Әлемдік дамудың технологиялық ядросына енетін мемлекеттер тәжірибесін (АҚШ, Жапония, Германия, Англия, Франция), сондай-ақ инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу органдарын, қаржыландыру, салықтық, несиелік жүйелерде, экономикадан тыс қызметте жеңілдіктерді, инновациялық қызметті ғылыми-методикалық және ақпараттық қамсыздандыруды қолдау формаларын, кооперацияларды реттеу және шығарылатын тауарлардың бәсеке қабілеттігін жоғарылатуды қарастырайық.
Қазіргі уақытта өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің 3 басты ғылыми-инновациялық даму модельдерін бөліп көрсетуге болады:
1. Ғылымда көшбасшылыққа бейімделген, ірі масштабты мақсатты жобаларды іске асыратын, ғылыми-өндірістік циклдың барлық стадияларын қамтитын мемлекеттер (АҚШ, Англия, Франция).
2. Жаңалықтарды таратуға бейімделген, жағымды инновациялық ортаны құру, экономиканың барлық құрылымдарын рационализациялауды жүзеге асыратын мемлекеттер (Германия, Швеция, Швейцария).
3. Инновациялық инфрақұрылымның даму жолымен жаңалық енгізуді реттеу, әлемдік ҒТП-ның жетістіктеріне ықпалдылығын қамтамасыз ету, ғылым және технология облысындағы түрлі секторлардың іс-шаралардың координациясын жүргізетін мемлекеттер (Жапония, Оңтүстік Корея).
АҚШ-та инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу органдарына: Американдық ғылыми қор (бастапқы зертеулерді бақылайды); Американдық ғылыми кеңес (өнеркәсіп және университеттерді бақылайды); НАСА; Ұлттық стандарттар бюросы; Қорғаныс Министрлігі; өнеркәсіптік зерттеулердің ұлттық орталығы; Ұлттық ғылым академиясы; Ұлттық техникалық академия жатады; Соңғы 4 құрылым аралас қаржыландыруға ие, ал қалғандары – федералды бюджет есебінен.
Қаржыландыру көздері: 50%-дай жеке фирмалар мен ұйымдар, 46%-дай федералды үкімет (конкурс негізінде), қалғаны – университеттер, колледждер, үкіметтік емес ұйымдар.
Мемлекет венчурлық қорлар мен зерттеу орталықтарын құруды реттейді. АҚШ-тың ұлттық ғылыми қорының болжауы бойынша аса тиімді зерттеу орталықтары және венчурлық қорлар алғаш рет 5 жыл толық және бөлшектеп федералды бюджеттен қаржыландырылады. Ең тиімді және ғылыми сиымды зерттеуді мемлекет толығымен қаржыландырады. Себебі, олар өте күрделі, жоғары тәуекелді және әлемдік бәсекелестікте күшті дамыған.
АҚШ-та бюджеттік зерттеулер нәтижесінде патенттелген және федералды үкіметтің меншігі болып табылатын жаңалықтарды коммерциялық негізде қолдануға тегін лицензия беру тәжірибесі кездеседі.
Инновациялық процестерді тікелей қолдаудың маңызды элементі – мемлекеттік инновациялық инфрақұрылымды құру. Мемлекет жаңалықтарды тарату мен кеңес берушілік қызметпен айналысатын орталықтар жүйесін құра алады. Мемлекет инновация нарығын құруға септігін тигізіп, сол нарықта өзі агент ретінде жүре алады.
Мемлекеттік органдар өз елінде және шет елдерде инновациялық процесстерді болжау мен мониторингті жүзеге асырады және де тереңірек ену үшін аса тиімді технологияларды іздейді. Ерекше орынды инновациялық жобалардың мемлекеттік экспертизасы алады. Өйткені жаңалықтарды енгізуді жүзеге асыратын жеке ұйымдар жалпы экономикалық масштабта өзінің мүмкіншіліктерін бағалай алмайды.
АҚШ-тың мемлекеттік инновациялық саясатының тағы бір ерекшелігі инновациялық жобаларды жасау мен жүзеге асыру бойынша төмен «ведомстволық» шешімдер концентрациясы.
АҚШ-та көп көңіл болжамдауға, стандарттауға, басқару шешімдерін оптимизациялау, инновациялық жобалардың мемлекеттік экспертизасына, инновацияның мемлекеттік статистикасын жүргізуге бөлінеді. Ішкі және әлемдік бәсекелестіктің даму механизмі жасалған. Антитресттік заңнама 100 жылдан астам уақыт қолданылып келеді.
Жапония өнеркәсібінің даму стратегиясын анықтау мен өнеркәсіптік ғылыми-тәжрибелік, конструкторлық зерттеулерді жасап, оларды енгізуде шешуші орынды Сыртқы сауда және өнеркәсіп министрлігі (ССӨМ) алады. ҒТҰ-дің нақты бағыттарын жүзеге асыруды ғылым және техника басқармасы айналысады. ССӨМ-ның қарауында лицензиялар экспорты және импортымен айналысатын Жапонияның өнеркәсіптік технологиялар ассоцияациясы да бар. Тағы да мемлекет дамуының ұзақ мерзімді ғылыми-техникалық бағдарламасы бар және шет елдерден лицензияларды сатып алу қосымша зерттеулерді реттеу жүргізіледі. ҒТҰ жүзеге асырылғанда ірі компанияларға сүйенеді.
