Неке және отбасы: ұғымы, түрлері

Неке және отбасы: ұғымы, түрлері туралы қазақша реферат

Отбасы әр адамның өмірінде, қоғам  мен мемлекетте ерекше маңызды орын алатыны бәрімізге мәлім. өйткені отбасы  әр адам үшін махаббат пен қолдаудың сарқылмас бұлағы болып табылады. Мықты, әрі берік отбасы – кез – келген қоғамның дамуына, оның тұрақты болуына кепілдік береді.

Отбасы – қоғамның маңызды әлеуметтік институты, оның құрамындағы адамды репродуктивті қызмет атқаратын қоғамның мүшесі ретінде қарастырады.

Отбасы әлеуметтік институты есебінде адам қоғамның қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғам мен оның дамуымен тікелей байланысты.

Отбасы – кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бар туыстығымен, тұрмыстық ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрлымының негізі болып табылады.

Ер мен әйел – отбасының екі іргетасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады. Отбасы тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың да алғашқы ұясының бірі.

Қоғамның тұрақты болуына, дамуына отбасының тигізетін әсері зор. Өзінің табиғаты бойынша ол ортамыздағы түбегейлі мәселелерді шешуге көмектеседі – депопуляцияның азайюына, балалардың әлеуметтенуіне, мәдениет, экономика мен отбасылық кәсіпкерліктің дамуына айтарлықтай ықпалын тигізеді.

Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншіктің пайда болуына байланысты ол моногамиялық отбасымен ауысады. Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе, себебі ол жұбайларға ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді.

Социологтардың пікірінше, отбасы және оны сақтау халықтың фзиологиялық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Отбасының негізін қалайтын неке – ол ерікті де тең болуы керек, күштеп немесе тәуелділіктің салдарынан некелестіруге болмайды. Отбасы әр түрлі жыныстар арасындағы жұбайлық қатынас болғандықтан, табиғи, адалдық – эстетикалық қатынасқа негізделі керек, жұбайлардың сүйіспеншіліктен қанағат алу материалдық есепке негізделуі тиіс. Отбасының қоғамдық құндылығы тек меншікке,  мұрагерлік  мүддеде негізделуі қажет, ол жеке адамдардыі рухани қалыптасуы, дамуына байланысты болуы қажет.

Неке – қоғаммен санкцияланған, жыныстық қатынастардың әлеуметтік және тұлғалық қалыпты формасын айтады.

Отбасының негізін некелік жұбайлар құрайды, сонымен бірге толық емес, юридикалық түрде рәсімденбеген отбасылар.

Отбасы тұрақты жүйе. Олардың тұрақтылығынан беріктігі де әр кезде өзгеріп отырады. Оған әсер ететін құқық, дін, қоғамдық пікір, психологиялық факторлар, әсіресе экономикалық өмір бірлігі.

Сондықтан да қоғам некелік – отбасылық қатынастардың нығайуына тікелей ынталы болып, соған қамқорлық жасайды. Отбасы жұбайлардың, ата-ананың қоғам алдындағы жауапкершілігі нәтижесінде дамып, нығая түсуі керек.

Тұрақты махаббаттың негізі Абай: «Махаббатсыз – дүние бос, хайуанға оны қосыңдар. Махаббат өмір көркі» деген. Ол өзінен-өзі пайда болмайды, оның мыңдаған қыры мен сыры, өз мұңы, өз бақыты мен хош исі болады.

Олай болса, некеге дейінгі қатынастың негізі – сүйіспеншілік, махаббат. Онсыз некеге тұратындардың бақытсыздыққа кездескен мысалын әр ұлт адамдарының өмірінен көптеп келтіруге болады. Тұрмыс құрмағандар – адамдық міндетін орындаудан қашқандар. Адам баласы адамгершілік қасиетінің борышы мен міндетін тек үйлену ғана орындай алады. Бальзак: «Ерлі-зайыптылар бастары қосылғанша бір-бірінің мінез-құлқын, әдеттерін біліп алмаса, некенің бақытты болуы мүмкін емес», — деген болатын.

Неге тұру ер мен әйелдің жауапкершілігін арттыратынжоғарыда айттық. Соған байланысты өмірге жаңа адам келеді. Қоғамның материалдық негізі – экономика, өндіріс, адамның іс-әрекеті арқылы дамиды. Ол үшін ұрпақ жалғасы үнемі дамып отыруы керек. Демек, некелесіп отбасын құру адамзат ұрпағын дамытудың бірден-бір негізі болып табылады.

