Сабақ жоспары:
Педагогикалық тәжірибенің зерттеу әдістері.
Педагогикалық тәжірибені айқындау мен оқудың ұйымдастыру формалары.
1. Педагогикалық тәжірибені әдіс ретінде зерттеудің ерекшелігі мұнда, ол басқа да жеке әдістер мен тәсілдерді қолдану жолы арқылы жүзеге асырылады: бақылау, әңгіме, сауалнама өткізу, мектеп пен білім мекемелерінің құжаттарымен танысу.
Мектеп тәжірибесін зерттеуде сауалнаманың бірқатар белсенді жақтары бар: сауал арқылы аз уақыт ішінде салыстырмалы деректер алуға, алынған материалдарды өңдеудің сандың әдісін қолдануға болады.
Түрлі мектептерге жіберілген сауалнама деректері зерттеушіні бүқаралың тәжірибеде бағдар беруге, жаңа ері озық тәжірибе элементтерін табуға көмектеседі. Бірақ та, сауал арқылы алынған деректер педагогикалық зерттеуде негізгісі болып табылмайды. Сауалнама оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға, мектеп әкімшілігіне жолдануы мүмкін. Сауалнама оқушының оқуға деген көзқарасы, төртібі, мінез-құлқы, өмірлік жоспарлары жөнінде материалдар алуға мүмкіндік береді.
Мектеп тәжірибесін зерттеудегі сауалнамалар деректерін сандық өңдеу кез келген құбылыс, даму қайшылығын анықтауға мүмкіндік береді.
Анкетаға сапалы таңдау жасау зерттелетін құбылыстың ішкі құрылымын ашуға көмектеседі. Мектеп тәжірибесін зерттеу кезіндегі сауалнама әдісі суреттемелі ерекшеліктегі ғылыми міндеттерді шешу үшін қолданылады.
Әңгіме алдыңғы қатарлы тәжірибені оқу үшін кең қолданылады. Әңгіме — мұғалім, класс жетекшісі, оқушылар, т.б. жөніндегі жалпы сипаттама беретін материал әңгімеде бұрын болған және қазіргі уақытта бақылауға болмайтын кейбір құбылыстардың суреттемесін алуға болады. Әңгімеде мұғалім тәжірибе алады, өз тәжірибесін жолдайды, өзінің неге солай әрекет еткенін түсіндіреді. Әңгіме өткізу зерттеушіден белгілі бір шеберлік пен дағдыны талап етеді. Егер әңгіме оқушылар тәртібіне бақылау деректерімен бекітіліп бақыланса, оның материалдары үлкен нақтылыққа және ғылыми құндылыққа ие болады.
Зерттеуші үшін түрлі мектеп құжаттарымен танысу қызықты материалдарды береді, Мектеп құжаттарын екі үлкен топқа бөлуге болады: педагогикалық ұжымның I қызметін айқындайтын және балалар ұжымының өмірі. Мектеп жоспары және есептері мен мұғалімдер бірлестігі, үйірме жетекшілері, педагогикалық кеңес пен басқа да құжаттармен танысу мектептің даму жолдарын, оның дамуындағы қайшылықтар, қызықты жұмыс формаларын айқындауға жол салады. Зерттеушілер үшін күнделіктер, балалар ұжымы мен жеке оқушылар өміріне бақылау үлкен қиындық туғызады. Балалар әрекетінің нәтижелері де тиянақты зерттеуді талап етеді: шығармалар, суреттер, дәптерлер, бұйымдар, т.б.
Мектеп, балалар ұжымы өмірін көрсететін құжаттарды оқу үлкен қызығушылық тудырады: қабырға газеттерінің тігіндісі, күнделіктер, журналдар, т.б. Жиналған материалдар, деректер бір-бірін толықтырады, оқылатын құбылыстағы жаңа талаптарды керсетеді.
2. Ашық сабақтарды оқу тәрбие процесінің түрлі тақырыптары мен мәселелері бойынша жүргізуге болады. Нақты педагог тәжірибесі алдыңғы қатарлы болып қаралады және басқалардың жетістігіне айналады.
Педагогикалық кеңестер педагогика мәселелері бойынша іске асырылады. Мұнда алға қойылған сұрақтары талқыланады, жеке мұғалімдердің, топтардың және тұтас ұжымның жұмысына табыс әкелген жағдайлар мен істері талқыланады. Талқыдан кейін алдыңғы қатарлы тәжірибені қолдану туралы ұсыныстар енгізіледі.
Ғылыми әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік конференция. Тәжірибені зерттеу мен жинақтаудың табысты формасы. Конференция тақырыбына сәйкес мұғалімдер әдебиетпен танысады және әріптестері тәжірибелерінің мәнің анықтайды.
Педагогикалық көрме. Мұнда дидактикалық материалдар, түрлі әдістемелік талдамалар, жоспарлар үлгісі және т.б. ұсынылады.
Педагогикалық оқуларда мұғалімнің өз тәжірибесін талдау, мазмұндау және жинақтау көзделген. Таңдаулы баяндамалар журналдар, жинақтарда жариялануға ұсынылады.
Пікір таластар мен пікір сайыстар — оқу-тәрбие жүмысының өзекті мәселелері бойынша жүргізіледі. Олар ауызша және жазбаша түрде өткізіледі. Түрлі мұғалімдердің айтатын пікірлері бір-бірін толықтырады немесе бір-біріне қарама қайшы келеді.
Педагогика жөніндегі семинар сабақтары Семинар таңырыптары оқу жылына немесе бірнеше жылға белгіленеді. Теориялық және әдістемелік материалдар оқылады, мұғалімдердің жеке төжірибесі талданады.
Педагогикалық кеңестер
Жазбаша және ауызша болуы мүмкін. Оларды тәжірибесі жеткіліксіз, жас мамандар үшін тәжірибелі ұстаздар өткізеді. Өз-өзін жетілдіру бұл кез келген педагог үшін басқа тәжірибені, егер ол баяндама, мақала, кітапша, монография, т.б. түрінде жинақталған болса, үйренудің қол жететін, тиімді түрі.