Негізгі заңды тұлғалардың қаржылық есеп берулерінде тәуелді заңды тұлғалардың инвестициясы консолидалынған қаржылық есеп беруінде «Тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің инвестициясының есебі» деген БЕС сәйкс есепке алынуы мүмкін. Бұл жерде үлестік қатысу әдісін пайдланады. Тәуелді заңды тұлға бұл инвестордың біршама ықпалында тұратын тұлға және ол еншілес те, бірігіп бақылатын заңды тұлға емес болып табылады.
ҚРның заңдарына сәйкес егер басқа заңды тұлға оның дауыс беруші акциясының 20-50% дейін иелік етсе, онда ол тәуелді шаруашылық серіктестігі болып танылады. Тәуелді шаруашылық серіктестігінің инвестициясы қаржылық есеп беру консолидациясына үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынады, иек мына жағдайларды қоспағанда:
— Инвестицияны жақын арада сату мақсатымен алынса;
— Тәуелді шаруашылық серіктестігі қатаң шектелген ұзақ мерзімді жағдайда әрекеи ететін болса.
Егер де инвестор тәуелді шаруашылық серіктестігінің еншілес тұлғасының да акциясына бірдей иелік етсе, онда ол еншілес тұлғаға қатыстысын БЕС сай консолидациялайды, ал қалған бөлігін, яғни тәуелді заңды тұлғаның бөлігін үлестік қатысу жолымен консолидациялайды.
Инвестордың да, тәуелді заңды тұлғаның да қаржылық есеп беру күні сәйкес келеді. Егер де негізгі компания мен заңды тұлғалардың қаржылық есеп беру күні сәйкес келмесе, онда тәуелді тұлға негізгі кәсіпорынның жасаған күні бойынша жасайды. Дегенмен де, олардың күні сәйкес келмесе, онда мәнді операциялардың, құбылыстардың нәтижесі бойынша түзетулер жасалынады.
Негізгі және тәуелді заңды тұлғалар қаржылық есеп беруде біртұтас есептік саясатын пайдаланса, аналитикалық операцияларын және қаржылық шаруашылық қызметінің оқиғаларын қолданады.
Егер де олардың пайдаланған есеп саясатында өзгешеліктер болса, онда тәуелді заңды тұлғалардың қаржылық есеп беруіне тиесілі түзетулер енгізіледі. Егер де түзетулер енгізу мүмкін болмаса, онда орын алған факт түсініктеме жазбада көрініс табады.