Бейнелеу өнерінде табиғат көріністерін, адам бейнелерін, тарихи оқиғаларды бейнелейтін жүздеген картиналар, графикалық және мүсін туындылары көптеп саналады. Бұлардың танымдық тәрбиелік мүмкіндіктерін мектептегі бейнелеу өнері сабақтарында пайдаланудың әдістерін анықтау әлі де болса жеткіліксіз болып келе жатыр. Өнер туындыларын бейнелеу өнері сабағында оқу материалдары ретінде пайдалану үшін мұғалімге белгілі дәрежеде өнертану дайындығының болуы шарт. Өнер арқылы оқушылардың тәрбие жұмысына дайындау болашақ мұғалімдердің өнертану білімдері мен өнертану дағдысын қалыптастыру мәселелерімен тығыз байланысты. Себебі өнер арқылы оқушылар тәрбие беру барысында мұғалім өнер бұйымдарының көркемдік ерекшеліктерін дұрыс қабылдауға үйретеді. Бұл міндетті атқару үшін мұғалімге жеткілікті дәрежеде өнертану білімі мен өнер туындыларын талдау дағдылары қажет. Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде өнер шығармалары арқылы оқушыларды тәрбилеуге қажетті мұғалімнің өнертану білім мен іскерлігі жеткіліксіздігін көрсетеді. Бірақ, болашақ мұғалімдер үшін мұндай өнертану дайындығы өте қажет. Себебі мұндай дайындық мұғалімнің оқушыға эстетикалық, тәрбие беру үшін керек дайындық болып табылады.
Ғылыми, педагогикалық және өнертану әдебиеттері саралау негізінде балаларға өнер арқылы тәрбие беруге қажетті өнертану дайындығы өнер шеберлерінің қызметіне, өнертану түсініктері мен терминдеріне байланысты білімдер жүйесінен құралатындыңы анықталды. Бірақ қазіргі жоғары оқу орындарында оқушыларды өнер арқылы тәрбиелеуге қажетті болашақ мұғалімнің өнертану дайындығын қалыптастыруға жеткілікті көңіл бөлінбеуде. Мұның себебі, болашақ мұғалімге қажетті өнертану дайындығының үлгісі, мазмұны ғылыми-педагогикалық тұрғыда нақты айқындалып болған жоқ. Өнертану-бейнелеу өнерінің, сәулеттік,сәндік қолданбалы өнердің және дизайнның мәселелерін зеріттейтін ғылым болып табылады.Өнертану ғылымы өнер теориясы,өнер тарихы және көркем сын болып үш салаға бөлінеді.
1.Өнер теориясы-бейнелеу өнердің мазмұнын, көркемдік формасын, көркемдік тәсілін, бейнелеу мүмкіндігін, орындалу техникасы мен технологиясын, рең мен түстер және жанр ерекшеліктері мәселелерін өзара байланысты алып көрсетеді. Бұлармен бірге өнердің объективтік дамуы, логикалық тұтастығы, қоғаммен байланысы айқындалады. Сонымен қатар оның ұжым мен жеке адамдарға әсері қарастырылады.
2. Өнер тарихы – бейнелеу өнерінің белгілі бір өнер түрін, кейбір елдің, жеке дәуірдің өнерін зерттеп бағалайды. Өнердің белгілі бір түрі немесе бүкіл бір бағыттың, ағымның пайда болу, даму себептерін түсіндіреді.
3. Бейнелеу өнеріндегі көркем сын замана көркем өміріндегі құбылыстарын, өнердің түрлері мен жанрларын бағалайды, өнер шеберлерінің шығармашылықтарын немесе жеке көркем шығармаларды талдайды, баға береді.
Өнертану ғылымы эстетикаға тығыз байланысты болып келеді. Ол көркем шығармаларға эстетикалық баға беру үшін, шығарманы мазмұнына, формасына, түр-түсіне зерттеу жүргізеді.Бейнелеу өнерінің барлық түрін бір ғана тәсілмен зерттеу мүмкүн болмайды. Себебі бейнелеу өнерінің әрбір түрінің өзіндік даралық сипаты, көркесдік ерекшеліктері болады. Мысалы, қолөнер шеберлері шығармашылығы туралы өнертану түсініктерін мына жүйе бойынша жинақтау мүмкүн:
- Өнер шеберлерінің түрлері; қолөнер шеберлерінің қызметі; қолөнер шеберлерінің өмірі мен қызметінің байлвнысы; қолөнер шеберлерінің таңдаулы щығармалары.
