Материалдық ресурстардың бөлігі ретінде тауарлық-материалдық қорларды басқару

Материалдық өндіріс пен құрылыста тауарлы-материалдық қорларды тұтыну көлемі үнемі өсіп келеді, бұл өндіріс көлемі мен құрылыстың артуымен байланысты, сонымен бірге материалдық ресурстар бағасы да жыл сайын өсіп келеді. Оның нәтижесінде өнімнің материал сыйымдылығы артып, жалпы шығындардағы материалдық шығындардың үлес салмағы өседі.

Өнім өндірісі жоспарын орындау мен өнімнің өзіндік құнын төмендетудің, пайда мен рентабельділік деңгейін жоғарылатудың қажетті шарттарының бірі — өндірісті қажетті шикізат пен материалдармен толық, әрі уақтылы қамтамасыз ету болып саналады.

Кәсіпорынның шикізат пен материалдармен қамтамасыз етілу деңгейі,  сатып алынған материалдардың сапасы, олардың стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестігі, өндіріс үрдісінің үздіксіз жүруі мен кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін анықтаушы факторлар болып саналады. Себебі материалдық ресурстар шығындардың елеулі бөлігін құрайтын шығын элементі, оның өзгерісі шығын динамикасы мен өнімнің өзіндік құныны үлкен әсер етеді. Сол себепті материалдық ресурстарды үнемді пайдалану мен оны пайдалану тиімділігін арттыру кез-келген кәсіпорын үшін маңызды. Сол себепті материалдық ресурстарды басқару – кәсіпорын қызметінің маңызды бөлігі [10, 207б.].

Кәсіпорынды басқару ісінде материалдық ресурстарды басқару маңызды орын алады. Материалдық ресурстар кәсіпорынның айналым қорының бір бөлігін құрайды, яғни әрбір циклде толық пайдаланылатын қаражат болып табылады және өз бағасын дайын өнім бағасына толық ауыстырады.

Кәсіпорын табысты жұмыс жасау үшін оның материалдық ресурстарды пайдалану, тарату құрылымы нақты да, жасырусыз болу қажет.

Нақты мақсаттарға жету үшін кәсіпорынның материалдық ресурстарын басқару жүйесінің комплексті талдау арқылы мүмкін, сондай-ақ материалдар, статьялар және осы тақырыпқа аналитикалық материалдар арқылы.

Материалдық ресурстардың үлкен үлесін негізгі материалдар құрайды. Оларға өнім шығаратын және негізгі құрамы болатын еңбек құралдары жатады (автомобиль жасап шығарған кезде олар – металл, шыны, мата және т.б.) қосымша материалдарға, өндірісте қызмет көрсеті процессінде тұтынылатын немесе негізгі материалдарға қосылатын материалдар жатады (майлау, қаптау, бояулар және т.б.) [11, 85б.].

Қазіргі уақытта өндірістік кәсіпорындар озық үлгідегі есептегіш техникасымен жабдықталған, солардың көмегімен кәсіпорынның сыртқы және ішкі әсер ететін факторларын ескере отырып материалдық ағынды модельдеу мүмкін болып отыр, сондай-ақ материалдық ресурстардың басқару жүйесін шығару мүмкін болып отыр.

Материалдық ресурстарды басқару жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі принциптері бар.

  1. өзін-өзі басқару
  2. ресурстарды жинау және шығынға қарсы
  3. комплекстік
  4. жеделдік
  5. ғылыми-техникалық прогреске ұқыптылық және т.б.

Айтылып кеткен принциптер бірге жұмыс жасау керек, немесе олар бірқалыпты жағдайды немесе жүйенің пайдалы жұмыс жасауын белгілейді.

Тиімсіз жағы ретінде ірі тауарлық қорының ұйымдастырылуы белгілі бір жағдайларда материалдық ресурстардың сапасына кері әсерін тигізеді және әрқашанда қажет емес, сонымен қатар шығын көбейеді және айналымдағы қаражаттың жұмыс жасауын төмендетеді.

