Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасы өзінің әлеуметтік-эко номикалық, мәдени және саяси дамуында айқын жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында кәсіби мемлекет құру маңызды ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі болып белгіленген. Қазақстан Республикасында демократиялық үрдістердің дамуы мен қазіргі заманға сай жағдайларда қазақстандық қоғамды жаңғырту қоғамдық санада азаматтық бейбіт өмірді сақтауға, этносаралық және конфессияларалық өзара қарым – қатынастарды үйлестіруге, әлеуметтік – саяси тұрақтылықты нығай туға ықпал ететін төзімділік мәдениетін қалыптастыру мен дамытуға байла нысты болып табылады. Аталған міндеттерді жүзеге асыру көптеген жағдай ларда мемлекеттік қызметшінің мінез – құлқында, қоршаған ортамен өзара әрекеттесу барысында төзімділіктің бар болуына және де төзімді сананы қоғамға орнату жөніндегі іс — әрекеттеріне байланысты болып табылады.
Әлеуметтік – құқықтық институт болып табылатын мемлекеттік қызмет жалпы ұлттық идеяларға қол жеткізуде ерекше орын алады және мемлекетті басқару механизмінде маңызды роль атқарады. Өзінің кәсіби міндеттерін орындау үшін мемлекеттік қызметшіде кәсіби біліммен қатар кәсіби қызметті жүзеге асыруға қажетті жеке қасиеттер мен мінез – құлықты ерекшеліктерде бар болуы тиіс. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығы ның өзекті мәселесін оңтайландырады. Қазіргі кезде мемлекеттік қызмет сала сында қызмет ететін мамандардың кәсіби қасиеттерін қалыптастыру мен дамыту жөніндегі іс — шараларды құрып, жүзеге асыру міндеті орын алуда. Мемлекеттік қызметшінің мінез құлқында бар болуы тиісті негізгі өлшем дерді сипаттау оның қызметінің кәсіби қызметінің негізін құрайды. Мемлекет тік қызметшінің кәсіби жетістігінің негізін қамтамасыз ететін кәсіби тұрғы дан маңызды қасиеттерді екі топқа бөлуге болады: тиімді әрі нәтижелі кәсіби қызметінің жүзеге асырылуына жауап беретін қасиеттер мен төзімділікке негізделетін тұлғалар арасындағы тиімді қарым – қатынасқа ықпал ететін қасиеттер. Дәл осы төзімділік қасиеті мемлекеттік қызметшілерге басқа адам дармен теңдік негізінде өзара әрекет етуге және субъект пен субъект арасын дағы қарым қатынастарды толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Басқарудың тиімді және оңтайлы құрылымына негізделген мемлекеттік қызмет абыройды жоғары деңгейде ұстай алу мен мемлекетке қызмет етудің беделін түсірмей қызмет ету, аталған міндеттерді адал әрі сапалы орындау жауапкершілігіне иеленетін кәсіби кадрларды қажетсінеді. Осындай қоғам дық қажеттілікті қамтамасыз ету көптеген үрдістердің қызмет етуіне де байланысты болып табылады. Олардың ішінде мемлекеттік қызметші тұлғасының азамат пен кәсіпқор түрінде қалыптасу мен дамуына қатысты басты әлеуметтік үрдістердің бірі болып табылатын мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтендірілуі ерекше орын алады.
Кәсіби мемлекеттік қызмет әрдайым және барлық жерлерде қоғамның сәтті дамуының, кез келген мемлекеттің гүлденуін қамтамасыз ететін негізгі ұйымдастырушылық буыны, маңызды шартарының бірі болған. «Жаңа ұрпақтың шешеунігі – патриот сезімі дамыған әрі әділетті, өз ісіне берілген әрі кәсіпқой ұлттың қызметшісі болып табылады. Мемлекеттік қызметтің жоғары беделін қалыптастыру әрі оны тиісті деңгейде ұстау — біздің таяу жылдары шешімін табуы тиіс стратегиялық міндетіміз» — деп атап өткен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.
