Опциондар мен фьючестер

Қазақстан қор нарығының қалыптасу жағдайындағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың жоғары тәуекелдігі өз кезегінде оларды төмендетуге қолайлы құралдарды іздестіруді қажет етеді. Олардың біріне – опциондық сауданың дамуы жатады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарды акционерлеу барысында опциондар кеңірек дамыды. Осыған байланысты акционерленетін кәсіпорындардың акцияларын жеңілдікпен сатып алу құқығы қамтамасыз етіледі. Опционды сатушы, оның акцияларының сату нарығына белгілі бір кепілдік алады. Тиісті бағалы қағаздардың меншік иесі болмай-ақ, бірақ оларға құқық алатын опционды иеленуші, ұтыс нәтижесіне айналғанға дейінгі уақытқа бұл құқықты қолында ұстап қалады. Қолайсыз жағдай туған кездері опционды иеленуші тиісті контрактіге сәйкес тез арада сата отырып, зиянды төмендетеді.
Сөйтіп опцион контрактіде көрсетілген мерзім ішінде ғана әрекет ететін, тұрақты бағада белгілі бір акциялар санын сатып алу немесе сатуға құқық беретін контрактіні атайды. Контрактіні сатып алушы оны сатуға опциондық сыйақы төлейді, оны опцион бағасы ретінде қарайды.
Сатып алу опционы кез келген контрактідегі мерзімде, контрактіде көрсетілген акциялар санын белгілі бір бағада сатып алуға құқық береді.
Екі жағдайда да опционды сатып алушы төлейтін сыйақы мөлшері әр түрлі себептерге байланысты келеді, соның ішінде сол акциялардың бағалы қағаздар нарығындағы жағдайы, опционның ерекшеліктері, опциондық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың шекті қатынасы әдетте сыйақы бір акцияға есептеліп көрсетіледі. Қалыпты жағдайда контрактінің мерзімінің ұлғаюымен байланысты сыйақы мөлшері де ұлғая түседі, бірақта тіекелей қатынастағы тәуелділік болмайды.
Опционды сатып алушы мен сатушының өздеріне алған міндеттемелері де бірдей емес: егер сатып алушы уақтылы сыйақы төлеуді міндеттемесі ретінде санаса, ал сатушы ақшалай қаражаттары немесе бағалы қағаздарының кепілі түрінде, өз міндеттемелерін орындауға белгілі бір кепілдеме беруге тиіс. Ондай кепілді салу және оның мөлшері нарық экономикасы дамыған барлық елдер үшін іс жүзінде ортақ жүйемен реттеледі.
Әлемдік тәжірибеде опциондар орындалу мерзіміне байланысты екі типке бөлінеді: еуропалық, американдық.
Еуропалық опцион – келісілген уәде бойынша алдағы күнде орындауға жіберілетін опцион.
Американдық опцион – келісім бойынша алдағы күнде де және оған дейін кез келген уақытта да орындалуға жіберілетін опцион.
Опциондар өздерінің қызмет ету уақытында қайта сатылу негізінде иеленушілерін бірнеше рет ауыстырады. Бұл жерде қайта сату барысындағы баға опционның қызмет ету мерзіміне таянған сайын төмендеп отырады. Опциондармен жасалатын мәмілелер биржалық залдың бір немесе бірнеше секцияларында жүргізіледі.
Опциондармен сауда «еркін айқай» әдісімен жүзеге асады. Іс жүзінде бұл келесідей түрде жүргізіледі. Сауда әрекетімен реттеуші жетекшілік етеді. Оның жан-жағына брокерлер мен дилерлер жиналады. Реттеуші әдетте бір акция түрімен жұмыс істейді. Ол сауда күнінің ашылуына баға белгілей отырып, сауда күнінің жабылуына қарай бағаны нақтылайды, топ арасынан сатып алу және сату бұйрықтарын тіркейді, нарық жағдайы туралы ақпараттар береді және т.б. Брокерлер мен дилерлер биржаның мүшесі арнайы фирма өкілдері болып табылады.
