Отбасының заман талабына сай мәселелері туралы қазақша реферат
Отбасының ішкі қатынастары өз күн көрісі мен толық жарамды азамат тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілікті өз бетінше реттейді.
Жаңа жағдайға қойылған қазіргі отбасы кейбір өзгерістерді бастан кешеді. Отбасы әлеуметтік иниститут ретінде өзінің өзіндік қызметін жоғалта отырып, қоғамдағы өз көзқарасын жоғалтады. Сыртқы факторлардан өзге кез келген отбасы, табиғи өмір жолынан өткен кезде сол жолда туындаған мәселелермен ұшырасады. Отбасы мүшелері өз тобын тұтастық ретінде сақтауға қабілетсіз болған жағдайда, отбасы әлеуметтік жұмыстардың объектісі болады.
Қазақстанда бала туу үдерісінің күрт төмендеуі жай өндіруді қамтамасыз ету үшін қажетті деңгейден төмен әрі тез құлдырайды. Халықты жай өндіру шегі 2,1-2,2 (өлім деңгейіне байланысты) тең келетін туып көбеюшіліктің жиынтық коэффицентінің шамасына сәйкес келетіні белгілі. Осы шмадан аз коэффиценттер бала туу деңгейінің өте төмендігінің айғағы. Қазақстанда бала туу деңгейінің жиынтық коэффиценті: 1989 жылдан 1999 жылға дейінгі кезең ішінде 1988-1989 жж үшін әр әйелге 2,8 балаға, 1992-1995 жж кезең үшін 2,5-ке дейін және 1996-1999жж кезең үшін 2,1-ге дейін төмендеген.
Балалы болуға қалыптастыруға отбасы өмірінің жағдайы көп әсер етеді, сонымен бірге отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы отбасының өзінің субъективтілігі ретінде бағаланады.
Қазақстан әйелдері үшін басқа елге де тән туу ерекшелігі байқалады: білім деңгейінің өсуі мен туудың төмендеуі.
Туудың негізгі өзгерістері балалардың идеалды және ықыласты сана сияқты сипаттарының жай өзгеруінен көрінеді. Барлық әйелдер үшін балалардың идеалды саны 2,8 күйеуге шыққан әйелдер үшін -3,0 болып табылады. Осы мәліметтер 1995 жылмен салыстырғанда 0,1-ге азайды, ал ер адамдарда балалардың идеалды саны әйелдерге қарағанда 0,2-ден жоғары. Халықтың көбею және неке тәртібін зерттеу этникалық, әлеуметтік, жыныс жасы діни тәнділігі, сол сияқты тұрғылықты жері бойынша айырмашылығын анықтады. Көбею деңгейін анықтау азиат ұлтының өкілдері (қазақтан басқа әзербайжан, өзбек, тәжік және т.б.) үшін отбасындағы балалардың идеалды саны 4,97 бала болып табылады. Осымен қатар олар некеге тұрудың ең жас идеалды жасы (жігіттер-23,9 жас, қыздар үшін 20,03 жас) мен ең ұзақ көбею жасын (20 жаста бірінші бала, 40 жастан кейін соңғы бала) көрсеткен.
Қазақстан халқының көбею тәртібінің жаңа түріне өтуінің түпкілікті және туу айырмасындағы жетілдіру үдерісінің одан әрі дамуының аяқталу шамасына қарай, барған сайын маңызды болып, қоғамның демографиялық біртектілігі өседі.
1994 жылы неке саны 145686, ал ажырасу саны 41567 болса, 1998 жылы неке саны 96048, ажырасулар 35460, яғни халықтың 1000 адамына, 1994 жылы неке 7,5, ажырасу 2,6 болса, 1998 жылы 6,4, ажырасу 2,4 болған. Яғни, төрт жыл ішінде неке саны қысқарған, егер жылдармен салыстырсақ, онда ажырасулар саны қарқынды өсуде.
Некеге тұрушылар санының қысқаруы байқалады. 1998 жылы халықтың 1000 адамына 6,4 неке, 1990 жылы 9,8 неке қиылған яғни осы мерзім ішінде некелік 1,7 есе кеміген.
Неке санының қысқаруына қарай ажырасу саны мүлдем өзгермеді. Қазақстандағы ажырасу жоғары деңгейде қалып отыр. Егер 1990 жылы 3,76 некеге 1 ажырасудан келсе, 1998 жылы 1 ажырасуға 2,4 некеден келді. 1997 жылы неке саны 1000 тұрғынға 6,6, ал 1998 жылы 6,4-ке теңестірілді, яғни тұрақты түрде төмендеген.