Аталған міндеттерге қол жеткізу үшін мемлекеттік қызметшіде кәсіби білімдермен қатар жеке бас психологиялық қасиеттері, атап айтқанда өз қызметінде басқа адамдармен, әріптестерімен және тұрғын халықпен өзара әрекеттесу барысындағы төзімділігі де жоғары деңгейде болуы тиіс [24, 37 б.].
Қазақстанда төзімділік деңгейін арттыру маңыздылығы мен қажеттілігі мемлекеттік деңгейде танылады. Алайда ресми құжаттарда бекітілген төзім ділік өзара қарым – қатынастардың көпшілік мақұлдаған қағида деп есептеуге болмайды. Мемлекеттік органдар аппаратында қызмет ететін адам – мемлекеттік ниеттерді, бағдарламалар мен қабылданған заң актілерін ақи қатқа айналдырудың басты қозғаушы күші болып табылады. Мемлекеттік қызметшінің өзі қоғамға төзімділікті орнату жөнінлегі «менеджері» болуы тиіс, яғни аталған қасиет бірінші кезекте оның өзінде бар болуы шарт.
Бүгінгі күні төзімділікке қатысты бірқатар қайшы көзқарастар орын алуда. Атап айтқанда, қоғамда өзара қарым – қатынастарда төзімділікті артты руға қатысты қажеттілік бар, алайда іс жүзінде төзімділік деңгейі әлі де болса төмен болып қалуда. Мемлекеттік деңгейде қоғамдағы төзімділікті дамытудың маңыздылығы мойындалған, алайда оның мемлекеттік бағдарламалар дың жүзеге асырылуына жауапты әрі іске асырудың қозғаушы күші болып табылатын мемлекеттік қызметшілер қызметіндегі жүзеге асыры луы әлі күнге дейін орын алмаған.
Сонымен қатар, біліктілікті арттыру, қайта даяр лау курстарда оқып жүрген кезде мемлекеттік қызметшілерде өз төзімділігін дамытуға әлеуетті мүмкіндіктері бар, алайда қазіргі кезде мемлекеттік қызметшілердің төзіміділігін арттыру жөніндегі арнайы әзірленген бағдарла малар жоқ.
Мемлекеттік қызметшілер төзімділігін арттыруға қатысты ережелер мен нақты көзқарастар мемлекеттік қызметшілердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар – намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, «Мемлекеттік қызметті өту тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың ереже лерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы сынды нормативтік – құқықтық актілерде көрініс тапқан.
Тұлғаның маңызды интегралды қасиеті болып табылатын төзімділіктің мемлекеттік қызметшілерде көрсеткіштер, даму деңгейлері мен құрылымды құрауыш бөліктердің өзара байланысының деңгейіне қатысты басқа ұқсас кәсіп иелерінің, мысалы, жоғары оқу орындарының оқытушыларының төзімділігінен өзгеше болып табылатын өзіндік ерекшеліктері бар.
Кәсіби тұрғыдан маңызды қасиет болып табылатын мемлекеттік қыз метшілер төзімділігінің даму деңгейі төмен және де мамандық бойынша қыз мет өтіліне байланысты болып табылады.
Бүкіл әлемде мемлекеттік секторға ұдайы көңіл аударылады, ол қоғам өмірінің назарында. Бірақ, шешуші фигуралардың бірі – мемлекеттік қызметші – қоғам алдында кәсібилігі төмен, бюрократизм, сыбайлас жемқорлық сияқты жағымсыз келбетте көрінетін болса, басқару құрылымын нығай ту, жетілдіру, мемлекеттік қызмет саласындағы реформалар жеткілікті емес. Қазақстанның Президенті Н.Назарбаев мемлекетке басшылық ету үшін қажет, мемлекеттік қызметшіге тән негізгі қасиеттерді атап көрсетті. Бұл – жоғары моральды жауапкершілік, кәсіби білімін тәжірибеде қолдана алу, адалдық, таза ниеттілік, белсенді өмірлік ұстаным. Мемлекеттік қызмет тегі әр адам өз жұмысының маңыздылығын сезіне отырып өз елінің патриоты болуы тиіс.
