Өндірістік менеджмент курстық жұмыс

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Қазақстандағы уран өндіріс орындары
2. «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом кәсіпорны
2.1. Уран өндірудің әдістері
2.2. Кәсіпорынның экологияға көзқарасы
2.3. Кәсіпорынның қазіргі жағдайға жеткен жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстанда нарықтық экономиканы дамыту өндірісті дамытудың жаңа басымдықтарын анықтады: Қазақстанда өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; өндіруші өнеркәсіптен қайта өңдеуші кәсіпорынға көшуді жүзеге асыру; халықтың өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру; тұтынылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін құру.

Осыған байланысты жоғарыда аталған міндеттерді шешуге жаңа тәсілді пайдалану қажеттілігі туындап отыр. Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін, отандық өнімнің қауіпсіздігін, қазақстандық өнімнің шетел нарыққа шығаруды кеңейтуді қамтамасыз ету жөніндегі проблемаларды шешу өнім сапасын жоғары деңгейге жеткізуге, қазіргі заманғы менеджмент жүйелерін енгізуге шоғырландырды.

Нарық шаруашылығының негізгі элементі менеджмент болып табылады.Менеджмент – нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.

Өндірістік менеджмент – өндірісті басқару,меңгеру және ұйымдастыру,өндірістің тиімділігін көтеру және пайданы максимилизациялау мақсатында әзірленіп,қолданылатын,басқарылатын принциптерінің,әдістерінің,құралының және нысандарының жиынтығы.

Өндіріс – қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалдық өнімдерді шығаратын үрдіс.Қазіргі заманда өндіріс ҒТП-тің нәтижелерін қолдану,соның ішінде автоматизациялау арқылы дамиды.

 курстық жұмыс / 22 бет