Бүгінгі күні Жапонияда ғылыми-тәжрибелік, конструкторлық зерттеулер саласында мемлекеттік шығындар 3,5 % ЖІӨ-ге дейін көтерілді, негізінен бастапқы зерттеулер мен жаңа идеяларды қарастыруға кетеді. Жапонияның мемлекеттік саясаты лицензияны импорттайтын елден, оны экспорттайтын елге айналуға бағытталған.
Жапонияның Сыртқы сауда және өнеркәсіп министрлігі тек өнеркәсіп пен сыртқы сауданың жалпы және салалық даму стратегиясын анықтап қоймай, сонымен қатар өз иелігінде осы стратегияны нақтылауға арналған көптеген құралдар мен әдістер бар. Экспорттық өндіріс және экспорттың дамуына әсер ететін ұлттық экономиканың және әкімшілік тәсілдерден (жеңілдетілген несиелендіру, экспортты сақтандыру, экспортшылардың салық төлеуден біртіндеп босатылуы, тікелей субсидиялау, экспортшыларға мемлекеттік кешенді көмек) басқа, Жапонияның мемлекеттік органы жанама әдістерді де қолданады: банктермен ұсынылған қаржылық ресурстарды мақсатты бөлу және маңызды салаларға орналастыру; мемлекеттермен ғылыми-техникалық айрбастауды бақылау.
Жапонияның ғылым және өндіріс, ҒТҰ-ді интеграциялау жаңа технополис-қалаларының соғылуын және ғылыми сиымды өндірістерді болжайды. Технополистер стратегиялары – жоғары технологиялы деңгейдің аймақтық орталықтар желісінің дамуы негізінде жаңа қызмет салаларына өту стратегиясы. Сондай-ақ бұл стратегия бүкіл жапондық шаруашылықтың интеллетуализациясы.
Сонымен қатар Жапониядағы инновациялық процестерді мемлекеттік реттеу ғылыми-тәжрибелік, конструкторлық зерттеулер саласын индикативті жоспарлау мен жоғары импортты кедендік тарифтермен, ғылыми-тәжрибелік, конструкторлық зерттеулер саласын қаржыландырудағы салықтық және несиелік жеңілдіктердің берілуі, ғылыми сиымды өндірістің жылжуындағы протекционистік саясатпен ерекшеленеді.
Германия, Англия, Франция Евро Одақ құрамына енеді және сәйкесінше, әлемде ғылыми-тәжрибелік, конструкторлық зерттеулер саласына шығындардың абсолютті өлшемі бойынша 3 (2,3 % ЖІӨ), 4 (2,4 % ЖІӨ) және 5 – (2,2 % ЖІӨ) орындарды алады. Ғылыми-тәжрибелік, конструкторлық зерттеулер саласы федералды бюджеттен 35-45% көлемінде қаржыландырылады.
Евро Одақ инновациялық қызметті жүзеге асыруға көп көңіл бөледі. Оның инновациялық саясатының негізгі бағыттарына келесілер жатады:
- бірегей монополияға қарсы заңнаманы шығару;
- құралдың жедел амортизация жүйесін қолдану;
- ғылыми-тәжрибелік, конструкторлық зерттеулер саласына жеңілдетілген салық салу;
- шағын ғылыми сиымды бизнеске көмек беру;
- жаңа технология облысындағы инновацияға көмек беру үшін ұйымдарды тікелей қаржыландыру;
- ғылыми сиымды өнімдерді шығаратын ұйымдар мен университеттік ғылымның іскерлігін реттеу.
Евроодақтың инновациялық саясатының негізі 1985 ж қабылданған «Инновация мен технологияларды таратудың халықаралық инфрақұрылымының даму жоспары» болып табылады. Бұл құжаттың негізгі мақсаты – ұлттық және ұлттықтан жоғары деңгейдегі ғылыми зерттеулер нәтижелерінің дайын өнімге айналу процесін жеделдету мен оңайлату және де Евроодақта инновацияның таралуына мүмкіндік беру.
1988 ж. бастап Евроодақта «ВЭЛЬЮ» ғылыми-тәжрибелік, конструкторлық зерттеулер саласының нәтижелерін тарату бағдарламасы жүргізілуде.
Жоғары технологиялар нарығында европалық компанияның үлесі төмендегеннен: ЭСПРИТ – ақпараттық жүйелер технологиясы саласындағы ғылыми зерттеулердің европалық стратегиялық бағдарламасы; РАСЕ – Европадағы жаңа байланыс тәсілдерін зерттеу; ЭВРИКА – бәсеке қабілеттікке қарсы тұратын, әсіресе американдық және жапониялық корпорацияға, қуатты өнеркәсіптік компаниялардың европалық топтарының арасында пайда болған альянсты реттеуге және оптроника, жаңа материалдар, үлкен ЭВМ, қуатты лазерлер, бөлшектерді жылдамдатқыштар, жасанды интеллект сияқты 6 облыстағы европалық ғылыми-тәжрибелік, конструкторлық зерттеулер саласын ұйымдастыруға бағытталған кешенді бағдарлама.
Евроодақтағы инновациялық және инвестициялық қыметті реттеу әлемдік тәжірибеде қолданылатын барлық принциптерге сүйенеді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде шетелдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерінің мемлекеттік кепілдіктері үш деңгейде ресімделген:
— сол елдердің ата заңының деңгейінде;
— өзара қорғау мен шетелдік инвестицияларды мадақтау туралы екі жақты мемлекет аралық келісулер арқылы;
— мемлекеттер арасындағы және басқа елдердің азаматтары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу Конвенциясына қатысу арқылы.