мен негіздеу, олардың сенімділігі мен дәлелділігі тұрғысында тексеру, немесе анықталған белгілерін құрастыратын әдістемені дүниеге келтіру.

Теориялы ерекшеліктегі зерттеулер мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

  1. Қолданылатын ұғымдар анықтамасының дәлдігі мен логикалылығы, пайымдаулардың қарама-қайшылықсыздығы.
  2. Реферат мәтінінің қисындылығы мен сауаттылығы, оның дұрыс толтырылуы мен қазіргі заманға дәл библиографиялың талаптарға сай келуі.
  3. Жұмыс мазмұнындағы алғашқы дерек көздердің өңделу тереңдігі.

Эмпириялық ерекшеліктегі зерттеулерге мынадай талаптар қойылады: ұсынылатын әдістемелер қажеттілік, сенімділік, анықтылық пен бірмәнділік талабына сай болуы тиіс.

Егер жасалынатын әдістеме қалыптастырушы типте болса, онда кең көлемде теориялың негіздеме ұсынылуы және қалай әдістеме көмегі арқылы қалыптасатыны көрсетілуі, сонымен бірге бұл әдістемені тәжірибеде қайда, қалай және қашан қолдануға болатыны айқын көрсетілуі тиіс.