Өмірі туралы мәлімет. Көңіл-күй тақырыбындағы лирикалық өлеңдері. «Еңлік — Кебек», «Абылай» атты поэмалары (қолжазба күйінде сақталған).
«Медғат – Қасым» поэмасының романтикалық көркемдік әдіс тұрғысындағы ерекшеліктері. Қасым, Сәлім мен Ғазиза бейнелері арқылы кек пен махаббат сезімдерінің жырлануындағы көркемдік шешім мәселелері. Поэмадағы ақын қолданған көркем тіл мен бейнелілік мәселелері.
Қосымша (өз бетінше) оқуға ұсынылатын:
Көкбай Жанатайұлының (1864-1927), Ақыт Үлімжіұлының (1868-1940), Жүсіп Ешниязұлының (1871-1927) шығармашылық мұрасы.