Төзімділік көп құрауышты құрылымы бар жеке басқа қатысты қасиет. Ол басқа адамдармен өзара әрекеттестікке қатысты саналы негіздегі ашықты ғында, олардың жеке – психологиялық ерекшеліктерін, мінез – құлық үлгіле рін өзіндік «Мен» сезімін жоғалтпай қабылдауында, сонымен қатар сындар лы үндесуді жүргізуге дайын болуда көрініс табады.
«Мемлекеттік қызметшінің төзімділігі» ұғымы біріншіден, «әрекет тестік» пен «қарым — қатынас» ұғымдарымен тығыз байланысты, екіншіден, «ізгілік» пен «рухани жауапкершілік» ұғымдарымен тығыз байланысты болып табылады. Негізінен «мемлекеттік қызметшінің төзімділігі» дегеніміз басқаларды олардың қандай болса солай қабылдай алуға дайын болу және олармен келісім негізінде әрекеттесе алу, қалыптан тыс шығатын, «деструк тивті» жанжалды жағдайларды түсіністік орната білу мен басқа пікірді қабылдай алу қабілеттілігі. Төзімділіктің психологиялық мәні адамдар мен әлеуметтік топтар арасындағы, саяси, экономикалық, ұлттық (этностық) айырмашылықтардың бар болуына, конфессиялық және басқа да қайшылықтардың, сондай – ақ жанжалдардың пайда болу мүмкіндігіне байланысты. Төзімділік аталған жанжалдардың пайда болуы мүмкіндігін жоққа шығара алады немесе аталған келіспеушіліктер мен жанжалдарды күштемей шешу құралдары арқылы, пайда болып келе жатқан жанжал тараптары үшін оң нәтижемен жүзеге асырыла алады.
Мемлекеттік қызметші төзімділігінің құрылымы үш құрауыш бөліктер ден тұрады:
- когнитивті құрауыш бөлік – төзімділік туралы білім, төзімділік тің өзара әрекеттесу үрдісіндегі маңыздылығын ұғыну, меншікті төзімділік тің ұйымдастырылғандық деңгейі туралы көрініс;
- эмоционалды – қарым – қатынасты құрауыш бөлік — өзін өзі қабылдау, өз өзіне баға беру, эмоционалдық тұрақтылық, өзін өзі ұстай білушілік, эмпатия, психологиялық бағыттылық (басқа адамға деген назар аударушылық);
- мінез – құлықты – реттеуші құрауыш бөлік – мінез – құлықты икемділік, мінез – құлықтық стратегия (өзін өзі сындарлы таныту страте гиясы төзімділіктің дамуына ықпал етеді, ал басқа стратегиялар, керісінше, оған кедергі туғызады).
Жоғарыда аталған әрбір құрауыш бөліктердің өзіндік өлшемдері, тиісті көрсеткіштері бар.
Мемлекеттік қызметші төзімділігі құрылымының теориялық үлгісі келесідей: төзімділіктің интрапсихологиялық жағының (толерантты сананың) қалыптастырылуы мен дамуына келесі жеке сипаттамалар негіз болады: сананың, атап айтқанда ойлау үрдісінің үндесуге дайын болуы, алдын ала бейімделгенділік жүйесі (өзекті мәселелерге, түсіністікке, түсіндіруге, өзара байланысқа, рефлексияға, шығармашылыққа, тапқырлыққа бағытталынуы); ішкі бақылаудың бар болуы, өмір мағынасының жүзеге асырылуымен қана ғаттанушылық сезімі; дамыған өзіндік сана, басқа адамға (басқа адамдарға) деген қарым – қатынастар құнды қатынастар ретінде басты орын алатын толық қалыптасқан құндылықты – уәжді сала.
Мемлекеттік қызметшінің имиджін қалыптастырудың идеологиялық, саяси және мәдени аспектілері бар. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру – күрделі және ұзақ үрдіс. Мемлекеттік қызметшінің оң имид жін қалыптастыру үрдісі атқаруы биліктің имидждік саясатымен тығыз байланысқан.
Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне қойылатын негізгі қағидалар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің Ар-намыс кодек сінде белгіленген: «мемлекеттiк қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапы нан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды».