- Өнер шеберлері жасаған бұйымдарды талдау және баға беру: көркем бұйымды жасайтын материалдары оның композициялық құрылымы, ою өрнегі, (эргономикасы) тұтынуға бейімділігі, (техтоникасы) бет бедері, экономикасы, (жұмсалған шығынымен байланысты) т.б. бағыттарды қамтиды.
- Өнер шеберлері шығармашылығының тарихынан білімдер меңгеруі: — ежелгі шщеберлер өнері, кәсіпқой шеберлер шығармашылығының тарихы, ұлтық қолөнер шеберлері, қолөнердің даму тарихы мәселелерін біріктіреді.
- Өнер шеберлері шығармашылығын, қазіргі даму бағытын зерттеу: металл өңдеу шеберлері, ағаш өңдеу шеберлері, кілем тоқу шеберлері, қыш өңдеу шеберлері, киіз үй шеберлері, ұлттық киім шеберлері, ат-абзелдерін жасайтын шеберлерді зертеу бағыттарын қамтиды.
- Өнер шеберлері шығармашылығымен айналысатын кәсіпорындар өнертану бағыттарының бірі болып табылады. Бұлар – ағаш, қыш, металл өңдеу, кілем тоқу, ою-өрнектермен безендіру, киім тігу, киіз үй жасау сияқты т.б. қызмет саласына бөлінеді.
- Жеке өнер шеберлерінің шығармашылығын зерттеу мынадай бағыттарды қамтиды: а) қолөнер шеберлерінің түрлері;қолөнер қызметінің түрлері; қолөнер шеберлерінің жасайтын бұйымдары; көркем бұйымды жасауға қажет материалдар; қолөнер шеберлерінің мекен-жайы туралы мәліметтер; б) жеке қолөнер шеберлерінің өмірі мен шығармашылық ерекшеліктері туралы зертеу. в) қолөнер бұйымдарының көркемдік ерекшеліктері; қолөнер бұйымдарындағы ою-өрнек; қолөнер бұйымдарының композициясы; көркем өнердің қазіргі сұранысы, көркем бұйымның экономикалық құндылығы.
Қорыта айтқанда мұғалімдердің өнертану дайындығы дегеніміз — өнердің түрлері, дамуы, қалыптасуы, ерекшелігі туралы білімдер жүйесін меңгеру, өнер шығармаларын талдау, оларға баға беру, даму бағытын айқындау, олардың өнертану іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Өнертану ғылымы бейнелеу өнерінің өнертануы, музыка өнертануы, театр өнертануы салаларына бөлінеді. Бейнелеу өнертануы бейнелеу өнерінің тарихы, бейнелеу өнерінің теориясы, бейнелеу өнерінің сыны болып үш салаға бөлінеді. Бұлардан соң өнертану – графиканы зерттеу, кескіндемені зертеу, сәндік өнерді зерттеу, монументалдық өнерді зерттеу, мүсінді зерттеу т.б. бағыттарды қамтиды.
Өнертану – өнерді зерттейтін ілімнің бір саласы. Ол бейнелеу өнері, музыка, театр, әдебиет өнерлерімен және философия, этика, эстетика, мәдениеттану ғылымдарымен байланысты дамып, жетіліп отырады. Өнертану ғылымы қазіргі өнер, бұрынғы ежелгі өнердің үлгілерімен қатар даму бағытын, ерекшеліктерін айқындайтын жаңа зерттеулермен толығып отырады. Сондай-ақ өнертану ғылымының зерттеу объектісі болып табылатындар: жеке суретшінің шығармашылығы, жеке өнер туындысы немесе белгілі бір дәуірдегі өнердің даму құбылыстары болып келеді.