Кәсіпорынның тиімді жұмыс жасауына және қаржылық мүмкіндігін жоғарылату шараларының ішінде айналымдағы қаражатты тиімді пайдалану маңызды орын алады. Нарықтық экономика жағдайында айналымдағы қаражатты тиімді пайдалану тіпті үлкен актуалды мәселеге айналды. Айналымдағы қаражаттың тиімді пайдалану экономикалық көрсеткіштер жүйесімен сипатталады және ең алдымен айналымдағы қаражаттың айналымдылығымен сипатталады. Айналымдағы қаржының айналымдығы деп оның ақша түрінен өндірістік қорларға айналып, дайын өнімін сатылығанына дейін бір айналымды айтады. Айналым – түскен кірістің кәсіпорын шотына түсуімен бітеді. Айналымдағы қаражаттың айналым қарқындылығы экономиканың бір саласындағы және түрлі салаларындағы кәсіпорындарда бірдей болмайды және ол өндірістің ұйымдастырылуына, өнімдерді өткізу үрдісіне және т.б. факторларға байланысты болады. Мысалы өндірістік циклы ұзақ келетін машина жасау өндірісінде айналым уақыты өте үлкен, ал тамақ және өндіруші өндірістерде айналым уақыты аз келеді [12, 176б.].

Материалдар және шикізат базасын құру үшін әржақты шешімдер бар. Негізгілері:

—                    АВС – талдау (бастапқы талдау);

—                    баллдық системамен бағалау;

—                    шикізаттар мен материалдардың бағасын талдау;

—                    шешулердің математикалық модельдері.

Осыдан шикізат пен материалдың талдау бағасын толығырақ қарастырамыз.

Тауар құнын талдау көп жағдайда тауардың тұрып қалуын және шығарылатын өнімдер құнын төмендету үшін қолданылады, мұндағы көздеген мақсат кәсіпорынның шаруашылық ахуалын күшейту және дайын өнімдерді өткізу көлемін үлкейту болып саналады.

Шикізаттар мен материалдардың бағасын талдаудың арқасында:

—                    шикізат пен материалға кеткен шығын азаяды;

—                    шикізаттан материалдарды дайындау уақыты үнемделеді;

—                    дайын өнім сапасы артады;

—                    сенімді инвестицияларға кететін шығын азаяды.

Төменде келтірілген баға талдауы кәсіпкерліктің көптеген түрлерінде қолданылады.

1. Дайындық этапында алдымен шикізат пен материалдарды зерттеудің мақсаты жасалады, ұйымдастырушылық дайындық шешімдері ұйымдастырылады.

2. Екінші кезекте өз өнімі туралы ақпарат жиналады, сонымен қатар өзара салыстыруға қажет сол өнімдер, іспеттес бұйымдар туралы ақпараттар да жиналады.

3. Келесі этапта шикізат пен материалдың нақты жай-күйін зерттеу арқылы өндірістің кем жақтары ашылады.

4. Бұдан кейін өз өнімінің сапасын арттыру туралы және өндіріс процесін жақсарту туралы ұсыныстар жасалады.

5. Бесінші этапта жасалған ұсыныстар шығын мен кіріс шамаларына қатысты бағаланады.

6. Келтірілген ақпаратардан ең тиімді, пайдалы және іске асатын шешімдер таңдалады.

7. Баға анализінің соңғы этапы ретінде таңдалған шешімді өндіріске енгізу болып табылады [11, 110б.].

Кәсіпорынның мүлтіксіз жұмыс жасауына негізгі шикізат пен материалдар қоры, көмекші шикізат пен материалдарының қоры, тез ескіретін өндіріс құралдарының қоры қажет. Мұндай шикізат пен материалдар қоры келесі шараларға қажет:

—                      келесі партияның түсу мерзіміне дейін өз өнімін шығарып үлгеру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін;

—                      шикізат пен материалдардың талабының өзгеру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін;

Осының арқасында кәсіпорындағы шикізат пен материалдардың қоры минималды және максималды мәндерінің арасында өзгеріп отырады.

Қордың минималды көрсеткіш мәні төмендегілерден тұрады:

—                     күнтізбелік қордан (бұл қор шикізат пен материалдардың жеткізілуінен, оларды қоймаға орналастырғанға дейінгі уақытты қамтиды);

—                     орналастыруға қажет уақыт (аталған шикізаттар арнайы сақтау ережелерін талап етеді және белгіленген уақыттан кейін ғана өндірістік құндылығына жетеді);

—                     технологиялық процесстерді ескеретін шикізат пен материалдар қоры (өндірістің технологиялық процесстер режимін ұстау үшін қажет);

—                     апаттық қор (күтпеген оқыс жағдайлар үшін міндетті түрде ұсталатын қор).