Мемлекеттік қызмет кадрларының біліктілігін арттыру жүйесіне төзімділік үрдісін оңтайландыратын және белсендеттіретін әдістердің арнайы кешенін енгізу мемлекеттік қызметшілердің осы жеке қасиеттің қалыптасты рылуына деген құндылықты – уәжді (мотивациялық) қарым – қатынасына, төзімділіктің даму үрдісінің іс жүзінде белсендетілуіне және оңтайлан дырылуына оң әсер етеді, мемлекеттік қызметшілермен өз жеке мүмкіндік тері, кәсібжәни е әлеуметтік ортаның қорларын пайдалануының тиімділігін арттырады.
Төзімділіктің тағы да бір қыры – интерпсихологиялық тұрғыдан қарастырылатын төзімділік. Ол мінез-құлықтың, қызметтің, өзара ара қаты настың белгілі бір стилінде көрініс табады әрі коммуникативті төзімділік ретінде белгіленеді. Төзімділіктің аталған түрінде икемділік тің үш тобы шоғырланған. Талдап, болжау жасай алуға қатысты икемділіктер нақты әлеу меттік ортада және нақты серіктестермен оқиғалар дамуының қисынын белгі леуге, өз мінез – құлқын жоспарлауға, болашақ өзара ара – қатынастарға деген әзірлігін даярлауға мүмкіндік береді. Коммуникативті икемділіктер нақты жағдайларда өзара әрекеттесу міндеттерін сындарлы шешуге, әріптес пен оның эмоционалдық жағдайы мен пікірлердегі, көзқарастардағы келіспеу шіліктерге байланыссыз оңтайлы эмоционалдық ара қатынасты орнатуға мүмкіндік береді, Өзін өзі реттей алу икемділіктері өз белсенділігінің шығармашылық сипаттамасын айқындай отырып өзара қарым-қатынастың тиімді стратегиясы мен тактикасын әзірлеуге мүмкіндік береді де өз мінез – құлқын немесе қызметін басқару және өзінің күйін реттей алу негізінде тиімді стратегияны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметші төзміділігін дамыту өлшемдері, көрсеткіштері және деңгейлері:
Мемлекеттік қызметші төзімділігінің субъективті өлшемдері: біреудің күйзелістерін түсініп, оларды бірге сезіне алудың жоғары деңгейі, бөтен адамдардың құндылықтарын ала білу қабілеті, адамның жеке өзіне маңызды болып табылатын уәждерді қарым-қатынастың тиімді нысандарын іздестіруге жұмылдыру, төзімді өзара әрекеттесуге психологиялық тұрғыдан дайын болу, тәуелсіз ойлаудың, сыни көзқарасқа негізделген ойлау қабілетінің, рухани құндылықтарға негізделген пайымдауларды әзірлеу дағдыларының бар болуы, шиеленіскен жағдайларда өзара әрекеттесу міндеттерін сындарлы шеше алу қабілеті, саналы түрде басқа бір адамды, оның көзқарастарын қабылдауға деген бағытталынушылық, өз өзін барабар қабылдай алу, өзара қарым – қатынастың субъект – субъекттік сипаттамасы, белгілі бір жағдайға байланыстрылған эмоционалдық қарым – қатынас, жоғары рефлексиялық белсенділік, сыртқы жағдайларға тәйелді болмау.
Мемлекеттік қызметшілер төзімділігінің объективті өлшемі – әріптестермен және тұрғын халықтың кез келген топтары арасында орнатылған сындарлы субъект – субъектті өзара қарым – қатынас.