Опциондармен жасалатын сауда екі бағытта жүзеге асады: «қоғамдық бұйрықтарға» негізделген мәмілелерде брокерлік-дилерлік фирмалардың мүдделері есебінен жүргізілетін мәмілелерде. Бірінші категория клиенттерге қызмет көрсетеді, яғни опциондарды сатып алу немесе сату барысында брокерлік қызметті қажет ететін жеке және заңды тұлғаларға арналады. Бұл мәмілелер делдалдық фирмалардың ісінде төленеді. Екінші жағдайда, фирма өзінің есебінен зиян шегеді. Бұл жерде брокерлік және дилерлік қызметтің арасындағы айырмашылық байқалады.
Опционды сауда процедурасы әрбір серияда сатушылардың сұранысы мен сатып алушылардың ұсыныс сыйақысының мөлшерін (ротация) анықтаудан басталады. Реттеуші барлық кластар анықталғанша серияларындан туындайтын мәмілелерге қол жеткізеді. Дилерлік мәртебесі бар әрбір биржашы алмастыруға күннің басында ғана емес, сондай-ақ қосымша алмастырулар қажет болған жағдайда қатынасуға тиісті. Алмастыру уақытында қандай да бір сериялар бойынша мәмілелерге байланысты ұсыныстарға тыйым салынады.
Ертеңгілік алмастыру биржаның жұмысының басталуынан біршама кешігеді. Осы аралықта биржашылар барлық класс серияларының брокерлік және дилерлік желі бойынша сатып алу және сату өтініштерін жасай алады. Сөйтіп, әр серияда сатып алушылар мен сатушылардың ұсынысы жинақталады. Олармен бірге алдыңғы сауда күніндегі ұсыныстар да қамтылады.
Алмастыруды бастағаннан кейін реттеуші, сауда күнінің басындағы баға белгіленімін құрайтын сұраныстың ең жоғары бағасын және ұсыныстың ең төменгі бағасын хабарлайды. Биржашылар хабарлаған баға белгіленімінің ұсыныс бағасымен жақындығына көңіл аударады. Сонымен қатар, кейбір брокерлер өз клиенттерінің «ең жақсы баға бойынша» ойнау туралы бұйрығын ескере отырып, варианттардың ішіндегі ең жақсысы бойынша мәмілелерді жүзеге асыруға тиіс, яғни төменгі бағада сатып алып немесе ең жоғарғы бағада сату.
Серияның ең бірінші мәмілесі өткеннен кейін, реттеуші барлығына бірдей осы бағада басқа мәмілелерді жасауға мүмкіндік береді және келесі биржалық мәміле мүшелері барлық серияларда сатып алу-сатуға деген ұсыныстарын жасайды. Мұндай да белгілі бір регламент әрекет етеді.
1. Егер биржашының опцион сатып алғасы немесе сатқысы келетін бағасы реттеушінің өтінішіне сәйкес келмесе, дилерлер қарсы ұсыныс жасай алады. Бұл жағдайда, реттеуші арқылы рәсімделетін, биржашылар арасында сауда келісімі жүргізіледі.
2. Реттеушіге және бір-біріне жасалған үндеулер дауыстап жасалады, себебі әр қайсысы кез келген жаңа ұсынысты естуге тиіс.
3. Сатып алу және сату опционын бірдей бағада сатуға екі бұйрықты алған брокер, әрқайсысын жеке-жеке хабарлауға міндетті және егер екеуіне де ұсыныс болмаса, бұйрықты біріктіре отырып, мәмілені жасай алады.
4. Брокер мәмілені өзінің фирмасы есебінен жүзеге асыруға және сонымен бірге, клиенттен комиссиондық ақы алуға құқығы жоқ, яғни ол, таза делдал ретінде әрекет етеді.
5. Егер брокер бір немесе бірнеше опциондарды сатып алса (сатса), ол бірінші кезекте сол серияның опциондарын сатып алуға (сатуға) құқық алады.
Опциондық кластағы сауданы жаңарту міндетті түрде алмастырудан басталады.