Негізделген минимал қордың мәні мен экономикалық және ұйымдастырушылық негізделген ең көп мәні арасындағы айырмашылық шикізат пен материалдың ағымдағы қоры болып табылады.

Шикізат пен материалдың минималды мәні тұрақты шама болып табылады, ал максимал мәні келіп түскен партияларға байланысты өзгеріп отырады (екі тапсырыс арасындағы уақыт интервалы) [13, 82б.].

Кәсіпорынның қорын ұйымдастырғанда материалдық ресурстарды нақты нәрсеге қолданылуын және олардың өндірістің жұмыс жасауына кепілдік беретініне көңіл аудару қажет. Сонымен бірге сол материалдың ресурстардың сақталуына байланысты кешігіп жеткізілулер ескерілу қажет. Осыған байланысты кәсіпорында материалдық ресурстар қорын ұйымдастырғанда тауарлы-материалдық қор шамасы мен кешігіп жеткізілген партиялар шамасының арасындағы тиімді қатынасты анықтау басты мәселе болып табылады.

Материалдық ресурстардың кешігіп жеткізілген шығындар ғана емес, сонымен бірге олардың белгілі бір өндірістік-шаруашылық жағдайларды жоқтығы да әсер етеді.

1)                 тауарлық-материалдық қорды ұйымдастырғанда, сақтағанда ең көп тараған кештетіп жеткізу факторларын қарастырайық:

—                     сауда шығындары – пайыздар,  кепілдік,  капитал салығы;

—                     сақтауға кеткен шығындар – қойманы бақылау (жылыту, жарықтандыру, қызметкерлер жалақысы және т.б.),  қордың орнын ауыстыру операциялары.

2)                тауарлық-материалдық қорларды басқаруға кеткен шығындар:

—                     басқарушы және қызмет көрсетуші персоналды оқыту;

—                     басқарушы және қызмет көрсетуші персоналды жалдау.

3)                Қордың дефицитінен, яғни жетіспеушілігінен туындаған шығындар да әр түрлі:

—                     материалдық ресурстарды жеткізу жұмыстарын жеделдетуге кеткен шығындары: өзара байланыс жүйесін ұйымдастыруға кеткен шығындар, материалдық ресурстарды тез жеткізгені үшін берілетін үстемақының шығындар; жедел жеткізуге байланысты материалдық ресурстарды аз көлемде жеткізудің әсерінен қымбаттауға жұмсалған шығындар;

—                     өндірістік бағдарламаны түзетуге кеткен, бұрыс графикпен жасалған дайын өнімдерді сатуға кеткен шығындар;

—                     сауда шығындары: кірістің азаюы және материалдық ресурстардың жетіспеушілігінен туындаған сатылатын өнімдердің азаюына байланысты үстеме шығындардың өсуі.

Ірі тауарлы-материалдық қорлардың тиімдігін және оның кемшілігін жалпылап көрсетуге болады.

Тиімді жағы тұтынушыларды өніммен қамтамасыз ету деңгейі жоғары болады және кәсіпорынның тұрақты жұмысы қамтамасыз етіледі [14, 91б.].

Айналымдағы қаражаттың айналымдылық көрсеткіші жалпы және жеке элементтері арқылы есептелуі мүмкін. Айналымдағы қаражаттың айналу көрсеткішінің өзгерісін, оның нақты мәнін жоспар бойынша берілген мәніне немесе алдыңғы периодтағы мәніне бөлу арқылы табуға болады.

Аталған көрсеткіштің айналу қарқыны үдеген сайын, айналымдағы қаражаттың артық материалдық ресурстар бөлінеді. Өз кезінде бұл қосымша қаражаттың бөлінуіне алып келеді. Керісінше, айналу қорын төмендесе, айналым қаражатына қосымша қаражат қосылады.

Айналым қаражатының айналу үрдісінің үдеуі арқасында артылған қаражат абсолютті және салыстырмалы болуы мүмкін. Абсолютті қаражат болып саналады, егер айналымдағы қаражат қалдығы нормативтен немесе алдыңғы периодтағы қалдықтан жоғары болса.

Айналымдағы қаражаттың салыстырмалы түрде артылуы болады, егер айналу үрдісінің үдеуі кәсіпорынның бағдарламасынан асып түссе және өндіріс көлемінің қарқыны айналымдағы қаражат қалдығының өсу қарқынынан жоғары болса.