Мемлекеттік қызметшілердің төзімді сананысының мәні – басқа біреудің мінез – құлық ерекшеліктеріне, сенім – нанымдары мен қарым қатынас нысандарына, көзқарастарына, дағдыларына қатысты күтілулер мен ұстанымдар. Мемлекеттік қызметшінің төзімді санасы белгілі бір адаммен таңылмайды, керісінше, ол тәрбие, ақпарат пен жеке өмірлік тәжірибе арқылы біртіндеп қалыптастырылады. Мемлекеттік қызметшілердің коммуни кативті төзімділік адамдар арасындағы өзара әрекеттестік барысында көрініс табады да белгілі бір ерікті актілерді жүзеге асырылады. Төзімділіктің екі құрамдас бөліктері – белгілі бір іс – әрекетті орындауға деген пейілділік, ал төзімді әрекет мақсаттылы болуы тиіс. Сонмен қоса төзімді сана мен коммуникативті төзімділік төзімділіктің интра – және интерпсихологиялық тараптары ретінде жеке тұлға мен қоғам деңгейлерінде сәйкес келмеуі де мүмкін. Төзімділікті қалыптастырудың түпкі мақсаты – толерантты сананың және коммуникативті төзімділіктің келісілген белсендетілуі болуы тиіс.
Төзімділіктің даму үрдісінде бірнеше деңгейлері бар. Төзімділіктің төмен деңгейіне ие мемлекеттік қызметшінің өзін өзі бағалау деңгейі барабар емес. Ол үшін кәсіби білімнің жеке басқа қатысты маңыздылығы жоқ, оның кәсіби құндылықтар жүйесі қалыптаспаған. Ол төзімділікті тек эмоционалды және іскерлік байланысты орната алатын және осындай байланысты орнатуға даяр адаммен, жеке бір жағдайда қана, яғни жеке бір адамға қатысты қана білдіреді. Қатынастың ұтымды нысандарын іздестіруге деген уәж қалыптас паған. Төзімділіктің осы түріне ие мемлекеттік қызметшінің үндесуі сындарлы емес, және де көзқарастар қайшы келіп қалған, әңгімелесуші өткір сөздер айтқан, нәтижелер жоқ болған жағдайда оң эмоциялардың орнын теріс эмоциялар басып, үндесі ауызша агрессиямен ауыстырылады [25, 56 б.].
Жағдайға қатысты немесе ұзақ уақытқа созылатын жанжал пайда болуы мүмкін. Иілгіштік мүлде жоқ деуге болады. Рефлексияның деңгейі – төмен. Мінез – құлық – төзімді қатынасқа қарама қайшы. Оның көрінісін төтеп беретін фактор – мемлекеттік қызметші қызметінің реттемеленуі. дамуын ынталандыратын фактор – дұрыс ұйымдасты рылған топ, бірлескен топтық қызмет болып табылады. Төзімділік деңгейі орташа болып табылатын мемле кеттік қызметшінің өзін өзі бағалау деңгейі барабар, төзімділікке деген уәж қалыптасады.
Мінез – құлықтың жалпы тактикасын әзірлеу, пікір, көзқарас алмасу мақсатында өзара әрекеттесуге дайындық қалыптасқан. Мемлекеттік қызметші қалыпты жағдайларда төзімділік танытады. Жанжалды сындарлы жолға түсіре білу икемділігі орын алуда. Алайда, жанжалдан шығу жол ретінде пәтуә емес, өзара келісім пайдаланылады, ол жанжал қатысушылары ұстанымдарының елеулі өзгеруіне әкеліп соқтырады. Қарым – қатынастың өз өзін дамыту мақсатымен құрылатын тиімді нысан дарын іздестіруге деген адамның жеке басына қатысты уәждер қалыптас паған. Төзімділік көріністерін ынталандыратын факторлар – төзімділік көр сеткенде өзара қарым – қатынас орнатылуының сәттілігін түсіну.
Мемлекеттік қызметші төзімділігінің жоғары (дүниетанымдық — сындарлы) деңгейі басқа әлеуметтік – мәдени топтар мүшелеріне қатысты эмоционалды – тұрақты ара қатынасымен, басқа бір адамның күйзелістерін түсіне алу мен рефлексияның жоғары деңгейімен сипатталады. Мемлекеттік қызметші өзінің көзқарасынан өзгеше көзқарастардың бар болуға құқылы екендігін түсінеді, үндесуде сындарлылық пен өзара қарым – қатынасты жалғастыруға деген ынта байқалады. Мемлекеттік қызметші дербестік пен жауапкершіліктің жоғары деңгейін танытады, ол үйреншікті жағдайларда өзекті мәселені шешу мүмкіндігін болжап, өзінің мінез – құлқын, сөйлеген сөз мәнерін талдай алады, яғни ол өз мінез – құлқын қарым – қатынас субъектісінің ерекшеліктеріне сәйкес түзете алады. Сонымен қатар, төзім ділік деңгейі жоғары мемлекеттік қызметші төзімділік деңгейі неғұрлым төме нірек болып табылатындардың іс – әрекеттерін тежей алад және де осындай мінез – құлық арқылы ол аталған тұлғаларда төзімділік деңгейінің арттыры луына ықпал етеді.