Фьючерс – тұрақты табысты бағалы қағаздарды тұрақты бағада алдағы уақытта жабдықтау контрактісін айтады.
Еркін нарықта нақты сатушылар мен сатып алушылар арасында контрактілер жасауға ешкім тыйым салмаса да, фьючерстік мәмілелер негізінен биржада жасалады. Ұйымдастыру қатынасындағы жүйе опционға ұқсас: клиент брокерлік кеңсе арқылы бұйрығын береді, ол бұйрық залдағы тұрақты жұмыс жасайтын өкілге жетеді, кейінгі оның орындалуы немесе орындалмауы нарықтағы нақты жағдайға байланысты анықталады. Негізгілері ретінде мынадай бұйрықтар қолданылады: нарықтық, тоқта, шектеулі.
Фьючерстермен мәмілені жүзеге асырушы клиенттер екі категорияға бөлінеді: алыпсатарлар және сақтанушылар. Бірінші категория – бұл фьючерсті кейіннен қайта сатып алу мақсатында сатып алушылар, яғни алыпсатарды контракт заты қызықтырмайды. Сақтанушылар керісінше, өз қызметінің түріне байланысты берілетін тауарлармен контракты бойынша тікелей байланысты. Мұндағы сатушы жақ бағалы қағаздардың эмитентін білдірсе, ал сатып алушы жақ инвестор болып саналады. Екі жақта өздерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тырысады. Опционға қарағанда фьючерстік мәміленің айырмашылығы, екі жақты да маржалайды, бірақ сыйақы берілмейді.
Тұрақты табысты бағала қағаздар фьючерсі – фьючерстердің біршама жауапты түріне жатады. Оның заты кепілденген тұрақты табысты қағаздармен алдағы кезеңде жабдықтау болып табылады. Бұл ілгері уақыттағы мемлекеттің бағалы қағаздары. Фьючерсті сатушы контрактіде саны және бағасы көрсетілген белгілі бір бағалы қағаздарды сатып алуға өзіне міндеттеме алады. Сатып алушы контрактіде қарастырылған күнге сәйкес жәй контрактінің шарттарын сақтай отырып, беруге міндетті.
Басқада қаржылық құралдар арасында бұл мәмілелердің мәні, кепілденген тұрақты табысты бағалы қағаздардың алып жатқан жағдайынан туындайды. Бұл бағалы қағаздардың атының өзі, инвестордың оларды сатып алуға қаражат салуда ешқандай тәуекелге бармайтынын түсіндіреді. Алайда, оның позициясының бір кемшілігі бар, мұнда инвестор ондай жұмсалымдардан жоғары табыс ала алмайды. Дегенмен де инвестор мынадай артықшылықтарға ие болады:
— жалпыға ортақ дағдарыс және құлдырау тұсында да оған тұрақты табыс кепілденеді;
— біршама белсенді, бірақта тұрақты емес нарықта инвестор күтпеген зияндардан сақтандырылады;
— оған қор нарығындағы жағдайға және инвестициялық портфельдің қалыптасуына тұрақты бақылау жасауға уақыт және күш жұмсаудың қажеті жоқ.
Артықшылықтар мен кемшіліктерді салыстыра отырып, әрбір инвестор нарықтағы ағымды есепке алып, өзінің меншікті жоспарын жасайды, ал соның сомасында тұрақты табыстың бағалы қағаздарға деген сұранысы мен ұсынысы қалыптасады.
Әрбір бағалы қағаздың өзіндік номиналдық құны болады және соған сәйкес қайтару мерзімі өткенде оны өтейді. Фьючерстік контрактілер: қысқа, орта және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға пайдаланылады. Облигация үшін фьючерстік баға номиналдық құнынан төмен жоғары болуыда мүмкін.
Бағалы қағаздар фьючерсін іске асыру уақытында сатушыдан сатып алушыға биржалық опциондық мәмілелер сирек беріледі.Көбіне мәміле екінші жақтың есебінен бірінші жақтың айырмасына сәйкес төлемдерді төлеумен өтеледі