Айналымдағы қаражатты тиімді қолдану көптеген факторларға байланысты. Олар сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Сыртқы факторлар кәсіпорынның әсеріне тәуелсіз болып келеді, оған: жалпы экономикалық ахуал, салық заңы, немесе алу шарттары және олардың пайыздық ставкасы, бюджеттің қаржыландыруымен жүретін бағдарламаларға қатысу, мақсатты қаржыландыру жатады. Аталған факторлардың шектеуінде кәсіпорын өз күшімен ішкі факторларға әсер етіп отырады [12, 204б.].

Қазіргі заманның экономикасында сыртқы факторларға: төленбеу дағдарысы, салықтың аса жоғары ставкасы және банк несиелерінің ставкасының жоғары болуы жатады.

Өнімдерді өткізу және олардың құнын төлей алмау нақты дағдарыстарға тап болғанда, айналымдағы қаражаттың айналу қарқыны төмендей бастайды. Алдын алу шарасы ретінде сатуға тиімсіз өнім орнына, сұранысы жоғары өнімді сатуды ұлғайту қажет. Аталған қадам арқасында айналымдағы қаражаттың артылуы ғана емес, сонымен бірге кәсіпорын активтеріндегі дебиторлық қарыздардың өсуі де тоқтатылады.

Инфляция процессі кезінде кәсіпорын – түсірген пайдасының негізгі бөлігін айналымдағы қаражатқа құйғаны дұрыс. Себебі айналымдағы қаражаттың құнсыздануы,оның пайда түсіруін төмендетеді [15, 58б.].

Айналымдағы қаражаттың жұмысына кепіл болатын резервтердің негізгі бөлігі тауарлы-материалдық қорлардың мойнына ілінген. Өндіріс саласында бұл жерде негізгі рөлді қорлар атқарады. Сонымен қатар олар өндіріс қаражатының уақытша жұмыс жасамайтын  бөлігіне жатады.

Тауарлық – материалдық қорды дұрыс және рационалды түрде ұйымдастыру, айналымдағы қаражатты тиімді қолданудың алғы шарты болып табылады. Қорларды азайтудың негізгі жолдарына: оларды рационалды пайдалану, материалдың қорлардың асқын нормативтерін ликвидациялау, нормалауды жетілдіру, жабдықтауды жақсы ұйымдастыру, жеткізушілердің сенімділерін таңдау, транспорт қозғалысын дұрыс ұйымдастыру жатады. Сонымен қатар маңызды рөлге қойма шаруашылығын жақсарту жатады.

Айналымдағы қаражаттың өңделіп бітпеген өнімде сақталу уақытын келесі жолдармен, яғни өндіріс жұмысын тиімді етіп ұйымдастыру, қолданылып жүрген техника мен технологиялардың жаңарту, негізгі қаржыландырушы қорларды қолдануды жетілдіру, қаражатты үнемдеу арқылы жетуге болады.

Айналымдағы қаражат айналымында көп мөлшерде қаражаттың болуы жаңа өнім жасауға алып келмеді. Бұл теріс болмыс. Ал бұл салаға қаражаттың артығымен шашылып құйылуын дайын өнімдерді өткізу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру арқылы, келісім-шарт құжаттарын дұрыс және нақты ұйымдастыру арқылы, олардың шарттарының орындалуын қадағалау арқылы алдын алуға болады.

Айналымдағы қаражаттың айналу қарқынының үдеуі, қосымша қаражаттың бөлінуінсіз өндіріс көлемін ұлғайтуға септігін тигізеді, ал артылған қаражатты кәсіпорынның басқа қажеттіліктеріне жұмсауға мүмкіндік береді  [12, 207б.].

Заман талабына сай нарықтық қатынастарға көшу, кәсіпорынның өндіріс инфраструктурасының жетілуін, соның ішінде материалдық ресурстардың айналымын тұрақты қамтамасыз ететін транспорт саласында дамыту қажет етеді.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкердің ең басты мәселелерінің бірі өндіріске қажет материалдық ресурстарды жеткізуші ұйымдардың ішінен ең тиімдісін таңдау болып табылады.

Сол жеткізуші ұйымдарды таңдағанда келесі факторларды ескеру қажет:

—                     тапсырушы кәсіпорын жеткізуші кәсіпорындармен келісім-шартқа отырады. Осының арқасында біржақтылық тәуелділіктен құтылады;

—                     тапсырушы кәсіпорын жеткізуші кәсіпорынмен жеңілдіктері бар келісім-шарттары болуы қажет;

—                     жеткізушілердің санын тиімді деңгейде ұстау қажет.