Өнертану ғылымы – бейнелеу өнері тарихы, өнер теориясы, жаңа өнерді тану болып бөлінеді.Бейнелеу өнері тарихын қамтитын негізгі бағыттар, ежелгі өнер, орта ғасыр өнері, классикалық өнер, ұлттық және қол өнер болып табылады. Бейнелеу өнер теориясы: композиция, перспектива, түстер заңдылықтары, симметрия, ритм, реңдік қатынастар, жарық пен көлеңке заңдылықтарын қамтиды. Бейнелену өнерінің түрлеріне, жанрларына, суретшілерге, сәндік қол өнерге байланысты ұғымдар мен терминдер өнердегі заттар мен құбылыстардың көркемдік ерекшеліктерін көрсетеді. Өнертанудың көпшілік танып, мойындайтын негізгі міндеттерінің бірі – көркем өнердің маңызын, оның көркемдік ерекшеліктерін жұртшылыққа түсіндіру, оны үгіттеп-насихаттау.
Өнертану ғылымы негізінен екі бағытты қамтиды. Бірінші – бейнелеу өнері шығармасына немесе көркем бұйымға сипаттама беру болса, екінші – көркем шығарманы немесе көркем бұйымды халыққа таныстыру мақсатын көздейді.
Өнертану ғылымы — өнердің насихатшысы ғана емес, сонымен қатар, оның қанатын кең жайып, өсіп дамуына әсерін тигізетін мол мүмкіндік ретінде көрінеді.Егер өнертанудың бар міндетін атқарар ролін бейнелеу өнері мен көрермен арасындағы дәнекерлікпен шектеп қойсақ өнертанудың да, бейнелеу өнерінің де табиғатын дұрыс түсінбеу болар еді.
Өнертанудың міндетін – тілмаштықпен шектесек, оның еш қажеті болмас еді, ол жеке ғылым саласы ретінде тумаған да болар еді. Егер өнертану ғылымы болмасы бейнелеу өнері мен көрермен арасында байланыс үзіліп, онсыз бейнелеу өнері түсінілмейтін, ұғынылмайтын болса, онда сурет салудың да қажеттілігі шамалы болған болар еді. Өнертану бейнелеу өнерінің жол бастаушысы, басшы, жетекшісі де емес. Өйткені, өнертану бейнелеу өнерінің өз жемісі. Бейнелеу өнері немесе оның шығармасы болмаса оның өнертану зерттеулері де болмас еді. Сондықтан бейнелеу өнерінің дамуының алғы шарттары бейнелеу өнері туралы ғылым емес, керісінше өнертанудың дамуына негіз болатын алдымен бейнелеу өнерінің өзі.
Егер Ш. Уәлиханов сурет салмаса Ә. Қастеевтің суреттері болмаса ол суреттер туралы Е.Вандаровскаяның өнертану зерттеулері болмас та еді. Қазақ сәндік өнері болмаса Т. Тәжімұратов, Т, Бәсенов, Х. Арғынбаев, К.М.Л.Көпбасынова сияқты өнер зерттеушілерінің еңбектерін біз оқымаған болар едік. Бейнелеу — өнері қоғам өмірінің жемісі, ол – табиғаттың, қоғамның объективті дамуының нәтижесінде пайда болып, өзі де объективті түрде өсіп ұлғаяды. Бұл барлық дүниеден бөлініп, бөлектеніп қалады деген сөз емес, қайта ол объективті өмір сүру үшін қоғаммен байланыста болып, одан нәр алып, оған өз үлесін қосып отырады.Осыған байланысты өнертану да көркем өнер туралы ғылымның басқа түрлері сияқты көркем өнердің объективті өмір сүру үшін өнерден, қоғамдық ой-санадан қуат алып, сол көркем өнердің, қоғамдық даму барысына өзіндік үлесін қосады.
Өнертанудың міндеті мен мүмкіндігі – бейнелеу өнерінің өмір сүріп, өсуі барысында өз қажетінен туады да, оның сол қажетін өтеуге: өмір сүріп өсіп дамуына қызмет етеді. Әр дәуір көркем өнердің алдына жаңа міндет, мақсат қояды. Суретші өнертанумен арнайы айналыспаса да өнертануды өз шығармашылығында берік қолдана отырып, өз суретін салу барысында, оған жұрт таныған үздік шығармалардың биік өлшемінен қарап, өзге туындыларды өз өлшем түсінігімен сараптайды.
