MS DOS операциялық жүйесі туралы қазақша реферат
Жоспар:
1. MS DOS ЖӘНЕ NORTON COMMANDER
MS DOS операциялық жүйесінің негізгі мінездемесі.
2. MS DOS-та каталогтармен жұмыс.
3. COPY – файлдың көшiрмесiн алу командасы.
4. COPY CON – мәтіндік файл құру командасы.
5. MSDOS-та дискілермен жұмыс.
6. NCпрограммасына жалпы түсінік.
7. Norton Commander: каталогтармен , файлдармен және файлдармен жұмыс
MS DOS операциялық жүйесін 1981 ж. Microsoft фирмасы IBM PC компьютерлері үшін IBM фирмасының тапсырысымен дүниеге әкелді. DOS – дискiлiк операциялық жүйе.
MS DOS операциялық жүйесi пайдаланушылармен компьютер арасындағы байланысты орнатуға, компьютердiң құрылғысынан өнiмдi пайдалануға жағдай жасайды. MS DOS операциялық жүйесi келесі бөлiмдерден тұрады:
1.Енгiзiп шығарудың базалық жүйесi (BIOS) – енгiзiп-шығару құрылғыларының жұмысын тексеретiн программаларды қамтиды. Бұл программалар компьютердiң тұрақты жадында сақталады.
2.Жүйелiк файлдар (ВIO.SYS, IO.SYS, MSDOS.SYS) – BIOS жүйесінің жұмысын толықтырушы бөлім. Ол сыртқы құрылғылар мен информацияны алмастырудың барлық операцияларын да орындайды.
3.COMMAND.COM – қолданушының программалары мен берілгендерді жадқа енгізу және оларды өңдеу.
4. CONFIG.SYS – үйлестіруші программа. Оның қызметі – жаңадан қосылатын сыртқы құрылғылардың драйверлерін MS DOS-қа қосу, орыс, қазақ әріптерін пайдалану, пернетақтаның функционалды пернелерімен және виртуалды жадпен жұмыс істеуін ұйымдастыру.
5.AUTOEXEC.BAT – шақыру символын экранға шығару, қажетті программаны каталогтан іздеу, ағымдық ай, күн және уақытты көрсету.
Анықтама: Дискiнiң информациялар жазылған бөлiгi файл деп аталады.
Әрбiр файлдың өз аты болады. Ол негiзгi және қосымша бөлiктерден құралады.
Мысалы, COMMAND.COM
Файлдардың қосымша бөлiгi оның түрiн (типін) анықтайды.
Мысалы:
.exe, .com – бiрден орындалатын файлдар;
.Вак – файлдың көшiрмесi;
.Bat – командалық файл;
. sys – жүйелiк файл;
.рas – Паскаль тiлiнде жазылған файл;
.вas – Бейсик тiлiнде жазылған файл;
.txt — текстік редакторда жазылған файл;
.arj – архивтiк файл.
Файл аты мен кеңейтілмесі нүкте арқылы ажыратылады.
MS DOS-та каталогтармен жұмыс.
Дискiдегi файлдар саны көп болған жағдайда олармен жұмысты жеңiлдету үшiн ерекшелiктерiне қарай топтарға бiрiктiруге болады. Әрбiр топтың өз аты болады және ол каталог деп аталады.
Мысалы:
Каталогтың қосымша бөлiгi болмайды. Каталогтың iшiндегi файлдың жазылуы: Basic kin 1. Bas
Басқа каталогтың iшiнде орналасқан каталог iшкi каталог деп аталады.
MS DOS операциялық жүйесiнда каталогтармен жұмыс істеу командалары:
1.MD (Make Directory – каталог құру) – жаңа каталог ашу командасы. Мысалы,
1)MDVSTUD – STUD атты жаңа каталог ашу.
2)Md XXX – ХХХ ішкі каталогын ағымдағы каталогта құру;
3)md A: Tekst –A: дискісінің негізгі каталогында Tekst ішкі каталогын құру.
