Ол жалпы және егжей-тегжейлі қарау деп екіге бөлінеді. Жалпы қарау оқиға болған жердің жалпылама қарауынан, кеңістіктің шекарасын анықтаудан, қандай қарау әдісін пайдалану туралы сұрақты шешуден тұрады, сондай-ақ өндіріс мақсатын таңдау үшін жалпылама және бөлшектік фотасуретке түсіреді және оның атқарылуын қарастырады. Содан кейін тергеуші оқиға байланысты басқа да қатысушылары мен оқиға болған жерде қандай обьектілер бар екенін қарап, жиынтығын зерттейді. Оқиғамен байланысты обьектілерді зерттеп, сыртқы түрін суретке түсіру арқылы нақтылайды, болашақ хаттама үшін жобаларды, жоспарлар мен сызбаларды жасайды.
Жалпылама қарау аяқталғаннаен кейін тергеуші егжей-*тегжейлі қарауға көшеді, ол кезде:
— обьектілер жалпылама және бөлшектеп қаралады (бұл мақсатта заттар орнынан қозғалуы және аударылуы мүмкін және тағы басқа);
— қылмыс және қылмыскер іздерінің жеке обьектілерге және оқиға болған жерден тыс жерлерден іздеу және табу үшін әрекеттер қолданады;
— іздер қалған обьектілерді алып кетеді, егер алуға болмайтын заттар болса олардан көшірмесін алады;
— заттың жағдайын негативті қасиеттері бар екенін анықтаған жағдайды, көзін жоюға;
— жалпы қарау мәліметтерін тексереді;
— егжей-тегжейлі және жалпылама фотасуретке түсіріледі.
Бұрын оқиға болған жерді көру кезінде тергеуші қарау тәртібін өзі таңдаған, яғни қараудың тәртібіне талап қойған, қарау обьектілерін зерттеу сатыларын анықтайтын қағидаларын белгілейді.
Оқиға болған жерді қараудың 3 тәсілі қолданылады:
1. Концентрлік – оқиға орнын спираль бойынша шетінен ортасына дейін қарау.
2. Эксценртлі – оқиға орнын спираль бойынша ортасынан шетіне қарай қарау.
3. Фронтальды – оқиға ортын бір жақ шетінен жылжи отырып қарау.
Осы тәсілдерді қолдана отырып, қарауды жүзеге асырады.