Шикізаттар мен материалдар — өнімдіі әзірлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу (дайындау) кезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи шикізаттардың құны, арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі.
Көмекші материалдар – тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материалдың шығыны. Бұндай көмекші материалдардың құны белгеленген шығыс нормасы бойынша өнімнің өзіндік құнына енеді. Ол үшін өнім бірлігіне есептелген сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін.
Бақылауды жүзеге асыру үшін прогрессивтік , техникалық жинақталған шикізаттар мен материалдар шығындарының өңделген нормалары қажет.
Материалдық босалқыларды өндіріске босату белгіленген мөлшерлі лимитті-заборлық карта бойынша , ал нормадан тыс немесе бір материалдардың орнына екінші материалды ауыстырғанда бір жолғы талаптар немесе басқа құжаттармен –кәсіпорын басшысының рұқсатымен жүзеге асрылуы қажет.
Бірақ қоймадан цехтарға босатылған материалдар нақты шығындар болып табылмайды, есепті кезеңнің соңында цехтарда пайдаланылмаған шикізаттар мен материалдар қалуы мүмкін.
Есепті кезеңнің соңында цехтарда өңделмей қалған материалдар мен шикізаттар қоймаға наклодной бойынша қайтарылуы тиіс.Пайдаланылмаған цехтардан қоймаға қайтарылған материалдық босалқылардың құны лимитті –зоборлық карта және талап құжаттарының негізінде өндіріске жіберілген материалдардың құнынан шегеріледі.
Нақты шығын келесі жолмен анықталады: ай басындағы цехтардағы пайдаланылмаған қалдық материалдар азайтылған (-) ай соңындағы цехтағы материалдар қалдығы есепті кезең ішінде қоймаға қайтарылған материалдар. Кәсіпорында материалдардың өндіріске босатылуына ғана бақылау жасап қоймай, сонымен бірге олардың тиімді пайдалануын қадағалау қажет.Оның мәні нақты материалдық шығындарды , нақты шығарылған өнімдердің көлемімен салыстыру және белгіленген нормадан ауытқуды анықтап, олардың себебі мен оған кінәлілерді табу .
Бақылау тәсілдері пайдаланылған материалдардың , технологияның
және өндірістің ұйымдастырылу ерекшелігіне байланысты болады. Олардың кеңірек тарағандары: нормадан ауытқуды құжат жүзінде көрсету, түгелдеу әдісі, топтамалық пішу.
Нормадан ауытқу құжат жүзінде көрсету тәсілі- материалдың бір түрін екінішсімен ауыстырғанда, пайда болған ауытқу кезінде, белгіленген нормадан тыс материалдарды босатқанда, оларғы қайта шығын шығару кезінде, өнімдерде ақау пайда болады және т.б. жағдайларда қолданылады.
Осы тәсілдің мәні-нормадан тыс материалдарды босатқанда немесе ауыстыру кезінде, жеке құжаттар толтырылады, яғни ол белгіленген нормадан ауытқу жөнінде хабар береді.
Кәсіпорынның кейбір салаларында шикізатттар мен материалдарды өндіске босатқанда құрылымдық жылжудың нәтижесінде ауытқу пайда болады.
Олар алдын-ала жасалған есептеу тәсілімен анықтылады, яғни ол нормадан ауытқудың құжат жүзінде дайындау тәсілінің әр түрлілігін көрсетеді.
Сондықтан технологиялық нормалар бойынша жиынтықтағы барлық нақты тиелген қоспаларды материалдардың әрбір түрі , сорты, маркасын жалпы тиелгендерге пайыздық қатынасына көбейту жолымен анықтайды.
Есепті кезеңнің соңында белгі беретін құжаттардағы көрсеткіштердегі шығындар бойынша жиынтықтар, олардың пайда болу себептері бойынша қайта шығын жұмсау көлемін анықтауға мүмкіндік береді.
Топтамалық пішу әдісі дайындау және басқа да өте тапшы , ұзақ тұратын материалдарды жұмыс орнында кесу, пішу жүзеге асырылатын
өндірістерде қолданылады: металл, тері, мата , ағаш. Бұл тәсіл кесілетін материалдардың әрбір партиясына ашылған, есеп картасында өндіріс
шеберлерімен жүзеге асырылады.
Есеп картасында кесілетін материалдардың саны, бір дайындау партиясының мөлшері және осы партиядан алынуға тиісті дайындамалар мен қалдықтар саны. Кесу жүзеге асырылған соң , есеп картасына осы партияда дайындалған нақты дайындаманың саны және алынған қалдықтар жазылады. Кесу нәтижесін білу үшін нақты алынған дайындама санын және қалдықтарды материалдардың нормативтік шығындарымен салыстырылады, нақты жасалған дайындама санын шығын нормасына көбейту жолымен анықтайды.Нормадан ауытқуды нақты материалдар шығындарын нормативпен салыстыру арқылы анықтайды. Ұқсас бақылау қалдықтарға да қатысты жүзеге асырылады.Әрбір материалдың түрі бойынша нормадан ауытқуды жоғарыда айтылған тәсілдермен анықтау мүмкін болмағанда, түгелдеу әсілі қолданылады.
Оның мәні мынада: нақты кезеңдік материалдық шығындарды анықтау үшін жұмыс орындарындағы пайдаланылмаған материалдар қалдықтарына түгелдеу жүргізіледі.
Нақты материалдық шығындарды – есепті кезең басындағы қалдыққа есепті кезең ішінде келіп түскендерді қосып, одан осы кезеңдегі қоймаға қайтарылғандары эәне есепті кезең соңындағы қалдықты шегеріп анықтайды.
Норма бойынша шығындарды – дайындалған бұйымдардың немесе шалафабрикаттардың санын шығын нормасына көбейту арқылы анықтайды. Ауытқу әрбір материалдар түрлері бойынша нақты шығындарды нормативпен салыстыру жолымен анықтылады.
Өндіріске жұмсалған материалдарды шығындарға шығару, кәсіпорын басшысы бекіткен есеп беруге тиісті тұлғаның есебінің негізінде жүргізіледі.
Осы есептің және оған тіркелген бастапқы құжаттардың негізінде бухгалтер шығын бағыттары бойынша материалдарды бөлу ведомасын жасайды..
Тағы рефераттар:
- Менеджмент жүйесінің нәтижелілігі мен тиімділігін жақсарту кезіндегі үдерістік ықпал
- Қазақстанда құрылған шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуы
- Қазақстан Республикасында Шағын және Орта бизнесті мемлекеттік қолдау және оның дамуы
- Арнаулы салық режимдері
- Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін оңайлату