Әрине, әлеуметтік қызметкер жеке отбасы мен оның мүшелерінің барлық мәселесін шешпейді, ол әлеуметтік топқа туындаған қиыншылықтарды өз бетінше жеңе білуге көмектесу мақсатында, тек ынталандырып немесе оңтайландырады. Бұл жағдайда отбасы мәселелерін шешуде отбасы мүшелерінің шын мүдделігі сол сияқты әлеуметтік қызметкер ықпал етуге қабілетті өз бетінше шешім қабылдауға дайындығы орасан рөл атқарады.
Ата-ана мен баланың, ері мен әйелінің құқықтық тәртіп нормалары некенің заңдық негізін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының 1998 жылы күшіне енген «Неке және отбасы туралы» Заңы 1996 жылғы бұрын қолданылған « Неке және отбасы туралы» кодекстің орнына жүрді. Осы заңның екінші бабында еркек пен әйелдің некелік одағының еркіндік, отбасындағы жұбайлар теңдігі, отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісім бойынша шешу принципін белгілеп, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік, діни тиістілігіне қарай некеге тұру және отбасы қатынастары кезінде азаматтар құқығын шектеудің кез келген түріне тыйым салады.
Біздің елімізде, әсіресе оңтүстік аймақта әйелдерге бөгет жасайтын кедергілер еркек пен әйел арасындағы теңсіздік болып табылады. Отбасын жоспарлау мәселесі үнемі әйелге байланысты болмайды.
Бала туу мен тәрбиелеу, күнделікті мәселелерді шешуге байланысты дәстүрлі қызметтермен қатар отбасы қазіргі өмірдегі тез өзгеретін қиын жағдайларда адамға күн көріп кетуге көмектесетін сенімді психологиялық «баспана» болып танылған.
Отбасы орнықты әлеуметтік институт ретінде қазіргі кезде оның даму үдерісін қалыптастыратын күштерді түсінбеумен кездеседі. Отбасы әлеуметтік институт, бұл жерде отбасы қоғамдағы әлеуметтік құрылымның элементі ретінде қаралып, қоғамның экономикалық базисінің, өндірісінің тәсіліне тәуелді болады, балалардың денсаулығы мен тәрбиелері үшін жұбайлардың құқықтық және моральдық жауапкершілігінен туатын, неке негізінде жасалатын институт ретінде қаралады. Әлеуметтік институт ретінде отбасы дамуының көзі жүйе дамуында кедергі тудыратын эндогамды факторлар және экзогамды факторлар болып табылады. Отбасының бұзылуы жұбайлардың отбасылық тәртібінің өзгеруінен (мысалы, сатқындық) немесе отбасылық қатынастарға жұбайлардың біреуінің ата-анасының араласуынан туған даудан болуы мүмкін.
Сондықтан, отбасы әлеуметтік институт ретінде шыға отырып, өзінің отбасы мүшелеріне экономикалық, әлеуметтік, дене қауіпсіздігін, жас балалар, қарттар және науқас адамдарды қамқорлықпен қамтамасыз етеді, балаларды, жастарды әлеуметтендіру үшін жағдай жасайды, ең бастысы өзінің мүшелерін тек отбасында алуға болатын сүйіспеншілік, парыз, сезімдік қолдау, өмірдің қуанышы мен қиындығында бірлік сезімдеріне біріктіреді.
Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдаған Үндеуінде қазақстандықтарды салауатты өмір салтына қалыптастыруға және ең алдымен адамдардың ойлау жүйесін өзгертуге көп көңіл бөлінген. Әйел барлық уақытта да отбасын қорғаушысы, барлық бала-шағасының және үй-ішінің сақтаушысы болған. Отбасы өмірінің, отбасы дәстүрі мен нормаларының стилін қалыптастыратын әйел. Балалар үшін ең басты қорғаныш отбасысы болуы тиіс, мұнда балалар өздеріне қажетті жылулық, мейірімділік, ықылас алады, мұнда болашақ ұрпақты тәрбиелейтін қыз балаларды тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуі қажет. Ұл баланы тәрбиелей отырып, біз жеке тұлғаны, ал қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейтініміз белгілі.
