Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.
НҚ-ң келіп түсуі НҚ-ды қабылдау-өткізу (ф.№ НҚ-1) нысандағы актімен рәсімделеді. Ол жекелеген объектілерді НҚ-ң құрамына есептеу үшін, олардың пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, НҚ-ң бөлімше ішіндегі қозғалысын рәсімдеу үшін, НҚ-ды қоймадан пайдалануға беру үшін , сондай-ақ басқа субъектіге беру мақсатында НҚ құрамынан шығарып тастау үшін пайдаланылады. НҚ-ды қабылдауды рәсімдеген кезде басшы тағайындаған қабылдау комиссиясы әр бір жеке бір дана объектіге акт жасайды. Акт рәсімдеогеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттармен бірге бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қояды және субъект басшысы немесе уәкілетті адам бекітеді. НҚ ішкі қозғалысын рәсімдегенде акт 2 данада жасалады. НҚ басқа объектілерге сатылғанда акт 3 дана жасалады, оның екеуі өткізуші субъектіде қалады.
Негізгі құралдардың есебі активтік 2410 шоттарда жүргізіледі, оларда субшоттар бастапқы бағасымен немесе ағымдағы құнымен ескеріледі. Есептелген тозу сомаларын есепке алуға пасивтік 2420 шоттар арналған.
НҚ-ң келіп түсуі.
НҚ-р кәсіпорынға сатып алуға байланысты, құрылыс нәтижесінде, өтеусіз, жарғылық капиталға салым ретінде және т.б. жағдайларда келіп түседі.
НҚ-р өндіріс үдерісіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып, біртіндеп тозады, яғни физикалық күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен өз қасиеттерін жоғалтады және жарамсыз күй кешеді.
Амортизация – бұл тозудың құндық белгісі.
Амортизациялық құн- дегеніміз бастапқы құн мен жою құнының арасындағы айырмашылық.
Амортизация нормасы – бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының НҚ-ң жылдық орташа құнына қатынасы.
1. Құнды біркелкі (тікелей) есептен шығару әдісі. Объектінің амортизациялық құны ай сайын бірдей сомамен есептен шығарылады.
2. Өндірістік әдіс. Амортизация объектіні пайдалану мен уақыт бөлігінің нәтижесі ғана болып табылады деген негіздеме оны есептеген кезде ешқандай роль атқармайды.
3. Сандар сомасы бойынша құнды есептен шығару (кумулятивті) әдісі есептеу коэффициентін анықтаудан тұрады.
4. Кемімелі қалдық әдісі амортизацияны есептеу бастапқы құнынан емес, баланстық құннан жүргізілуге тиістілігін білдіреді.
НҚ-ң шығарылуының есебі.
НҚ объектілері субъектінің бухгалтерлік балансынан:
1. физикалық және моральды тозғанда;
2. шаруашылық қызметте пайдаланылмаған объектілер сатылғанда;
3. жарғылық капиталға салым ретінде басқа субъектілерге берілгенде;
4. басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз берілгенде;
5. қалдықтарды ұзақ мерзімді жалға бергенде;
6. кемшіліктерге, табиғи апаттарға және басқа себептерге байланысты есептен шығарылады.
Материалдық емес активтер есебі.
Материалдық емес активтер — өндірісте ұзақ мерзім пайдалануға болатын ( 1 жылдан астам), физикалық негізі жоқ ақшаға жатпайтын активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, кәсіпорын тарапынан бақылауда болып, оны пайдаланудан кәсіпорын болашақ экономикалық тиімділік күтеді.
Материалдық емес активтерге (МЕА): лицензиялық келісім; компьютерлік бағдарламамен қамсыздандыру; патенттер; авторлық құқық; басқа жақтардан алынған тауарлар белгісі; фирмалық атаулар; ноу-хау; табиғи ресурстарды пайдалану құқығы және тағы басқалар жатады.
МЕА-ді бағалау:
1. Басқа банктер мен адамдардан ақыға сатып алынған МЕА есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі;
2. Банкке өтеусіз келіп түскен МЕА сараптау жолымен бағаланады;
3. Жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшыдан келіп түскен активтер есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн бойынша көрсетіледі.