2.CD (Change directory – каталогты өзгерту) – каталогтың iшiне кiру командасы. CD.. – түрінде берілсе ағымдағы каталогтан шығу командасы.
Мысалы:
1)CDVSTUD – STUD атты каталогтың iшiне кiру;
2)CD — ағымдағы дискінің негізгі каталогына көшу.
3.RD (Remove directory – каталогты жою) – каталогтi жадыдан өшiру командасы.
Мысалы, RDV STUD – STUD атты каталогты жадыдан өшiру.
4.DIR – каталогтың мазмұнын экранға шығару командасы.
Мысалы:
1)dir – ағымдағы каталогтың тарауларын көрсету;
2)dir *.exe — кеңейтілмесі .EXE болатын ағымдағы каталогтағы файлдар туралы мәліметтер беру;
3)dir a: — ағымдағы A: дисководындағы каталог тарауларын көрсету ;
4)dir / P – ағымдағы каталог туралы мәліметтерді экранның толуына байланысты үзіліспен беру;
5)dir /W – ағымдағы каталогтағы мәліметтерді кең форматта беру;
6)dir /o /p – ағымдағы каталогтың мәліметтерін сорттау арқылы беру (ең алдымен ішкі каталогтар, сонан соң файл аттары және кеңейтілмесі).
3.3.MS DOS-та файлдармен жұмыс iстеу командалары.
4.COPY CON – мәтіндік файл құру командасы.
Мысалы, Copy con Kniga1.txt – Kniga1.txt мәтіндіік файлын құру командасы. Бұл команданы енгізгеннен соң файл текстін қатарларға жазуға болады. Әр қатар біткен соң Enter пернесін басу қажет. Соңғы қатарды теріп болғаннан соң F6 пернесін, сонан соң Enter пернесін қайта басу керек. Copy командасы
1 file(s) copied
(Бір файл көшірілді)
деген хабарлама шығарады және дискіңізде осы атпен файл пайда болады.
2. REN – файлдың атын өзгерту командасы.
Мысалы, REN_ kin 1. bas _ Saule. Bas – kin 1.bas файлдың атын Saule.bas деп өзгерту.
3.COPY – файлдыңкөшiрмесiналукомандасы.
Мысалы, COPYV kin 1.bas V tab 1.bas – kin 1.bas файлының көшiрмесi tab 1.bas файлында шығады.
4.DEL – файлды жадыдан өшiру командасы.
Мысалы, DEL V kin 1. bas – kin 1.bas атты файлды жадыдан өшiредi. Del *.bas – қосымшасы bas болған барлық файлдарды жадыдан өшiредi.
5.MOVE – файлдарды екінші бір каталогқа көшіру командасы. Команда форматы:
MOVE (/Y) файл – аты каталог – аты
Бір файлды екінші бір каталогқа көшіру барысында файл атын өзгертуге болады. Команда форматы:
MOVE (/Y) файл-аты (дисководJ (жол) файлдың жаңа аты
Егер ауысатын каталогтың ішінде осы аттас файл бар болатын болса, оны автоматты түрде соңғы файл атына өзгертеді.
Мысалы:
1) MOVE *.doc d: — кеңейтілмесі .doc болатын барлық файлдарды негізгі дискіден D: дискісіне көшіру.
2) move /y */.doc ARC – негізгі каталогтан кеңейтілмесі .doc файлдарды ARC ішкі каталогына көшіру. ARC – каталогы бұрыннан бар болуы керек және аттас файлдар автоматты түрде ауыстырылады.
3)move thesis.bak a:thesis.old – thesis.bak файлын A: дискісіне thesis.old деген атпен көшіру.
4)move .bak a:.old – бұл команда жалған, өйткені файлдар жиынтығының кеңейтілмесі тек біртіндеп ғана ауыстырылады.
6.FILEFIND — файлдағы символдар қатары немесе файл аты бойынша дискідегі файлды іздеу командасы. Команда форматы:
filefind файл-аты (символдар қатары) (универсальды режимі)
Іздеу барысында * және ? символдарын қолдануға болады.