Қазіргі кезде жұмыс істейтін әйелдерге ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Қазіргі әйел жұмысынан айырылып қалам деп өзінің әйелдік негізі: әйел, ана, әже болу қасиетін жоғалтып отыр. Жұмыс істейтін аналардың балалары жас кезінен бастап тек жұмыс күндері ғана емес, сонымен бірге демалыс және мереке күндері де өз еркіне жіберілген. Осы мәселеге де мемлекеттік ықпал қажет. Мүмкін, жұмыс уақытын бір-екі сағатқа қысқарту қажет. Ер адамдардың жұмысын ұзартып немесе әйелдерді демалыс және мереке күндері жұмыстан босату қажет. Осы мәселенің өркендеген мемлекеттерде қалай шешіліп отырғанын қарау қажет.
Қазіргі уақытта өмір сүру деңгейінің мәселелері қазіргі заманға отбасының күйзеліс беталысын айқындап отыр, оған мыналар тән:
— ажырасу санының өсуі;
— неке санының азаюы;
— некеден тыс одақтардың өсуі;
— жезөкшеліктің өсуі;
— бала туудың төмендеуі;
— әйелдердің күйеуінің қамқорлығынан босату және олардың өзара қарым-қатынасын өзгерту;
— некенің діни негізін жою;
— отбасындағы зорлық;
— некені мемелекет қоғауының әлсіреуі;
Жайсыз отбасылардың түрлерін қарайтын болсақ, оларға:
- Даулы отбасы — кең таралған;
- Биморальдық отбасы (маскүнемдік, төбелес, балағат);
- Педагогикалық дәрменсіз отбасы – жалпы мәдениет деңгейінің төмендігі және психологиялық-педагогикалық мәдениеттің болмауы;
- Әлеуметтік емес отбасы – көпшілік мақұлдаған әлеуметтік нормалар мен талаптарды елемеу жағдайы. Осы отбасыларда баланың психикасы мен тәртібінде (ерте жастан басталған алкогольдік, нашақорлық, үйден қашу және қаңғыру, жезөкшелік, суицид және девианттық тәртіптің басқа да түрлері) ауытқуды қоздырып бала дербестігін өзгертеді. [3]
Ұлттың еі бағалы игілігі – болашақ мемлекеттің өскелең ұрпағының денсаулығы мен саулығы қауіпқатерде қалды, Қазақстанда соңғы үш жылда отбасы шамасы қысқаруда, бұл мына факторлармен байланысты:
- Жас балалы отбасылардың санының өсуі;
- Некеге тұру жасы төмендеуінің артуы;
- Жас отбасыларды%1ң ата-ана отбасынан бөлінуге беталысы;
- Ажырасу, жұбайлардың біреуінің қайтыс болуы және жалғыз басты аналардың бала тууы нәтижесінде бір ата-аналы отбасы үлесінің ұлғаюы.
Қазақстандағы өмір сүру деңгейі бойынша отбасы құрлымын қарайтын болсақ, онда:
- Кедей отбасылары (күнелту минимумы)-35% отбасы;
- Аз қамтылған -27%
- Жоғарғы қамтамасыз етілгендер-8%(олардың ішіндегі байлары-4-5%) [4] .
Қазақстанда табысы төмен отбасылардың саны ұдайы өсіп отыр, осылардың өзіне асыраушысы жұмысынан айырылған, ұзаққа созылған ақысыз демалыстағы жұмыссыздығы жөнінде жәрдемақы алу құқығын жоғалтқан отбасылар қосылып отыр. Әлеуметтік қызметкердің пайда болған жағдайдағы міндеті – белгілі өмір сүру деңгейін сақтау және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына көмек көрсету. Бұл үшін кедей және өте кедей адамдардың қорғалмаған топтарын және «кім кедей» екенін анықтау қажет.
Қазақстанның әлеуметтік саясатты іске асыруға арналған мемлекеттік мекемелері халықтың қайыршылану қаупінде тұрған жекелеген категорияларына (бұлар көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналар, зейнеткерлер, әскери қызметкерлер отбасылары) кедейшілік «белгісі» үлесін алған жағдайда, кедейлерді «әкімшілік» тұрғыда анықтауды қолданады.
Кедейшілік өлшемін анықтауға қарай, қалыптасқан стереотиптерді қайта қарау қажеттілігі жетілгені анық. Бірақ, осы мәселе бойынша қолда бар ақпараттық-статистикалық мәліметтер базасы табысқа байланысты халықтың тұтыну құрлымын жеткілікті түрде толық көрсетуге мүмкіндік бермейді. Бұл үшін жаңа статистикалық бағдарлама әзірлену қажет, бұл өз кезегінде осы мақсат үшін қаржының жоқтығына келіп тіреледі.
