Қазақстан Республикасында осы күнгі қолданылып жүрген ереже бойынша кәсіпорынды жылына кем дегенде бір рет өздерінің меншігіндегі материалдық құндылықтарына түгендеу жүмысын жүргізуі керек. Түгендеу жұмысы міндетті түрде мынадай жағдайда жүргізіледі:
— жылдық есеп беру (жыл аяғында) алдында (маусыммен жүмыс істейтін қайта өндіруші кәсіпорындар, сондай — ақ дайындаушы және басқа да ұйымдар материалдар мен шикізаттарға олардың қалдығының азайған кезінде) түгендеу жұмысын жүргізе алады.
— материалдық құндылықтарды міндетті түрде түгендеу материалға жауапты адамның ауысуына байланысты, ұрлық және қиянат жасалғанда, сондай – ақ материалдық құндылықтар бұзылғанда, табиғи апат, өрт болғанда, кәсіпорын таратылғанда және (қайта қүрылғанда) тағы да басқа жағдайларда жүргізіледі.
Түгендеу жүргізу үшін кәсіпорынның басшысының бұйрығымен орталық түгендеу камиссиясы құрылады. Бүл камиссияны шаруашылық субъектісінің басшысы немесе оның орынбасары басқарады. Сонымен қатар әрбір цех, бөлімше бойынша жергілікті түгендеу комиссиясы құрылады. Оның жұмысын орталық комиссия ұйымдастырып және басқарып отырады.
Кәсіпорынның басшысының бұйрығымен түгендеу жүргізу оның басталуы және аяқталу мерзіміне жауапты адам тағайындалады. Түгендеу жұмысы материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі материалдардың түрлері және олардың сақталуы тұрған жерлері бойынша жүргізіледі. Кәсіпорында сақталып тұрған, бірақ оның өзі меншігіне жатпайтын яғни басқа шаруашылық субъектісінің немесе мекеменің сондай — ақ, жеке адамның материалдарын да түгендеу керек
Кәсіпорында активтердің дұрыс сақталып пайдалануын қамтамасыз ету үшін түгендеудің мына төмендегідей тәсілдері жүргізіледі.
— Жоспар бойынша түгендеу — жылдың басында қаңтар айында түгендеу жұмыстарының жоспары жасалып, мекеменің басшысымен бекітіледі;
-Іріктеп — бөліп түгендеу — бұл түгендеуде құрылыс материалдары, болмаса жанар — жағар май, болмаса негізгі құралдар бөлек — бөлек бақылау жүмыстарынан өткізіледі;
— Жаппай түгендеу — бұл түгендеу қызметтері негізінен кәсіпорынға жылына бір рет өткізіледі. Жаппай түгендеу жұмыстарын өткізу үшін, кәсіпорынға комиссия құрылады. Комиссияның басшысына осы кәсіпорынның директоры бекітіледі. Жаппай түгендеу жұмыстары тоқтаусыз жоспарлы түрде, жылына өткізіліп тұруы керек.
Түгендеу материалдардың сақтығын, сапалы жағдайын, бухгалтерлік және қойма есебін дұрыс жүргізуді қамтамасыз ететін бақылау әдісінің бірі. Мұны барлық меншік нысанына байланыссыз, жұмыс режиміне және қызмет түріне байланысты кәсіпорындар мен ұйымдар жүргізіледі.
Түгендеу комиссиясы №3 үлгілі түрі «Материалдарға инвентарлык жазба» жасайды. Жазбада материалдардың нақтылы бар берілгендері көрсетіледі.Инвентарлық жазба бір дана көлемінде қайта санау, қайта өлшеу, салыстыру бойынша әрбір материалдарға жауапты тұлға тобына сақталынып тұрған жері бойынша жазылады.
Инвентаризация басталмас бұрын әрбір материалға жауапты тұлғадан қолхат алынады. Әрбір материалдарға инвентарлық жазбаға бөлек аты, номенклатуралық номері, түрі, тобы, сорты, саны бойынша енгізіледі.
Түгендеу нәтижесінде анықталған бұзылған немесе жарамсыз материалдарға арнайы акт жазылады. Форманың соңғы бетіндегі комиссия мүшелерінің қолының алдындағы екі бос жолға құжаттардың соңғы номері жазылады. Бұл тек инвентаризация кезінде материалдардың қозғалысы болса ғана жасалады.Егер есепте көрсетілмеген материалдар табылса, онда оларды да түгендеу жазбасына қосады.Бұл инвентарлық жазба жазылып болған соң бухгалтерияға салыстыру ведомісін жасау үшін топтастырылады.