Егер файлды іздеу барысында қандай да бір каталог немесе диск көрсетілмесе дискідегі барлық каталогтарда іздеу жұмыстары жүргізіледі.
Мысалы:
1)filefind digger.* — кеңейтілмесі әртүрлі digger атты барлық файлдарды іздестіру;
2)filefind :t.doc – t әрпінен басталатын және кеңейтілмесі .doc болатын барлық файлдарды барлық дискілерден іздестіру;
3)filefind *.doc “Иванов” /c – негізгі С каталогындағы кеңейтілмесі .doc болатын, “Иванов” символдар қатарынан тұратын барлық файлдарды іздестіру;
4)filefind *.doc “Иванов” /s /c /sc – кеңейтілмесі .doc болатын “Иванов” символдар қатарынан тұратын барлық файлдарды барлық каталогтардан іздеу.
7.Файлдарды біріктіру (файлдар конкатенациясы) — COPY командасы тек қана көшіру командасы ғана емес, сонымен бірге бірнеше файлдарды бір файлға біріктіретін команда.Команда форматы:
Copy файл-аты (+файл-аты) … файл-аты
Біріктірілетін файлдар қосу (+) таңбасы арқылы көрсетіледі, сонан соң барып соңғы файл аты жазылады.
Мысалы:
Copy *.lst + *.ref *.prn – ағымдағы каталогтағы кеңейтілмесі .lst болатын әрбір файлға нақ осындай атпен, бірақ кеңейтілмесі .ref болатын екінші бір файл қосылады, ал нәтижесі аты өзгерссіз қалатын, бірақ кеңейтілмесі .prn болатын файлға ауыстырылады;
Copy file1.dat + file2.dat all.dat – file1.dat және file2.dat файлдарының конкатенациясы. Соңғы файл all.dat деген файл атымен ауыстырылады.
5. MSDOS-та дискілермен жұмыс.
Файлды немесе буманы дискетке көшiру үшiн, ол алдын ала ақпарат жазуға дайындалған, яғни форматталған болуы керек. Пайдаланып жүрген дискеттi қайта форматтау кезiнде онда бұрын сақталған ақпараттар жойылып кететiнiн есте ұстаған жөн.
Дискжетекке дискеттi орналастырамыз да, мына командалардың бiрiн орындаймыз:
1.Format a: — A: — дискісін форматтау.
2. Format a: /s – А: дискісін форматтап, жүйелі дискета жасау.
Жүйелiк дискет жасау үшiн: жүйелiк файлдарды дискiге көшiру қатарын белгiлеу қажет. Жүйелiк дискет – операциялық жүйе жүктелетiн, жүйелiк файлдар жазылған дискет. Жүйелік файлдар құрамына — COMMAND.COM, IO.SYS, MSDOS.SYS, AUTOEXEC.BAT және CONFIG.SYS файлдары кіреді.
Дискетті көшіру үшін MS DOS ОЖ-де DISKCOPY командасы қолданылады. Команда форматы:
diskcopy (дискжетекJ (дискжетекJ (/V) (/M)
Командадағы бірінші параметрде көшірілетін дискжетек көрсетіледі. Екінші параметрде материал көшірілетін дискжетек көрсетіледі.
Көшірілу режимдері:
/V – көшірілудің дұрыстығын көрсетеді;
/M – қатты дисктің көшірілу кезінде қолданылмауын қадағалайды.
Мысалы:
diskcopy a: b: /v –A: дискжетегін B: дискжетегіне көшірілудің дұрыстығын тексере отырып көшіреді;
6.NC программасынажалпытүсінік.
MS DOS жүйесiнiң командаларымен жұмыс iстеудi жеңiлдетуге арналған түрлi жүйелiк программалар бар. Олардың iшiнде жиi пайдаланылатын NC пакетi. NC (сыртқы қабықша) жетекшi программа.
Бұл программаның негізін 1992 жылы П. Нортон құрған. Бұл программа жүктелгенде экранға көк түстi екi терезе шығады (3.5.1-сурет). Оның орындайтын iс–әрекеттерi файлдармен және каталогтармен жұмыс iстеудi жеңiлдету.