Қорыта айтқанда өнертану бейнелеу өнерінің өмір сүріп, өсіп дамуына өз үлесін қосып отыратын, соған қызмет ететін бейнелеу өнері туралы ғылымның бір саласы.
Өнертану ғылымынң негізгі мәселелері – бейнелеу өнерінің тарихы, бейнелеу өнерінің теориясы және бейнелеу өнерінің сыны болып табылады.
Өнертану ғылымының негізін құрайтын материалдар ғылыми -өнертану зерттеулерінің негізінде жинақталады. Олар негізінен өнер тарихы, өнер теориясы, өнертану сыны, өнертану тарихы бағыттарын біріктіреді. Өнер тарихы саласына қосылатын зерттеу материалдары жылдан-жылға жаңа материалдармен толығып отырады. Өнертану сыны бейнелеу өнерінің бұрынғы туындыларына қарағанда жаңа туындыларлды зерттеу негізінде жүзеге асады. Өнертану ғылымы – бейнелеу өнерінің туындыларын зерттеу туралы ғылым. Өнертану ғылымының негізгі зерттеу нысанасы – графика, кескіндеме, мүсін, сәндік қолданбалы өнер туындылары, суретшілер өмірі мен шығармашылығы, өнердегі белгілі бағыттар, белгілі бір тарихи кезеңдегі өнердің даму тарихы т.б. болып келеді.
Бейнелеу өнерінің сыны — өнертану саласының бір тармағы. Өнертану сыны бейнелеу практикасы пәндерімен байланысты. Бейнелеу өнері сыны ілімнің мәдени — әлеуметтік маңызы, өзіндік ерекшелігі бар. Бейнелеу өнерінің сынының түрлері мен формалары да сан алуан.
Өнертану – бейнелеу өнері жайындағы ғылым. Өнертану ілімі философия, эстетика, тарих, әлеуметтану, лингвистика, экономика және де басқа да бірқатар ғылыми ағымдардың тәжірибелерін пайдаланады.
Бейнелеу өнерінің алуан түрлі табиғи мен жанрлық түрлену ерекшеліктері, оның әдебиет театр, кино өнері, музыкамен тығыз байланыстылығы жалпы өнертану ілімінің күрделі екендігін көрсетеді.
Өнертану ғылымы негізгі төрт салаға бөлінеді, олар:Бейнелеу өнерін тану;Музыка тану.Сахна тану.Кинотану.
Осы салаларға сәйкес өнертанушылар да бейнелеу өнерін танушы, музыка танушы, сахна танушы, драматургия танушы бойынша мамандықтарды меңгерді.Ал кейбір өнертанушылар осы көрсетілген салалардың ішінде белгілі бір өнер түрін тереңдеп зерттеуге бейімделеді. Мысалы: Б.Сарыбаев қазақтың ұттық музыкалық аспаптарын терең зерттесе, Ә.Марғұлан қазақтың қолөнерін, М.Мұханов қазақтың көркем кәсіпкерлігін, С.Төленбаев қазақтың ою-өрнектерін, М.Әлімбаев қазақтың кілем өнерін, Д.Шоқпарұлы қазақтың қолөнерінің технологиясын терең зерттеген өнертанушылар.
Өнертану білімдерін – ескі білім, жинақталып жатқан білім және жаңа білім болып бөлінеді.Өнертану ілімі дегеніміз – жүйелі түрде салалық білімді және оның іскерлігі мен дағдыларын меңгеру болып табылады. Өнертанушы ілімінің алғашқы формасы қабылдау мен сезімнің адам ойындағы образы болып келеді. Осы образдарды әрі қарай жүйелеу мен талдау негізінде біздің санамызда өнер туралы анықтамалар мен түсініктер жинақталады. Бейнелеу өнерінің өнертанымдық негіздері – бейнелеу мен сәндік қолданбалы өнердің негізін құрайтын терминдерден, түсініктерден, анықтамалардан құралады.