Отбасының өмір сүріп, дамуының ерекше жағдайлары да бар. Олар: әлеуметтік, таптық, ұлттық сипаты, өмір сүру ортасы материалдық жағдайы, отбасы мүшелерінің білім дәрежесін сақтайтын әдет-ғұрыптар, әрбір жаңа отбасының адамдық динамикалық негізі. Бұлар отбасы мүшелерінің, адамгершілігін, жауапкершілігін сезінуіне байланысты.

Отбасының маңызы оның атқартын қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазмұны мен қатынасы тікелей байланысты. Отбасының қызметі деген түсінік оның жүйесімен қатынасының жүйесін көрсетеді. Отбасы адамның бастапқы ұясы,қоғамдық-әлеуметтік негізігі компонеттерінің бірі бола отырып,көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады.

Отбасының қызметі қоғамдық тарихи жауапкершілікке оның мүшелерінің жігерлілігі мен еңбек сүйгіштігінде тәуелділділігі мен қатар отбасының негізгі қызметтеріне тоқталайық.

Отбасының бірінші міндеті-ұрпақ жалғастыру қызметі. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де,жеке адам үшін де маңызды қызмет болып келеді. Бірақ жұбайлардың балалы болу тілегі,қоғамының қай кезеңінде болмасын,оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған,қазірде солай.

Отбасылық міндеттері мен лидерлік қасиеттеріне байланысты отбасы үш негізгі типтерге бөлінеді:

—         дәстүрлі (патриархалды)отбасы;

—         дәстүрлі емес(эксплуататорлық)отбасы;

—         эгалитарлы(теңдіктері бірдей отбасы);

Дәстүрлі отбасыларда бір баспанада кем дегенде үш ұрпақ тұруы тиіс. Бұл типтің мінездемесі:

1)    әйелдің күйеуіне экономикалық тәуелділігі;

2)    әйел мен еркектерінің міндеттерінің білуі;

3)    еркектің отбасының басында тұруы.

Дәстүрлі емес отбасыларда:

1)    әйел мен еркектің қоғамдық еғбекке бірдей қатысуы;

2)    үй шаруашылығын әйел атқарады.

Эгалитарлы отбассының мінездемесі:

1)    үй шаруашылығының бірдей бөлінуі;

2)    туған мәселені отбасының барлық мүшелерімен келісуімен шешілуі;

3)    отбасындағы қатынастардың эмоционалдылығы [1].

С.П.Дружинин «эгалитарлы отбасы»деген ұғымды –біздің «ешкім де басшы емес, би емес, ерлі-зайыптының екеуі де билікке теңдей қатысады» дейтін бүгінгі таңдағы отбасылардың түрі. Бірақ мұнда дау-дамай көп болады. Оны дау-жанжалды отбасы деу керек, дейді ол [2].

Отбасының негізгі функциялары:

Репродуктивтік функция – балаларды өмірге әкелу. Әрине, бұл репродуктивтік функция тек отбасылық жағдайларда жүзеге асуы мүмкін. Қоғам масштабы мен репродуктивтік халықтыққа адам саны азаймас үшін жұбайлардың әрқайсысына екі баладан аз емес бала сәйкес келуі керек. Көптеген әйелдер мен еркектер некеге тұрғызса келмегендіктен әр отбасыға үш баладан болғаны дұрыс. Бірақ, бұл «қоғамдық қажеттіліктерді» тек кейбір отбасылар ғана орындайды.

Экономикалық-шаруашылық функциясы отбасылық қатынастардың келесі аспектісі қамтиды: үй шарушылығын жүргізу, отбасы бюжеті, үй еңбегін бөлу.

Тәрбиелік функциясы баланың тұлға ретінде қалыптасуына негіз болады. Отбасының рекреационды функциясы – отбасы мүшелерінде психологиялық комфортын және қауіпсіздік сезімін тудыру, отбасының демалысын ұйымдастыру.

Мысалы, дәстүрлі (патриархалдық) отбасы – шаруашылық экономикалық қажеттіліктен туындаған. Отбасының қызметі ерлі-зайыптылардың неше баламыз болуы керек деген ерік бостандығына тікелей байланысты емес, оның санына шек қоюлуын таңқалу болмайды. 1936 жылы Кеңес Одағында аборт жасауға тыйым салынды. Яғни, ерлі-зайыптылардың неше балалы болуымыз керек деген бостандығына тыйым салынды.

Дегенмен, солай болғанда да, қоғам отбасының өмірге қанша жаңа адам әкелу қызметіне әсер етпейді деуге болмайды. Қоғам әртүрлі әлеуметтік саясатты басшылыққа ала отырып, яғни өмірге адам әкелудің экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайларын жасай отырып, ерлі-зайыптылардың өз тілегінен көп немесе аз баласы болуына итермелейді.

