Нақты қызмет саласындағы «Строй – Сервис Астана» курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ
Кіріспе……….3

I бөлім. Маркетингті басқарудың теориясы ……….5
1.1 Маркетингті басқарудың мәні ……………5
1.2 Маркетингті басқару тұжырымдамалары…….5
1.3 Маркетингті басқару қағидалары………9

II бөлім Фирмада маркетингті басқару жүйесі …12
2.1“Строй-Сервис Астана” ЖШС- нiң өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маркетингті басқару жүйесінің ролы…..12
2.2 “Строй-Сервис Астана” ЖШС-де маркетингтік басқару стратегиясын жетілдіру бағыттары…..25

Қорытынды…………….30
Қолданылған әдебиеттер……….32

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикасы түбегейлі жүйелік өзгерістер кезеңін басынан өткеріп жатыр. Микро деңгейде бұл кезең экономикалық субъектілердің іскерлік бағыттары мен шарттарының өзгерісімен сипатталады. Кәсіпорындар мен фирмаларда басқарудың жаңа жүйесі қалыптасып келе жатқан кезінде негізгі құрамдастарының бірі – маркетингті басқару жүйесі. Қазақстанда маркетингтің қалыптасуының қажеттілігі жалпы әлемдік маркетингті басқарудың теориясы мен практикасының тенденциялары- мен анықталады. Маркетингті басқару – бұл табыс табу, өткізудің көлемін өсіру, нарық бөлігін жоғарылату сияқты мекеменің алдына қойған мақсаттарына жету үшін мақсатты сатып алушылармен пайдалы алмастыруларды белгілеу, нығайту және қолдау шараларын талдау, жоспарлау және оларды жүзеге асыруды бақылау.
Осымен қатар маркетинг басқару нарық инфрақұрылымының құрамдасы ретінде қоғамның даму тенденциясы, уақыт пен сыртқы орта өзгешілігін айқындайды. Қазіргі отандық жағдайларда маркетинг аумағындағы батыс тәжірибесін толықтай қолдану мүмкін емес. Сол себепті Қазақстанда маркетинг жүйесінің қалыптасуы бағыттары мен мүмкіндіктерін, шарттарын анықтау мақсатында маркетингтің дамуының теориялық тұжырымдамаларын құру және оның тәжірибесін талдау маңызды мәселелердің бірі. Қандай да болсын кәсіпорын өзінің серіктестерімен нарықтық қарым–қатынаста іс-әрекет етеді. Ал бұл жағдайда тек заманға сай, бәсекелестік қабілеті жоғары өнім шығаратын кәсіпорын ғана жетістікке жете алады. Сол себепті қазіргі нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін осы заманғы ғылыми теория мен практиканың әдіс- амалдарын қолдана білудің маңызы зор.
Бүгінгі таңда қалыптасқан экономикалық жағдайларда кәсіпорындар ал- дында тұрған жаңа мәселелерді пайымды шешу маркетинг принциптері мен әдістерін қолдану арқылы жүзеге асады.Бұл жағдайда маркетинг басқару курделі шешімдер қабылдайдыю Осы тұрғыда маркетинг басқару өндіруші көзқарасындағы тиімді шығын мен пайда кезінде сұранысты табу, болжау және оны қанағаттандыруға байланысты тұтынушыға негізделген тауар (қызмет) өндіру және басқару жүйесі ретінде сипатталады. Маркетингті кәсіпкерлік, коммерциялық және тағы да басқа шаруашылық іс-әрекеттерде өте жақсы жетістіктерге жетудегі тиімді құрал ретінде қолдану үшін міндетті түрде оның қазіргі таңдағы жаңа әдістемелерін білу керек.
Қазақстан Республикасы эономикасының дамуының қазіргі өтпелі кезеңінде түрлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен шаруашылық іс-әрекеттің әртүрлі масштабтары үшін маркетингтік басқару қолдану өте маңызды болып отыр.Қазіргі таңда көптеген фирмалар өте жоғары тәуекелділікке негізделген стратегиялық шаруашылық аймақтарда жұмыс жасауға міндетті болып отыр. Егер де терең біліміңіз болмаса, онда кәсіпорынның өмір сүруіне төмендегідей сыртқы орта факторлары әсер етуі мүмкін: тұтынушылардың мінез-құлқы, бәсекелестердің позициялары, серіктестерді дұрыс таңдау, тұтынушыларды қызықтыратын тауар және қызмет ассортименттерінің бәсеке қабілеттілігін құру. Қазақстан Республикасында өндірілетін тауарлар мен қызметтердің көпшілігі бойынша тұтынушылар мұқтаждығының қанағаттандырылу деңгейі әлі де төмен, осы кезде өндіріс құралдары мен жекелей түрлерінің дамуы әр түрлі қарқында жүруі салдарынан айтарлықтай ішкі салалық және аймақтық диспропорциялардың болуына әкелді. Сондықтан аймақтық және ішкі салалық теңестігін қамтамасыз ету мақсатында аймақтық аспектіде оның жекелей ішкі салаларының даму деңгейін бағалау қажет. Маркетингтік зерттеулер негізінде жүретін мұндай бағалаудың өзі нарық жағдайының сипаттамасын берумен қатар республиканың жекелей аймақтары бойынша мұқтаждықты тауып, сонымен қатар оны қанағаттандыру үшін талап етілетін инвестиция көлемі мен оның көздерін белгілейді. Қазақстан Республикасы экономикасында болып жатқан құнсыздану үрдісі, жалпы өндірістік қуаттылықтар құнының қымбаттауы, сонымен қатар кәсіпорындардың қалыптасқан қаржылық жағдайындағы өз қоры есебінен дамыту және жаңғырту айтарлықтай ауыртпалықтар туғызады. Сондықтан өндірушілерге банктік несие немесе тыс инвесторлар қорын жұмылдыру түрінде қарыз қор іздеуіне тура келеді. Осы тұрғыда тіптен қор жетімділігі болуы кезінде республикамызда уақыт талабына сай бәсеке қабілеттілігі жоғары тауарлар мен қызметтер өндіру үшін тұтынушылар талаптарын қанағаттандыратын және олардың көңілдерінен шығатын өнім ұсыну кәсіпорындардың күнделікті іскерлігінде кездесетін өзекті мәселеге айналды. Осындай көптеген ауыртпалықтарды жеңуде маркетинг ғылым, кәсіпкерлік және нақты уақытпен тексерілген тәжірибелік әдістердің қоспасы ретінде нарық шарттарында кәсіпорындардың іс-әрекетін жетілдіру мен өндірістік, өткізу, қаржылық және тағы да басқа сол сияқты кең аумағында көптеген қателіктерден құтылуға көмектесуге қолайлы жағдайлар құратын әмбебап жүйе болып барады. Бұл жұмыстың мақсаты – маркетингтік басқарудың теориялық негіздерін зерттеу және оның нақты фирмада ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыра отырып, келешекте маркетингтік басқаруды жетілдіру жолдарын анықтау.

курстық жұмыс / 32 бет