Материалдармен жабдықтау тәсілдері мен формалары өндірілетін өнімнің күрделілігіне, жабдықтаушы бөлшектердің құрамына байланысты.

Көп қолданылатын тәсілдер мен формаларды қарастырайық:

  1. Тауарды бір партиямен алу. Бір партияда көп мөлшерде тауар алу. Құжаттардың қарапайымдылығы, бүкіл партияға кепілдігінің болуы. Оның негізгі кемшіліктері: қойма бөлмелерінің көп мөлшерде қажеттілігі, капиталдың айналымының төмендеуі болып табылады.
  2. Аз мөлшердегі партиялармен тұрақты түрде алу. Бұл кезде капиталдың айналымы жылдамдайды, себебі тауарларға келген сайын төленеді. Қоймаларға қажеттілік азаяды. Негізгі кемшіліктері: артық тапсырыстардың пайда болуы болып саналады.
  3. Айлық сатып алу. Арзан және тез қолданылатын тауарларды алу үшін қолданылады. Артықшылықтары: сақтауға және қоймада ұстауға кеткен қаражаттың төмендеуі; капиталдың айналымының өсуі; жеткізулердің уақыттылығы.
  4. Қажет болғанда тауар алу. Бұл тәсіл тұрақты тауар жеткізу тәсіліне ұқсас, бірақ келесі ерекшеліктерімен бөлінеді:

—                           тауар саны қатаң сақталмайды, тек шамамен жобаланады;

—                    тек жеткізілген тауарға ғана төленеді;

—                     келісім-шарт мерзімі біткеннен кейін тапсырыс беруші жеткізілуге тиіс тауарға төлемейді.

Артықшылықтары:

—             белгілі бір мөлшерде тауар алу кезінде қатаң міндеттердің жоқтығы;

—             құжаттарды дайындауға минимум жұмыстың кетуі;

Жеткізушілерден тауар алу процесін және ұсыныстарды бағалау түрлі әдістермен ұйымдастырылуы мүмкін.

Ең көп тараған және тиімді әдістеріне төмендегілер жатады:

  1. Бәсекелестік сауда (тендорлар) – жүргізіледі, егер үлкен көлемде шикізат пен материалдар алынатын болса немесе екітарапты ұзақ мерзімді байланыс орнату қажет болса.
  2. Тұтынушы мен жеткізуші арасында жазбаша келісім-шарт екі әдіспен ұйымдастырылуы мүмкін:

—                    келіссөздерді жүргізу жеткізуші тарапынан ұсынылады;

—                    қызмет көрсету сапасы.

  1. Қызмет сапасына тауар сапасы және қызмет көрсетудің сенімділігі жатады. Ал сенімділігін тұтынушының қанағат ету мүмкіндігіне қарап бағалауға болады.

Жеткізушілерді таңдауда ескеретін негізгі факторлардан басқа, саны 60-тан асатын қосымша факторлар да ескеріледі:

—                    тұтынушының жеткізушіден алыстығы;

—                    ағымдағы және асқын тапсырыстардың орындалу мерзімі;

—                    жеткізуші өнімдерінің сапасын басқару жүйесі;

—                    жеткізуші коллективіндегі психологиялық климматы;

—                     жеткізілген қондырғының қызмет көрсету мерзімінде қосалқы бөлшектерді жеткізу мүмкіндігі;

—                    несиелену мүмкіндігі және қаржылық жағдайы және т.б.

  1. Қаржылық анализ және қор күйін бақылау жүйесі.

Жалпы, тауарлық қорлар – бір өндірістік циклді қамтамасыз ететін еңбек құралдары болып табылады.

Сонымен, материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігі  кәсіпорынның материалдық қорларын басқарудан да тәуелді, сол себепті  қорларды басқару – кәсіпорын қызметінің маңызды және өте жауапты бөлігі. Қорлар көлемінің оңтайлылығынан кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесі тікелей тәуелді. Қорларды ұтымды басқару капиталдың айналымдылығын жоғарылатып, оның табыстылығын арттырады, оларды сақтау шығындарын кемітеді, қаражаттың бір бөлігін айналыстан босатып, оны басқа активтерге салуға мүмкіндік береді