Нұсқау – бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, тапсырмаларды және с.с. орындауды ұйымдастыруға байланысты мәселелер бойынша өкімдік құжат. Нұсқауға кәсіпорын басшысы немесе өз құзыреті шегінде оның орынбасары қол қояды. Нұсқаудың өкімдік бөлігі «ҰСЫНАМЫН» деген сөзбен басталады. Нұсқау басқа өкімдік құжаттардан бөлек жалпы бланкіде ресімделеді.
Жеке құрам бойынша нұсқаудың үлгісі
«Арқау» ЖШС
ӨКІМ
Алматы қаласы |
№ ________ |
200_ жылғы «___» ______ |
2007 жылғы еңбек демалысының
кестесі туралы
2007 жылға арналған еңбек демалысының кестесін жасау үшін
ҰСЫНАМЫН:
1. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары кадр қызметіне 2007 жылғы кезекті еңбек демалысының болжамды мерзімін көрсете отырып, қызметкерлердің тізімін ұсынсын.
Тізімді ұсыну мерзімі – 2006 жылдың 20 желтоқсанына дейін.
2. Кадр қызметі (Еркінова Г.) 2006 жылдың 25 желтоқсанына дейін кәсіпорын қызметкерлерінің 2007 жылға арналған кезекті еңбек демалыстарының кестесін жасап, оны директордың бекітуіне ұсынсын.
3. Осы нұсқаудың орындалуын өзім бақылаймын.
Директордың орынбасары __________ _____________
(қолы) (аты-жөні)
Нұсқаумен танысқандар:
(артқы бетінде құрылымдық бөлімшелер басшыларының қолдары қойылады).