Жоспар
Кіріспе
І. Қазақстан Республикасын мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері
1.1.Мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару тұжырымдамасы
1.2.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі
ІІ. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шартын болжау мен бағдарламалау
ІІІ. Мемлекеттік және жергілікті басқаруды жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Басқару мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару процес ретінде жалпылама сипатқа ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатта, тірі табиғатта және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде, әлеуметтік экономикалық жүйелерде обьективті түрде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудағы дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігін ескертеді. 80 жылдардың екінші жартысынан тастап бұрынғы Кеңес одағында, сондай-ақ Қазақстан қоғамдық саяси ахуал қарама — қайшылықтармен сипатталып, қоғамдық тұрақсыздықты көрсетті. Орталықтың Республика мен оның аймақтарының мүдделерін ескермеуі, қоғамдық және территориялық еңбек бөлінісінде орын алып отырғандай, мекемелік және жергілікті мүдделердің қарама-қайшылығының артуы, табиғи ресурстардың бей — берекет пайдаланылуына мүмкіндік беруі экономикалық ахуалдың шиеленісе түсуіне әкеліп соқтырды. Тұрақсыздықтың ең басты себебі жоғарыда аталғандай жүйенің ішкі тоқырауында болды. Тіпті 1993 жылдың аяқ кезіне дейін дербес экономикалық саясат орын алмады.
Барлық шаруашылық жүргізу жүйелерінің ішінде ең тиімдісі болып нарықтық экономика табылады. Ол еңбекті ынталандыруды жетілдіреді, өнім өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етеді, өндірушілердің монополиясына жол бермейді және өндірісті тұтынушы сұранысына бағыттайды.
Республикамызда терең де батыл өзгерістерді жүзеге асыруда нақтылы алғышарттар қажет етілді. Осы бағытта 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы және 1993 жылы Республиканың Ата Заңының қабылдануы мемлекетіміздің тарихындағы жаңа сәт болып табылды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған екінші Конституциясы және 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заң еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуында айрықша орын алады.
Аталып өткен құжаттардың Республикадағы саяси экономикалық процестерді басқаруда маңызы зор. Оларда экономикалық тәуелсіздіктің негіздері, нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы экономиканы басқарудың маңыздылығы көрсетілген және республика дербестігінің экономикалық алғышарты мен өмір тіршілігін басқарудың барлық сферасы қамтылған. Атап айтқанда, олар Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің негізі: жерге, оның қойма байлықтарына, ішкі және территориялық су ресурстарына, өсімдік пен жан — жануарлар әлеміне, тарихи, мәдени құндылықтарына, өндірістік және өндірістік емес обьектілігіне деген төтенше меншігі.
Курстық жұмыс / 22 бет