МЕА-р басқа банкке табыс етілгенде ( сатылғанда, өтеусіз берілгенде) акт екі данада жасалады: өткізуші және қабылдаушы кәсіпорындарға.10-бөлімшенің шоттары бойынша талдамалы есеп материалдық емес активтерді есепке алудың №2 МЕА нысанындағы инвентарлық карточкасында жүргізіледі. Инвентарлық карточкалардың деректерін МЕА –ді есепке алу ведомосінде топтастырады, онда мыналар келтіріледі:
а/ МЕА атауы;
ә/ ай басындағы және соңындағы қалдықтары;
б/ ай ішіндегі қозғалысы.
Каспий банк АҚ-на МЕА келіп түсуі:
1. «Связной» 1С: Бухгалтерия бағдарламасын сатып алды:
а/ сатып алынған МЕА-ң келісім құнына ( ҚҚС-сыз)
Дебит 1659
Кредит 2066
ә/ ҚҚС сомасына Дебит5761 Кредит2206
б/ ҚҚС-ты есепке алу Дебит3130 Кредит 5761
в/ ұсынылған шотты төлеу Дебит 2066 Кредит 1001, 1000,1002
2. МЕА-і банктің өзі жасауы (интеллектуалдық құн объектісін құру, бағдарламалық қамтамасыз ету, сауда белгілерін әзірлеу):
а/ жұмсалған материалдардың құнына Дебит 1650 Кредит 1601
б/ жасалған МЕА-ң нақты құнына Дебит 1654 Кредит 1650
МЕА есептен шығарылуы:
1. Басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына салым:
а/ МЕА баланстық құнына Дебит 5000 Кредит 1660
ә/ бұрын есептелген тозу сомасына Дебит 1694 Кредит 1660
б/ келісім құнына Дебит 7708 Кредит 7868
г/ жыл соңында барлық жиынтық кірістің кемуіне Дебит 4896Кредит 5022
Жиынтық кірістің артуына Дебит 5022 Кредит 4896
2. Моральдық тозуына және кәсіпорынға пайда әкелу қабілетін жоғалтуына байланысты МЕА есептен шығарылуы:
а/ МЕА баланстық құнынан Дебит 5022 Кредит 1660
ә/ бұрын есептелген тозу сомасына Дебит 5784 Кредит 5785
б/ жыл соңында Дебит 4954 Кредит 5022
МЕА амортизациясын ексепке алу үшін 11 «МЕА амортизациясы» бөлімшесінің 5784шоттары көделген. Бұл шоттар пассивтік әрі реттеуші сипатта. 5784 шоттардың кредиті бойынша МЕА амортизациясының ай басындағы қалдығын, ай ішінде есептелгенін және есепті айдың соңындағы қалдығын көрсетеді, ал 5784 шоттардың дебеті бойынша МЕА амортизациясының есептен шығарылуы көрсетіледі.
МЕА аудиті ретінде қалыптасуды, іс-жүзіндегі нақты қолда бар, құжаттарда көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету құны мен мерзімін бағалаудың шынайылығын, амортизациялық есептеуді, істен шығарудың негізділігін, есепті ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін ішкі бақылауды тексеру түсіндіріледі.
Белгіленуі мен атқарылатын функцияларына байланысты МЕА үш негізгі топқа бөлінеді:
1. Санаткерлің ( зияткерлік) меншік.
2. Мүліктік құқықтар.
3. Кейінге қалдырылған шығындар.
Санаткерлік меншіктің объектілері мыналар: патенттер, лицензиялар, пайдалы үлгілер ( модельдер), өнер тапқыштар, өндірістік үлгілер, ЭЕМ үшін бағдарламалар, сараптау жүйелері, «ноу-хау», «гудвилл», сауда белгілері, фирмалық атаулар, қызмет ету белгілері, авторлық және басқа аралас құқықтар.
Мүлік пайдалану жөніндегі мына құқықтар жатады: табиғат ресурстарын ( жер қойнауын, минералды қазбалармен т.б.) жер телімдерін ( учаскелерін), мүліктің әрқилы түрлерін және т.с.с.
Кейінге қалдырылған шығындарға мыналар жатады: ұйымдатыру шығындары, ғылыми-зерттеу жұмыстары, тәжірибелік-конструкторлық әзірлеме.