Мемлекеттік бюджет дефициті мен профициті курстық жұмыс

ЖОСПАРЫ:

КІРІСПЕ

1. Мемлекеттік қаржы процесі
1.1 Дефицит, сыртқы және ішкі қарыз
1.2 Мемлекеттік қаржының экономикадағы маңызы

2 Мемлекеттік бюджетті теңестіру
2.1. Мемлекеттік бюджет дефициті мен профициті
2.2. Мемлекеттік бюджет дефицитін жабу жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргі тәуелдiлiгі Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттік кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгін төмендету мәселесi.

Қазақстанда 2000 жылдан бастап әлемдiк қаржы нарығындағы қолайлы конъюнктураға байланысты республикалық бюджетке табиғи ресурстарды өндiруге байланысты төлемдердiң түсiмi айтарлықтай өсті. Сонымен қатар, көмiрсутегiн қазақстандық экспорттаушылардың экспорттық түсiмдерiнiң арта түсiп отырған мөлшерi теңгенiң айырбас бағамын, сондай-ақ инфляцияға да қысымды күшейтедi. Бұл өз кезегiнде отандық тауар өндiрушiлер өнiмдерiнiң бағалық бәсеке қабiлеттілiгін төмендетуге әкеп соқтырады және де отандық өндiрушiлердiң қаржылық нәтижелерiне қолайсыз әсер етедi.
Қазiргі уақытта әлемде тұрақтандыру немесе жинақ қорлары бар онға тарта ел бар. Мұндай қорлардың қаражаты түсiмдерi кiрiстердiң негізгі баптарын құрайтын табиғи ресурстардың белгiлi бiр түрлерiне бағаның ауытқуына байланысты қолайсыз кезеңдерде бюджет шығыстарын қаржыландыру үшiн немесе сыртқы борышты өтеу үшiн, сондай-ақ басқа мақсаттарға пайдаланылуы мүмкiн. Экспорттың шикiзатқа мамандануы орын алған бiрсыпыра мемлекеттердiң тәжiрибесi бюджеттерi әлемдiк баға конъюнктурасының ықпалына ұшырауға бейiм елдер үкiметтерiнiң басы артық түсiмдердi жинақтау үшiн шикiзатқа бағаның қымбаттауы кезеңiн пайдаланып қалу мүмкiндігі бар екенiн көрсетедi.

Республикалық бюджеттің кірістері 2006 жылы 1 847,2 млрд. теңгені құрады немесе «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңда салынғаннан 9,8% жəне 2005 жылға қарағанда 7,2%-ға көп.

Республикалық бюджетке салық түсімдері 6,8%, ресми трансферттердің түсімдері 26,4% ұлғайды. Салықтық емес түсімдер 2005 жылмен салыстырғанда 13,5%, негізгі капиталды сатудан түсімдер 5,2% азайды.

Республикалық бюджеттің 1686,3 млрд. теңгеге жеткен өсуі 2005 жылмен салыстырғанда 9,7% құрады, бұл ретте ұлғаю борышқа қызмет көрсету жəне ресми трансферттер бойынша шығындарды қоспағанда шығынның барлық баптары бойынша байқалып отыр.

Республикалық бюджет профицитпен қалыптасты, оның мөлшері 54,7 млрд. теңгені құрады (2005 жылы да 46,7 млрд. теңге профицит байқалған болатын).

Жергілікті бюджеттер 2006 жылы 19,8 млрд. теңге профицитпен орындалды (2005 жылы 39,4 млрд. теңге дефицитпен), бұл ретте кірістер 37,0%, шығындар 27,7%, таза бюджеттік кредиттеу 47,2%, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 6,3% ұлғайды.

  Курстық жұмыс / 28 бет