Ереже бойынша материалдардың инвентаризациясы, олардың ғимарат ішінде орналасу реті бойынша жүргізіледі және де инвентаризация кезінде олардың орнын ауыстыруға жол берілмейді. Тексеруден кейін комиссия ғимараттың есігіне пломба салып, келесі ғимаратқа көшеді.
Комиссия мүшелерінің үйғарымымен камиссия құрамына қоймашы және басқадай материалдарға жауапты тұлғалар қатыстырылып міндетті түрде кұндылықтардың барлығын қайта санау, қайта өлшеу тиіс.
Жазбаны материалдарға жауапты тұлғаның ауызша айтуы бойынша толтыруға жол берілмейді.
Егер түгендеу жүргізіліп жатқан кезде материалдар келіп түссе, онда оны материалға жауапты тұлға комиссия көзінше қабылдап, инвентаризациядан кейін реестр немесе тауарлық есеп бойынша кірістейді. Бұл материалдар бөлек «Түгендеу кезінде келіп түскен материалдар» атты жазбада кірістеледі. Бұл жазбада қашан, кімнен келіп түскендігін, күні, кіріс құжатының номері, құндылық аты, саны, бағасы және сомасы жазылады. Ал, егер де түгендеу үзаққа созылып, материалдарды босату керек болған жағдайда кәсіпорын басшысы немесе бас бухгалтердің жазбаша рүқсатымен комиссия мүшелерінің көзінше босату. Бұл материалдарға да бөлек «Түгендеу кезінде босатылған материалдар» атты жазба жазылады.Егер осы кәсіпорынның жауапкершілігінде табылатын, бірақ иесі басқа кәсіпорын болып табылса, бұл материалдарда осы кәсіпорын меншігіндегі құнмен бірге түгенделеді. Бұл құндылықтарға да №5 үлгілі түрде «Жауапты сақтауға алынған құндылықтар» атты жазба жазылады.
Жолдағы ақшасы төленбеген, басқа кәсіпорын қоймасындағы, тиеліп кеткен материалдарға да мұқият көңіл бөлуі тиіс. Бұндай материалдарға сомасын дәлелдеп беретін құжаттар рәсімделуі керек; жолдағы материалдарға — шот төлем — талабы немесе осы құжатты алмастыратын жеткізуші құжаты болуы шарт, тиелген материалдарға сатып алушының счет — фактура көшірмесі көрсетуі тиіс, кейінге қалдырылған төлемге банк құрылтайшысының міндет дәлелдемесі, басқа кәсіпорын қоймасындағы материалдарға түгендеу күніне жақын жазылған қолхаты керек.
Қайта бағалау жоспарлық және есептік берілгендердің бірегейлігі мен дәлдігін, материалдық есепте нақты көрсетілуін, өндіріс шығындарын, кәсіпорынның рентабельділігі мен қаржылық нәтижелерін анықтауға мүмкіндік береді.Шаруашылық субъектісінің материалдарын Мемлекеттік Статистика органдарымен бекітілген инфлияция коэффицентінен тыс бағалауына мүмкіндігі бар. Бұл тек мына жағдайда ғана орын алуы мүмкін, егер кәсіпорынның материалдарының құны нарықтық бағадан айырмашылығы болғанда ғана.
Материалдарды бағалауда 20 «Материалдар» бөлімінің шоттары дебеттеліп, 5320/543 «Басқада қосымша төлебеген капитал» шоты кредиттеледі. Кейбір кәсіпорындарда нарықтық тауарларға толуына және маусымдық сатылу мерзіміне байланысты қайта баға қою мүмкіндігі туып жатады. Мұндай жағдайда 5320/543 «Қосымша төленбеген капитал» шоты дебеттеліп, 20 «Материалдар» бөлімінің шоттары кредиттеледі.
Материалдарды қайта бағалау түгендеу жүргізудің ізі болып саналады. Түгендеу жазбалары материалдарды қайта бағалаумен бағалауға қызмет етуші құжат болып табылады. Қазіргі кезде шаруашылық субъектілері материалдардың әр түрін қолданады. Осыған байланысты материалдардың белгілеріне қарайтопталуы керек.
Бухгалтерлік есепте материалдар былай топталады:
1.Өндіріс процесіндегі рөлі мен мақсаты,
2.Техникалық қасиетіне байланысты.
Өндірстік процесіндегі рөлі мен мақсатына қарай шикізаттармен материалдар деп бөлінеді.Шикізаттар–бұл кен өнеркәсіптерінен алынған және ауылшаруашылығынан алынған қайта өңдеуді талап етеді.Материалдар –бұл алдын-ала өнеркәсіптік өңдеуден өткен өнімдер болып табылады.