Мысалы, Қытайда отбасында бір бала ғана болуы саясатты жүргізілді. Бұл тарихи факт. Мұның зиянды жағы – отбасында бір баланың болуы ұрпақ жалғасуына, халықтың өсуіне кері әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде туу азайады да, елдің еңбек ресурстарының  негізі болатын жұмысқа қабілетті адамдар азайып кетеді. Бірақ халқының саны бір милиардтан асқан Қытайда шектеулі жер аумағына шамадан артық адам санын орналастыру мүмкіндігінің жоқтығы бала табу мөлшеріне шек қоюға мәжбүр етті.

Қазір біздің республикамыздағы әртүрлі саяси-экономикалық жағдайларға байланысты орыстар және басқа да ұлттардың өкілдері көшіп жатыр, ал олар өндірістің шешуші салдарында қызмет атқаратын. Сондықтан да жаңа ұрпақтың көбеюуі, яғни бала тууға ынталандыру көлемді әлеуметтік, саяси-экономикалық проблемаларға айналды.

Қазақстан Республикасының табиғи байлығы мол, жаңа зауыттар, фабрикалар өмірге келеді. Онда білімді адамдар жұмыс істеу керек. Қандай жаңа техника технология енгізілсе де, оның тетігі адам қолында.

Кеңес Одағында екінші дүниежүзілік соғысқа дейін бір әйелге 4,4 баладан келсе, 1990 жылы 2,2 қалада – 1,8 , селода – 3,3 баладан келді, ал Түркіменстан мен Тәжікстанның селолық жерлерінде 6,5-6,6 баладан келсе, Латвия, Эстонияда бір баладан аспады. Қазір біздің республикада бір отбасына орта есеппен 2,5 баладан келеді. Аз балалы отбасы барған сайын көбейіп барады. 1998 жылғы есеп бойынша туудан өлім көбеюде [3, 4].

Сондықтан да қоғамның болашағын  ойлап отырып, бала тууды ынталандыру, балалы аналардың материалдық жағдайын қазіргіден жақсарту жағын ойластыру керек. Балалар бақшасын жабуды доғарып, қайта оларды көбейту, жағдайын жақсарту болашаққа бүгін жасаған қамқорлық болуы тиіс. Олай болса, ұрпақ жалғастыру әлеуметтік қана емес,  саяси-экономикалық та проблема болып табылады.

Отбасының екінші маңызды қызметі – материалдық-экономикалық және тұрмыстық-шаруашылық мәселелері. Отбасының бұл қызметі қазіргі уақытта бірінші орынғ көтерілді, себебі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Ана ерінің – күйеуінің, туысқандарының көмегінсіз өмір сүре алмайтын дәрежеге түсті. Сонымен отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты, әсіресе көп балалы отбасында.

Отбасы мүшелерінің шаруашылық-тұрмыстық қызметтерін ерлі-зайыптылар атқаруы қажет. Қазақта «Үйлену – оңай, үй болу – қиын», «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» деген мақал сөздер бар. Оның мәнісі отбасылық өндірісті қйымдастыру керек, отбасылық меншікті, үй шаруашылығын жүргізу қажет деген сөз. Табыс табу, отбасы экономикалық-материалдық жағынан қамтамасыз ету ерлі-зайыптылардың ортақ парызы, отбасының беріктігі де осыған байланысты.

Бұрынғы кезде әйел үйде ұй шаруасын жүргізді, бала тууды, оны тамақтандырып, тәрбиеледі, ал ері шаруашылық жұмысын жүргізді, отбасының экономикалық дербестігіне жағдай жасады. Қазір жағдай өзгерді. Әйелдер ерлермен бірдей жұмыс істейді. Сондықтан шаруашылықтық-тұрмыстық қызметті бірігіп жүргізуі өмір талабына айналды.

Отбасында тұрмыстық мәселелерді шешумен қатар әдет-ғұрыптарды сақтау іске асырылады. Отбасы мүшелерінің, туған-туысқанның туған күні, оқуға бару, оқу бітіру, т.б.мерекелі күндер өткізіледі, оларды да ортақтасып өткізу қажет.

Отбасының шаруашылық қызметін ерлі-зайыптылардың өзара бқлісуі әртүрлі. Әйелдер тамақ істеу, қонақ қабылдау, кір жуу, бала күту, т.б. жұмыстарға бос уақытының 70-80% жұмсаса, еркектер олардан 3-4 есе кем уақыт бөледі, ал балалар тіпті 10-15 есе кем істейді екен. Ал тұрмыстық қызмет атқару мекемелері отбасының тұрмыстық қызметінің отыздан бір бөлігін ғана атқарады екен.