Жоғарыда айтылған себептердің нәтижесінде қазіргі уақытта Қазақстанда кедейшілік өлшемі ретінде республикалық бюджет туралы Заңмен бекітілген есептік көрсеткіштің екі еселік мөлшері ресми түрде қолданылады, мұнда бюджеттің тек мүмкіндіктері ғана көрсетіліп, отбасының нақты қажеттілігі, не республика халқының өмір сүру деңгейінің динамикасы ескерілмейді.
Республикада нарықтық өзгерістерге байланысты жұмыссыздар армиясы едәуір өсіп, ертеңгі күнге деген сенім төмендейді және т.б.. Бұл мемлекеттен мемлекет және жалпы қоғам деңгейінде белсенді әлеуметтік саясат жүргізуді талап етеді. Демек, әлеуметтік саясат арқылы әлеуметтік араласудың қандайда бір түрі «болуы тиіс», осының нәтижесінде әлеуметтік және қоғамдық жұмыстардың жаңа заңдары мен жаңа түрлері болуы тиіс.
Осындай қызмет түріндегі әлеуметтік қызметкердің отбасымен жүргізетін жүйесі қалай жасалғанын, олардың қызмет істеуі отбасы жағдайына қалай әсер ететінін түсіну қажеттігімен аяқталады. Әлеуметтік қызметкердің міндеті осы жағдайдың балама түрін игеруі, яғни, нақты қандай отбасылар, олардың қандай проблемалары бар екендігі туралы ұғым болуы тиіс. Кез келген мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты қоғамның қажетті мәселелері болып табылатын, кедейшілікпен күресу болып табылады. Қазіргі уақытта біздің елімізде кедейлердің қатарында халықтың аз қамтылған бөлігі – зейнеткерлер, мүгедектер және т.б. ғана емес, олардың арасында жалқаулары күнелту минимумын қамтамасыз етпейтін бюджеттік сала қызметкелері, толық емес жұмыспен айналысатын қызметшілер де бар.
Бүгінгі күні кедейшілік халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ғана ретінде емес, сонымен қатар бүкіл қоғамның жалпы көңіл-күйін көрсетеді.
Бұрынғы Үкімет кедейшілікпен күресу жөнінде шаралар қабылданған. Солардың бірі – республикадағы әр отбасының ең кем дегенде бір мүшесін жұмыспен қамтамасыз етуге және жұмыс істейтін халықты еңбек қызметіне таруға ынталандыратын, жұмыс орындарын құруға бағытталған.
Қазақстан Республикасының «Кедейшілік және жұмыссыздықпен күресу жөніндегі Бағдарлама туралы 2000-2002 жылға арналған» 2000 жылдың 03 маусымындағы №833 Қаулысы. Бағдарлама күшінің мерзімі аяқталғанынан кейін Үкіметтің осы салада қабылдаған ісі соншалықты тиімді болғанын белгілеуімізге болады. Мысалыға, Ресейде мемлекет Басшысының бастамасы бойынша кедейшілікпен күрес кең масштабта дамып отыр. Осындай қадам жасаудың біздің елімізге де кезі келді.
2002 жылдың 25-ақпанында Парламент палатасының бірлескен мәжілісінде Премьер-Министир И.Тасмағанбетов өз сөзінде Үкіметтің жақын арадағы үш жылының іс-қимыл бағдарламасын атап өткен, онда «Әлеуметтік сала» тарауы басты мәселелердің бірі болды.
Үкіметтің бастамасы еліміздің қоғамдық өмірде іске асып, әр қазақстандық статистикалық агенттіктер белгілеген экономикалық өсімді өз басынан сезетініне сенгіміз келеді.
Баланың пайда болуы отбасының өмірлік деңгейін 30 пайызға төмендетеді. Мемлекет барлық қамқорлықты ата-анаға жүктеп қойды. Білім беру саласын комерциялау үдерісі өтуде. Көптеген отбасыларда, әсіресе, көп балаларға бұл жүк өте ауыр болып отыр.
Әлеуметтік депривация ауқымды сипат алып отыр, яғни балалардың күнелтуі, толық дамуы және әлеуметтенуіне қажетті материалдық және рухани жағдайы төмендеп отыр.
