Оқиға болған жерді қарау қағидалары дегеніміз оқиға болған жерді қарау тергеу әрекетін жүргізуде пайдаланатын бастамалар идеялар.
1. Қараудың шынайылығы (обьектілігі) барлық обьектілерді табылған қалпында зерттейді және бекітеді, сонымен қатар тергеушінің немесе басқа да тергеу әрекеттеріне қатысушылардың тұжырымдары мен пікірлерін хаттамада көрсетілуді көздейді.
2. Қараудың толықтылығы мен жан жақтылығы қылмысқа қатысты оқиға орнында табылған бүкіл заттар мен іздер табылып, зерттеліп, хаттамада егжей тегжей көрсетіліп, фотасурет немесе бейнежазба арқылы бетітілуін қамтамассыз етуі. Сонымен қатар, тергеудің толықтылығы деп алғашқы қараудың жеткіліксіздігінен оны қайталау қажеттілігін тудырмауын айтады.
3.Қараудың жоспарлылығы нақты әрекеттердің шеңбермен кезектілігін анықтаудан, қолда бар күш пен құралды бөлуден тұратын тергеушінің және басқа да қарауға қатысушылар әрекетінің кезектілігін дұрыс анықтауды қамтиды. Ол бүкіл қажетті әрекеттерді толық және сапалы орындауды және ақырында тергеулік қараудың мүмкіндігінше тиімділігін қамтамассыз етеді.