Төзімділіктің дамуын тежейтін факторлар: бірлескен құндылықтарды қабылдау, өз ұстанымдарына деген нық сенімнің жоқ болуы және де берік нанымдардың жоқ болуы. Төзімділіктің дамуына ықпал ететін факаторлар: жалпы ізгілікті құндылықтарды қабылдау.
Мемлекеттік қызметшілер төзімділігі деңгейлерінің, атап айтқанда, пси хологиялық ара қашықтық пен басқарушылық тұжырымдама сынды, сондай – ақ көрініс ерекшеліктері мен агрессияшылдық деңгейлері арасында өзара байланыс бар. Коммуникативті төзімділік деңгейі төмен болып табылатын мемлекет тік қызметшілер ұйымдастырушылық ара – қатынастар барысында өктемшіл көзқарастарды ұстанады, олар психоло гиялық ара қашықтықты орташа және жоғары көрсеткіштеріне сәйкес келетін деңгейде ұстануды жөн көреді, ал жанама агрессияшылдық, ашуланшақтық, негативизм, өкпелеу, реніш сезімдерін білдіру, ауызша агрессияшылдық пен кінә бойынша қалыптан асып та кетеді. Яғни, мемлекеттік қызметшіде төзімділік деңгейі неғұрлым төмен болған сайын ол маңындағыларға соғұрлым жиі реніш білдіреді, оларға сенімсіздік танытады, ол біреуге әл қызынғанда жағымсыз сезімдер мен өз мінез құлқындағы оппозициялық мінез – құлық көрсете алады, ал өз агрессияшылдығын жанама түрде немес ауызша білдіреді [26, 27 б.].
Төзімділік деңгейі жоғары мемлекеттік қызметшілер орта психология лық ара қашықтықты сақтауды артық көріп, басқарудың өктемшіл әдістері мен қоса демократиялық әдістерін де пайдалануды жөн көреді. Осындайда жана агрессияшылдық, ашуланшақтық, негативизм мен реніш көрсеткіштері қалыптан аз да, кінә көрсеткіштері – қалыптан жоғарырақ болып табылады.
Коммуникативті төзімділігінің деңгейі орташа болып табылатын мемлекеттік қызметшілер тобында ауызша агрессияшылдық көрсеткіштері қалыптан астам болып табылады. Басқа топтардағыдай, осы топта кінә сезімінің көрсет кіштері қалыптан астам болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің әріптестермен және тұрғын халықтың кез келген топтарымен өзара – қатынас тарының тиімділігін талдауға қатысты, өзінің ұйымдастырушылық ара – қатынаспен жанжалды жағдайларды агрессияшылдық емес жолмен шешу тәжірибесін қажеттіліктерінің актуал дандырылуы, сондай – ақ өз өін реттеу дің талдау – болжамалы, коммуни кативті дағдыларды дамыту мен жетілдіру мемлекеттік қызметшілерде төзімділіктің қалыптасу және дамыту үрдісін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметшінің төзімділігі оның мамандығы бойынша қызмет етіп, білікті маман ретінде қалыптасу үрдісіне сәйкес жүзеге асырыла тындығы айқындалған: мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі неғұрлым көбі рек болған сайын төзімділік деңгейі соғұрлым төменірек болып табылады. Субъектті көзқарасқа негізделген және төзімділікті дамыту факторла рына ықпал ететін арнайы әзірленген психологиялық тренинг мемлекеттік қызметшілер төзімділігін арттырудың тиімді құралы болып табылады.