Терезелерде файлдардың және каталогтардың аттары орналасады. Олардың қажеттiсiн курсор немесе тышқан бағыттаушысы арқылы таңдап алу мүмкiн. Бiр терезеден екiншi терезеге <Tab> пернесi арқылы өтуге болады.
Экранға шыққан терезелердің бiрiнде не каталог немесе файл аты сұр түстi тiк төртбұрыш iшiнде орналастырылып қойылады. Ол NC-тiң осы каталогты немесе файлды ағымдық етуге дайындалған белгiсi, әдетте оның NC-тің панель белгiлемесi немесе курсор деп атайды. Курсорды басқару пернелерiн (¬, , ®, ¯) пайдаланып курсорды сол панельде жоғары-төмен жылжытуға болады. Терезеде көрiнген каталогтың мазмұнын экранға шығару үшiн курсорды осы каталогтың үстiне әкелiп <Enter> пернесiн басса болғаны. Ішкi каталогтан 1-шi деңгейлiк каталогқа шығу үшiн курсормен оның сол жақ жоғары бұрыштарында көрiнiп тұрған (..) белгiлемесiн белгілеп <Enter> пернесiн басу қажет.
Қандай да бір файлды немесе каталогты таңдау үшін “INS” пернесі басылады, INS пернесін қайта басу тапсырмадан бас тарту. Белгілі бір кеңейтілмеден тұратын файлдар тобын белгілеу үшін оң жақ клавиатурадағы “+” таңбасымен бірге қажетті кеңейтілме көрсетіледі. Мысалы, .doc кеңейтілмелі файлдар тобын белгілеу үшін сандық пернетақтадан «+» — ті басамыз және шыққан сұхбаттық терезеде төмендегідей тапсырыс береміз: +.doc ¿ . Белгілемеден бас тарту үшін оң жақ клавиатурадан – «-» (минус) пернесін бассақ болғаны.
Ішкi каталогтардан көрiнген .com, .exe, .bat типтi файлдарды iске қосу үшiн курсорды осы файлдардың үстiне әкелiп <Enter>-дi басамыз. Мысалы: C:nc.exe
NC үшiн функционалды пернелердiң орындайтын iс-әрекеттерi зор. Атап айтқанда:
F1 – NC туралы мәлiметтер;
F2 – пайдаланушы мәзiрiн iске қосу;
F3 – файлды оқу;
F4 – файлды редакциялау;
F5 – файлды не каталогты көшiру;
F6 – файлдың не каталогтың атын өзгерту;
F7 – жаңа каталог құру;
F8 – файлды не каталогты жою;
F9 – жұмыс тәртiбiн өзгертетiн мәзiрдi шақыру;
F10 – NC программасынан шығу.
7. Norton Commander: каталогтармен , файлдармен және дискілермен жұмыс.
F7 – жаңа каталогты құру командасы. Құрылған каталогтың ішінде ішкі каталог құру үшін де F7 функционалдық пернесін басу қажет. NC-те Create the directory (Каталогты құру) деген сұхбаттық терезе шығады. Каталог атын жазып Enter-ді басу қажет. Егер каталогты құру мүмкін болмаса NC- те Can/t create directory (Каталогты құру мүмкін емес) деген хабарлама шығады. Каталаогты құру мүмкін емес жағдайлары:
1.Каталог атының дұрыс берілмеуі;
2.Дәл осы атпен файл немесе каталогтың болуы;
3.Ағымдағы дискіде орынның болмауы.
Сондай-ақ каталогтардың атын ауыстыруға, өшіруге, орнын ауыстыруға болады. Мұның барлығы да файлдарда орындалған сияқты іске асады.
NC-те каталогтарды тармақталған түрде көруге болады. Ол үшін қажет дискіні таңдайсыз, яғни F9+L+T – оң панель үшін, F9+R+T – сол панель үшін. Шыққан сұхбаттық терезеден Дерево папок (CTRL+T) деген команданы таңдайсыз да Enter-ді басасыз. Командадан шығып кету үшін сол жақ панель үшін ALT+F1- ді, оң жақ панель үшін ALT+F2- ді, содан соң Enter-ді басасыз.