Көп ұрпақты отбасының өсуі келелі мәселе болып отыр. 1989 жылдан 1994 жылға дейін олардың үлесі 3,8 пайызға (18,1-ден 21,9 пайызға) өскен. Бұл ересек ұрпақтардың жас отбасы, жұмыс істемейтіндерге өздерінің зейнетақыларымен қолдау көрсете отырып, барынша белсенді түрде көмектесіп отырғанын білдіреді.
Әлеуметтік-экономикалық, психо-педагогикалық немесе биологиялық себептер бойынша пайда болған сәтсіз отбасыларға барынша келелі мәселе болып отыр.
Қазақстанда отбасылардың ең көбі жұмыс істеуге толық әлеуметті балалары бар отбасы немесе оларсыз тұратын қарапайым нуклеар, конъюгалды, баласы аз, симметриялды отбасылар. Осындай түрдегі отбасылар тең бөлінеді бұлар: әзірше балалары жоқ жас отбасылар және балалары бөлек тұратын ересек отбасылар. Қазіргі заманғы отбасы бұл – бір жынысты адамдар арасында неке жасалған жарымжанды отбасы (13%), адамдардың некеге тіркелмей бірге тұруы да отбасылық коммуна, мұнда жыныстық қатынастар еркін болады, бұлар жалғыз басты, ажырасқан аналар мен жесір әйелдер отбасысы. Мұндай отбасылар өздерінің әлеуметтік қызметтерін орындауға қабілетті емес. Сондықтан, кейбір ғалымдардың отбасы қазір күйзелісте деген пікірімен келісу қажет.
Қазақстандағы екі ерлі-зайыптылық жұп немесе оданда көбі енетін күрделі отбасылар әсіресе, ауылдық жерлерде аз емес. Күрделі отбасылар қазір өзгеріске ұшырап отыр. Бұған бірінші себеп- экономикалық жағдай. Қазіргі заманғы адам жұмыс іздеу себебіне байланысты бұрынғыға қарағанда, тұрғылықты жерін, мамандығын, кәсібін, жұмыс орнын жиі ауыстыратын болды, сондықтан да тұрғылықты жерін өзгертуге мәжбүр, жұмыс іздеу және мақсат аясын қанағаттандыру мақсатында нуклеар отбасылар бірігіп, күрделі отбасыны құрады.
Отбасының осы жіктелуі халық санағын жүргізу материалын әзірлеу кезінде пайдаланылды. Оның негізінде некелік жағдай, тұрмыстық байланыс және балаларының бар екендігі шарты жазылған.
Қазақстанда некеден тыс бала туушылық 2008 жылы -23% жалғыз басты аналар саны жыл сайын өсуде.
Әлеуметтік жұмыс объектісі болып табылатын отбасы түрлерін төменгі шарт бойынша бөлуге болады.
- Отбасы әртүрлі мәселелерді шешуде өз әлеуметі бойынша сараланады;
- Отбасының әр мүшесі басқа мүшелермен тілдеседі және өзінің сезімі мен тілектері туралы еркін сөйлеседі. Мұндай отбасыларда барлық мәселе бірге талқыланады, бұл әр отбасына қолайлы барынша ұтқыр шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
- Отбасы мүшелері арасында тілдесуі қиын отбасылар. Мұндай отбасыларда көбінесе табиғи бір-біріне деген үйіршектік бәсеңдейді. Осының нәтижесінде отбасының тұтастығы мен мызғымастығына қауіп туғызатын, даулар мен тартыстар пайда болады.
Осы екі топтың екеуі де әлеуметтік жұмыстың объектісі болатындығы түсінікті. Алайда, отбасылық бірінші жағдай, отбасы өмірінің табиғи жағдайына байланысты күзеліске аз душар болады. Осындай отбасылар әлеуметтік көмекті көпшілігінде сыртқы факторлардан пайда болатын жағдайларда қажет етеді. Екінші түрдегі отбасылардың мәселелерді өз бетінше шешу әлеуеті өте аз. Сондықтан, олар әлеуметтік қолдау көрсетуді барынша қажет етеді.
Отбасы түрлерін әлеуметтік әлсіздіктің объективтік қауіпі бойынша бөлудің басқа да негіздері бар. Отбасының осындай сипаттамасы материалдық қолдауға, ерекше қызметтерге қажеттілік деңгейін анықтауға қажет.