Оқиға болған жерді қараудың дайындық сатысы

Ол тергеушімен ОБЖҚ өндірісі туралы шешім шығарылған сәттен басталады. Осындай шешімді қабылдап, тергеуші міндетті:
— не және қайда болғанын анықтап, оқиға орнындағы жабдықтарды қорғауды қамтамассыз ету үшін, жергілікті әкімшілік немесе полиция органына оқиға орнын қарау туралы нұсқау беруге;
— қорғауды ұйымдастырушы қызметкерлерге мәліметтерді аса пайдалы болатын оқиғаны өз көзімен көрген тұлғаларды анықтау қажеттілігі туралы ескертуге;
— егер жәбірленуші болса, оларға медициналық көмек көрсету туралы нұсқау беруге;
— полиция қызметкерлері сезікті тұлғаларды ұстауға және болған оқиғаның зиянды зардаптарын болдырмауға шара қолданған-қолданбағанын анықтауға;
— тергеу портфелінің, фотоапараттардың және қарау жүргізуге қажет басқа да құралдардың толық жинақталуын оқиға орнынан шығу алдында тексеруге және қажетті мамандарды шақыруға міндетті;
Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттерді жасағаннан кейін тергеуші ОБЖ-ге шығады. Оқиға болған жерге жеткеннен кейін дайындық сатысының екінші сатысы нақты қарау басталады. Тергеудің нақты қарауына келесілер жатады:
— егер тергеуші келгенге дейін жасалмаса, алғашқы медициналық көмек көрсетуі керек;
— оқиға болған жерден бөтен, жат тұлғалардың шығарылуын және келесі қарау өндірісінде осындай тұлғалардың пайда болуының алдын-алуға;
— іс бойынша қажетті мәлімет бере алатын азаматтар, куәлар және басқа да тұлғаларды анықтап, іске тарту. Қатысушыларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіруі;
— жауап алуды жинау арқылы (формальды емес, хататама жасалмайтын әңгімелесу) алдын ала мәліметтер жинауға. Кейде дыбыс жазбаға байланысты әрекеттерді атқаруы керек.
Осы сатыда басқа да сатылардағы сияқты іздеу әрекеттері жасалады, мысалы, қылмыскердің ізіне түсу, сондай-ақ қызметтік-іздестіру итін пайдалануға құқылы.