NC-те каталогтарды тез арада іздестіруге болады. Ол үшін Alt пернесін басып тұрып өзіңізге қажетті каталог атының бастапқы әрпін тересіз. Бұл режимнен шығып кету үшін Esc пернесін басамыз.
NC-те мәтіндік файлды құру үшін: Shift+F4 пернелер комбинациясы басылады.
NC-те файлдар тобын көшіруге, өшіруге, жылжытуға және т.б. болады. Файлдар тобын белгілеу үшін <INS> пернесі пайдаланылады. Каталогтағы файлдардың барлығын белгілеу үшін сандық пернетақтадағы “+” (сұр түсті) пернесі басылады. Сол кезде экранға шыққан “*.*” шаблонын мақұлдау үшін <ENTER> пернесін басамыз. Қос жұлдызшаны файлдың аты және типі бойынша өзгерте отырып, файлдар тобын қажетімізше таңдауымызға болады. Таңдап алынған файлдар тобын бастапқы қалпына келтіру үшін сандық пернетақтадағы “-” (сұр түсті) және <ENTER> пернелерін басамыз.
Экрандағы каталогтан қажетті файлды жылдам табу үшін <ALT> пернесі басылып тұрған сәтте пернетақтадан айрықшаланатын алғашқы әріптер тізбегі енгізілген болса, NC керекті файлды курсормен белгілеп, экранға шығарады.
Қажетті файлды дискінің басқа каталогтарынан жылдам іздеу үшін <ALT>+<F7> пернелер комбинациясы басылады. Шыққан сұхбаттық терезеде ізделінді файл атауы енгізіліп <ENTER> пернесі басылады. Ізделінді файл атауында * және ? символдарын пайдалануға болады. Бұл жағдайда NC программасы көрсетілген белгілердің орнына әртүрлі таңбалар қойылған бірнеше файлдарды экранға шығарып береді.
<SHIFT>+<F3>
аты енгізілген файлды оқу;
<SHIFT>+<F4>
аты енгізілген файлды редакциялау;
<SHIFT>+<F5>
аты енгізілген файлды көшіру;
<SHIFT>+<F6>
файлдың атын өзгерту немесе көшіру;
<SHIFT>+<F9>
соңғы енгізілген командаларды сақтау;
<Alt>+<F1>
қажеттi дискiнi сол жақтағы панельде ағымдық етуге арналған;
<Alt>+<F2>
қажеттi дискiнi оң жақтағы панельде ағымдық етуге арналған;
<Alt>+<F3>
аты енгiзiлетiн файлды көру
<Alt>+<F4>
аты енгiзiлетiн файлды өзгерту
<Alt>+<F5>
аты енгiзiлетiн файлды көшiру
<ALT>+<F7>
аты енгізілген файлды дискіден жылдам іздеу
<ALT>+<F8>
бұрын орындалған командаларды қайта орындау
<ALT>+<F9>
25 жолдық экраннан 43 жолдық экранға (және керісінше) көшу
<ALT>+<F10>
басқа каталогқа жылдам көшу
<CTRL>+<O>
панельдерді экраннан алып тастау және қайта қалпына келтіру
<CTRL>+<P>
келесі панельді экраннан алып тастау және қайта қалпына келтіру
<CTRL>+<U>
терезелердiң орнын алмастыру
<CTRL>+<R>
берілген панельдегі дискінің мазмұнын қайталап оқу
<CTRL>+<F1>
сол жақ панельді алып тастау және қайта қалпына келтіру
<CTRL>+<F2>
оң жақ панельді алып тастау және қайта қалпына келтіру
<Ctrl>+<F3>
ағымдық iшкi каталогтар көрiнген файл атауларын 1-шi әрiптерi бойынша реттеу
<CTRL>+<L>
келесі панельде дискі немесе каталог жайлы мәлімдемені шығару
CTRL>+<>
осы дискінің негізгі каталогына көшу
CTRL>+<PgUp>
жоғары деңгейдегі келесі каталогқа көшу
CTRL>+<PgDn>
төменгі деңгейдегі келесі каталогқа көшу
CTRL>+<B>
функционалды пернелердің қызметін көрсететін мәлімдемені экраннан алып тастау және қайта қалпына келтіру;
CTRL>+<E>
орындалған командалар тізімін ілгері қарай командалық қатарға шығару;
CTRL>+<X>
орындалған командалар тізімін кейін қарай командалық қатарға шығару;
<Ctrl>+<Q>
терезелердi экраннан алып тастау не қайтадан iске қосу;
NC программасының бас мәзір командаларына <F9> пернесi арқылы өтуге болады. Экранға келесi командалар шығады: LEFT, FILES, COMMANDS, OPTIONS, RIGHT.
