Озық тәжірибеге қойылатын талаптар

Сабақ жоспары:

Алдыңғы қатарлы педагогикалық (озық) тәжірибені зерттей білудің жалпы сипаттамасы. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені анықтаудың сапалық көрсеткіштері.

Ғылыми-зерттеудегі педагогикалық тәжірибе анализінің орны. Жетістіктері мен кемшіліктері.

1. Озық тәжірибе — бұл мұғалімнің биік шеберлігі, яғни жоғары педагогикалық нәтиже беретін тәжірибе.

Педагогикалық тәжірибе — мұғалімнің педагогикалық қызметінің нәтижесі, өз алдында тұрған педагогикалық міндеттерді жүзеге асырудың кәсіби шеберлігінің жиынтығы.

Алдыңғы қатарлы тәжірибе деп мол нәтижені аз уақыт және күш жұмсашршынған тәжірибе аталады. Мұғалім тәжірибесінде жаңа, оригиналды ештеңе болмауы да мүмкін, бірақ ғылыммен белгіленген әйгілі принциптер мен қолдану негізінде, ол педагогикалық шеберлікке қол жеткізбеген мұғалімдер үшін жақсы үлгі болары сөзсіз.

Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің сапалары мыналар:

— педагогикалық тәжірибенің тиімділігі, оңайлығы (оқу-тәрбие процесінде жоғары нәтижелерге аз күш жұмсай отыра жету, бұл тәжірибенің басқаларға, басқа да оқу және тәрбие меселелерін шешуге кедергі болмауы тиіс);

— тәжірибенің тұрақтылығы, яғни оның нақ уақытты қызметі;

-оқу-тәрбие керісінің жоғары сапалық және сандық нәтижелер көрсеткіші;

1. тәжірибенің келешектегі, бір педагогтың тәжірибесін қайталау және шығармашылық қолдану мүмкіншілігі.

2. Педагогикалық тәжірибені әдіс ретінде зерттеу мәселені зерттеудің түрлі кезеңдерінде қолданылады. Осыған орай, зерттеудің белгіленген кезеңінде шешілетін міндеттер ерекшелігіне қарай педагогикалық тәжірибенің әр түрі зерттеуге түседі.

Педагогикалық тәжірибені зерттеудің әдісі ретіндегі құндылығы, оны педагогикалық шындықпен оқыту және тәрбие тәжірибесімен мол мүмкіндік береді.

Тәжірибені зерттей отыра біз педагогикалық тәжірибенің табиғи жағдайдағы нақты бейнесін құрауға, тиімді жақтары мен осал тұстарын анықтауға мүмкіндік аламыз.

Педагогикалық тәжірибені зерттеу педагогикалық қызметтің ішкі ерекшеліктерін бекітуге жол береді. Бұл әдіс түрлі оқу-тәрбие жүйесін бейнелеуге, жекелеген әдістер мен тәсілдерді, оқытушы жұмысының стилін, өткізілетін жұмыстардың оқушыларға әсерін ашуға көмектеседі. Тәжірибені зерттеу тікелей педагогикалық нақтылықпен танысуға, оларды ғылыми терминдерде суреттеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық тәжірибені зерттей отырып, біз құбылысты тұтас қамтимыз, сонымен бірге зерттеуде оның арнайы зерттеу нысаны болатын  мәнді жаңтарын бөліп те қараймыз. Мұндай тәсіл кезкелген педагогикалық құбылысты сипаттайтын қажеттік мөлшердегі деректер алу мүмкіншілігін тудырады. Педагогикалық деректер мен олар арасындағы қызметтікі байланыстар — бұл ғылымның эмпириялық негізі, әдістің зерттеу тәжірибесі сонымен қатар шектелуімен байланысты. Шындықпен тек тікелей түйісуге  тіректелген таным, нысанға тым байланысты болып шығады да, заттардың тек жалған көрінісін көзге түсіреді.

Бұл әдістің тағы бір әлсіз жағы бар: педагогикалық тәжірибені зерттеу — бұл өмірде, бар танымдарды тану.  Алайда, егер ғылым тек дүниеде барды ғана тіркеп, болашаққа көз салмаса, онда ол бір орнынан қозғалмай, тәжірибе алға жылжымас еді.