Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың консолиданған есеп беруі

Заңды тұлға басқа кәсіпорынның акциясын сатып алу арқылы өз қызметін жүзеге асыруы мүмкін, егер де сол сатып алынған акциясы 50%-тен астам болса, онда инвестицияланған объектіге бақылау жасау мүмкіндігін алады. Инвестор бақылауды белгілейтін болса, онда ол кәсіпорын негізгі заңды тұлға болып танылады, ал бақылайтын кәсіпорынды еншілес кәсіпорын деп атайды. Негізгі кәсіпорында және барлық еншілес кәсіпорында бірігіп, біріккен заңды тұлғалар тобын құрайды және олардың мәліметі бойынша консолидалынған есеп беруін жасайды.

Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар олардың топтасқан бөлігін емес, тұтас бөлігін білуге мүддеі болып келеді. Бұндай қажеттілік консолиданған есеп беруге қойылатын талапты күшейтеді.

Консолиданған есеп берудің құрамына: консолиданған бухгалтерлік балансы, консолиданған қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, консолиджанған ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруі және түсініктеме жазбасы кіреді.

13 БЕС сәйкес «Консолидалынған есеп беру және еншілес серіктестіктегі инвестицияның есебі» негізгі заңды тұлға жергілікті және шетелдегі еншілес заңды тұлғалардың консолиданған қаржылық есеп беруі енгізіледі, тек мыналарды қоспағанда: егер де еншілес серіктестік жақын арада сатуға арналса және оларды бақылау уақытша сипатқа ие болса немесе олар қатаң түрде ұзақ мерзімді шектеулі жағдайда әрекет етіп тұрса, онда бұл аталған жағдайларда жүрген серіктістіктердің мәліметі консолиданлынған есеп беруге қосылмайды.

Негізгі кәсіпорын өз кезегінде еншілес кәсіпорын да болуы мүмкін, онда ондай кәсіпорындар консолидалынған қаржылық есеп беруі мүмкін, егер де оны негізгі кәсіпорындар талап етпесе.

Негізгі заңды тұлға және оның еншілес заңды тұлғасы қаржылық есеп беруді келесі жолмен жасайды:

—         Есеп беруді өзара сәйкестендіреді;

—         Активтер, міндеттемелер, меншік капиталы, табысы, шығысы туралы мәліметтердің әрқайсысы жолы мен бабы бойынша қосылады;

—         Кейбір баптар бойынша қайталауға жол берілмейді.

Бірнеше заңды тұлғалардың есеп беруінен бір ғана қаржылық есеп беруді жасау үшін ішкі есеп, бағалы қағаздар, меншік капиталы және т.б. мәліметтердің негізінде тиісті түзетулер жасалынады.

Түзету жазбалары консолидалынған қаржылық есеп берудің дайындау барысы оның жұмысшы кестесінде жасалынады және ол негізгі кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде көрсетілмейді.

Толық есеп беру жасау кезінде еншілес заңды тұлғаның бухгалтерлік балансында бөлек көрсетіледі. Баланста әрбір еншілес серіктестіктердің және негізгі заңды тұлғаның үлесі бойынша меншік капиталы қарастырылады. Бұл жерде меншік капиталында негізгі заңды тұлғаның үлесінен оған енген еншілес серіктестіктердің үлесі көп немесе аз болуы мүмкін.

Негізгі заңды тұлғалар және оның еншілес заңды тұлғалары консолидацияға кіретіндері қаржылық есеп беруді бірлесіп жасайды, ол үшін біртұтас есептік саясатын пайдаланып аналитикалық операцияларын және қаржылық шаруашылық қызметінің оқиғаларын дайындайды.

Егер де олардың есеп беруі әр кезде жасалатын болса, ал оның айырмасы үш ай құраса, онда олардың мәліметін консолидауға болмайды. Егер топ мүшелерінің пайдаланатын есеп саясаты әрқилы болса, есеп беруді консолидауға қабылдаған есеп саясаты негізге алынады. Еншілес заңды тұлғаның шаруагылық қызметінің нәтижесі  консолидалынған есеп беруге

олардың сатып алынған күнінен бастап енгізіледі. Егер де сатып алу процесі жыл бойы жүретін болса, онда сатып алынған заңды тұлғаның қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі есептік кезеңде сатып алынғанға дейін және сатыпалынғаннан кейін болып, екіге жарып көрсетілуі мүмкін.