LEFT (сол) – сол жақтағы тереземен жұмыс iстеу үшiн қолданылады.
RIGHT (оң) – оң жақтағы тереземен жұмыс iстеу үшiн қолданылады.
Бұл командалардың iшкi командалары бiрдей:
BRIEF (қысқа формат) – берiлген терезеге файлдарды қысқа түрде шығарады (экранға тек файлдардың аттары шығады);
FULL (толық формат) – берiлген терезеге файлдарды толық түрде шығарады (экранға файлдардың аттары, өлшемдерi, құрылған уақыттары шығады);
ON/OFF – берiлген терезенi экраннан өшiру және қайта шығару;
NAME (есiмi)– берiлген терезеге файлдардың есiмiн алфавит бойынша орналастырады;
EXTENSION (түрi) – берiлген терезеде файлдардың кеңейтілмелерін алфавит бойынша орналастырады;
Қорытынды.
MS-DOS операциялық жүйесі.
Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т.б.. Яғни ОЖ – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ – ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды.
Процессордің типіне қарай, DOS – тың түрлі-түрлі версиясы бар. Әдетте оларға арнайы атаулар беріліп қойылған.
Басқа операциялық жүйелер сияқты, MS DOS жүйесі мынадай бөлімдерден тұрады : BIOS, BIO, COM (IBMBIO.COM), DOS COM (IBMDOS.COM) және COMMAND.COM.
BIOS (Basic Input/output System – негіздік ендіру/шығару жүйесі) – операциялық жүйенің ТЕСҚ-ға жазылып қойылған бөлімі. Оның орындайтын іс-әрекеттері :
Компьютер элетр жүйесіне қосылған соң автоматты түрде оның ішкі құрылғыларының жұмыс істеуге дайындығын тексеру.
Одан әрі, жүйелік болатын иілгіш не қатты магниттік дискібен опеациялық жүйенің тиуші деп аталатын программасын жадқа ендіру.
Жүйелік үзілісті ұйымдастыру. Мысалы, программаны орындау кезінде нөлге бөлу кездессе, ол оның мүмкін емес екенің хабарлап, машина жұмысын тоқтатады ; клавиатурадан символ терілсе, ол процессордың осының алдаңдағы ағымдық жұмысына үзіліс жасайды.
BIOS – тың құрамында сыртқы құрылғылардың жұмысын басқару драйверлері де бар.
BIO.COM (IBMIO.COM) – BIOS жүйесінің жұмысын ьолықтырушы бөлім. Ол сыртқы құрылғылар мен информацияны алмастырудың барлық операцияларын да орындайды.
DOS.COM (IBMDOS.COM) – ның жұмысы – пайдаланушының программалары мен түрлі информацияны дискіге тиеу не одан оперативті есте сақтау құрылғысына ендіру, дискіде тиулі программаны жою және т.б.. Ол жад ұяшықтарымен орындалатын жұмыстарды да басқарады.
COMMAND.COM – ның негізгі жұмысы – пайдаланушының программаларымен берілгендерді жадқа ендіру және өндеу. COMMAND.COM – ды командалық процессор деп те атайды. Ол ішкі не реззиденттікдеп аталатын түрлі командаларды да орындайды (DIR, COPY, REN, DELETE, CD, MD, RD, DATE, TIME, VER т.б..)